Бас мәзір

Жедел жағдай

2018
Қыркүйек
MoTuWeThFrSaSu
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

 

Департаменттің сенім

телефоны

8(7132) 54-50-25

Өзіндік қауіпсіздік

тобының сенім телефоны

8(7132) 55-00-30

БІРЫҢҒАЙ

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
1402

Интерактивті сұрақ

Сіз біздің ұйым жұмысының нәтижелерін қалай бағалайсыз?
 

Авторизациялау



Есептегіш

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2171
mod_vvisit_counterКеше6490
mod_vvisit_counterБір аптада35247
mod_vvisit_counterБір айда122596
mod_vvisit_counterӨткен айда139931
mod_vvisit_counterБарлығы4373744

ban kaz

Жаңалықтарға жазылу

Сайт бойынша iздестiру

prezident
 
 
 
resizei
kyzmet
 

 

 

 

 

 

 

kabildau

   

Негізгі бет Қызмет Есептер және баяндамалар
Есептер және баяндамалар PDF Басып шығару E-mail

Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің
2015 жылғы жедел – қызмет жұмысының қорытындысы туралы

Ақтөбе облысының ТЖД бірқатар функцияларды жүзеге асырады, оның ішінде бастылары – азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, өрт қауіпсіздігі мен азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, сонымен қатар халыққа азаматтық қорғаныс саласында білім беруді ұйымдастыру және насихаттау.
Департамент құрамына кіретін бөлімшелер:
- 1 Ақтөбе қалалық ТЖ басқармасы;
- 12 аудандық өрт сөндіру бөлімдері;
- «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, оның өзінің 5 қалалық, 12 аудандық өрт сөндіру бөлімдері мен 3 өрт сөндіру бекеттері (Ембі қ., Темір қ., Қарабұтақ) бар.
- «Жедел-құтқару жасағы» ММ, оның 3 құтқару станциясы, 1 кинологиялық қызметі, медициналық-психологиялық және радиохимиялық қорғау қызметтері бар.
- Сонымен қатар жедел бағынысты «Апаттар медицинасы орталығы» АҚ АФ мен «Өрт сөндіруші» АҚ АФ мекемелері бар.
Барлық аталған бөлімшелер оқиға орнына жедел және кәсіби түрде жетуге, өрттерді сөндіруді ұйымдастыруға, зардап шеккендерді құтқаруға, алғашқы көмек көрсетуге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи техникалармен жабдықталған. Осылардың бәрін орындауға штат бойынша 800-ден астам өрт сөндірушілер мен құтқарушылар лауазымы және 132 бірлік құтқару техникалары қарастырылған.
Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардан басқа бізде әр түрлі қызметтерді атқаратын әкімшілік мемлекеттік қызметшілер (17) мен азаматтық қызметшілер (106) жұмыс жасайды.
Өздеріңізге мәлім, жедел травмотология мен хирургияда «1 сағаттық алтын уақыт» деген түсінік бар, жедел медициналық көмек көрсету аталмыш уақыт аралығында жарақаттан қазаға ұшырауды азайтуға ықпал етеді.
Облыс аумағы бойынша республикалық маңызы бар автокөлік жолдарында 3 күре жолдағы медициналық-құтқару пункті жұмыс жасайды (Қарабұтақ а., Қалыбай а., Қандыағаш қ.), оларда 30 дәрігер-құтқарушылар мен заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандырылған 3 реанимобиль кезекшілік атқарады. Қажетті дәрі-дәрмек қоры қарастырылған.
Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымын дамыту мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылды:
- 2013 жылы ТЖ алдын алу және жою саласында мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау мен Азаматтық қорғау қызметкерлерін алғашқы дайындықтан өткізу үшін Департаменттің Өңірлік оқу орталығы ашылды.
2015 жылдан бастап Орталықта жергілікті полиция қызметкерлері де оқытылуда;
- республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары есебінен алты өрт сөндіру депосының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіліп, 17 дана техника сатып алынды.
Автопаркті нығайту мақсатында 2014 және 2015 жылдар аралығында Мемлекеттік материалдық резерв комитетінен 8 бірлік қар тазалайтын техникалар алынды;
- Ақтөбе қаласында орталық суда құтқару станциясы салынып, пайдалануға берілді.
Хромтау қаласында тағы бір суда құтқару станциясы құрылысының жобалау-сметалық құжаттамалары аяқталуға жақын;
2015 жылдың соңында 6 шығысқа арналған өрт сөндіру депосы қолданысқа берілді;
- Департамент жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып ықшамдалған тәулік бойғы кәсіби өрт сөндіру бекеттерін құру жұмыстарын жүргізуде;
- 242 ерікті өртке қарсы құралымдар құрылған, олардың құрамында 3000-нан астам еріктілер бар. Орман, дала өрттері мен жану жағдайларының 90 пайызы осы құралымдардың күшімен сөндірілетінін атап өткім келеді.
Азаматтық қорғау саласындағы Департаменттің жұмысы жергілікті атқарушы органдармен өзара тығыз әрекеттесу арқасында жүргізілуде.
Департамент пен оның аудандық бөлімшелері ТЖ алдын алу және жою комиссияларының қызметін ұйымдастырады және өткізеді, барлық деңгейдегі әкімдер аталмыш комиссиялардың төрағалары болып табылады. Бұл - кез келген маусымның ерекшеліктерін ескере отырып облыс көлемінде алдын алу шараларының жалпы стратегиясын қалыптастыру бойынша жұмыс жасайтын нақты үйлесімді механизм. Мұнда қысқы, су тасу, өрт қауіпті, суға шомылу кезеңдеріндегі ТЖ алдын алу және жою, Азаматтық қорғаныс мәселелері қаралады.
Мысалы, газ құрылғыларын пайдалану және қолдану ережелерінің сақталмауына байланысты ТЖ туындауын болдырмау мақсатында Департамент ТЖК отырысында газ құрылғылары мен жылыту пештерін қолдануды бақылау бойынша инспекция құру туралы ұсыныс енгізді. Аталған жұмыс нәтижесі бойынша энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы құрамында аталмыш инспекция қызметімен айналысатын (3) штат бөлінді.
Алдын алу сипатындағы іс-шаралар туралы халықты ақпараттандыру және оқыту мәселелеріне де көп көңіл бөлінеді.
Біздің үйлесімді жұмыстарымыздың арқасында 2015 жылы БАҚ 1500-ден астам сөз сөйлеулер ұйымдастырылды.
66 аудио және бейнеролик дайындалып, телелдидар және радио арқылы, сонымен қатар адамдар көп шоғырланатын орындарда көрсетілуде.
Алдын алу сипатындағы аудиороликтер қаланың 40 жерінде – аялдамаларда, сауда үйлері мен бизнес орталықтарында және т.б. берілуде. Сондай-ақ тұрғындар арасында 114 мыңнан астам бүктемелер мен жаднамалар таратылды.
Облыс тұрғындарын ұялы байланыс операторлары арқылы уақытылы ақпараттандыру үшін («Кселл» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС, «Алтел» АҚ) 2015 жылы абоненттерге алдын алу сипаттағы СМС-хабарламалар 68 рет жіберілді.
Облыс аудандарында ауа райы мен қалыптасқан жағдай туралы ақпаратты халыққа жеткізу үшін теле радио арналарын ұстаудан басқа, орталық мешіттер мен мәдениет үйлерінің дауыс зорайтқыштары да қолданылуда.
Облыстағы оқушылармен интерактивті сабақтар, тұрғындармен жиналыстар өткізу және аулаларды аралау тұрақты түрде өткізіледі.
ІІД қызметкерлерімен бірлесіп 393 рейд ұйымдастырылып, қоғамға жат өмір салтын ұстанатын (бейәлеуметтік) 3000 адам қамтылды, сонымен бірге тұрғындардың қауқары аз топтарының 13 тізімі құрылды (оның есебінде 16 683 адам бар).
Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және алдын алу шаралары да жүргізілуде.
Облыс әкімінің қолдауымен «Жас құтқарушы» клубы құрылып, онда оқушылар өрт немесе басқа да төтенше жағдай туындаған жағдайдағы іс-қимыл бойынша қажетті білім деңгейлерін жетілдіріп, өрт сөндіру және авариялық-құтқару құралдарын пайдалануды үйренеді.
Мұндай үйірмелер қазіргі кезде 1200 баланы қамтыған облыстағы 102 мектепте ұйымдастырылды. Кәсіби құтқарушылар балаларды жүзуге үйрету жұмыстарын да белсенді түрде жүргізіп келеді.
Бұл жерде 2015 жылдың нәтижесі бойынша Департаменттің Жедел құтқару жасағы құтқару бөлімшелері арасындағы республикалық конкурста үздік болып танылғанын атап өткім келеді.
2015 жылы ТЖД құтқарушылары 2 785 авариялық –құтқару және басқа да қауырт жұмыстарға шықты, оның 692-сі - өрттер.
Нәтижесінде 390 адам құтқарылды, ТЖ аймағынан 1 254 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 124 зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілді.
2015 жылы күре жолдағы медициналық құтқару пункттері 56 рет жол-көлік оқиғаларына шығып, 116 зардап шегушіге медициналық көмек көрсетті.
Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау маңызды бағыт болып табылады.
Облыс әкімдігімен бірлесе отырып халықты жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету және қорғану құрылыстары қорын дайындықта ұстау шаралары жүргізіледі.
Қалада және облыс аудандарында қызметтер арасындағы өзара іс-қимылды пысықтау үшін кешенді оқу-жаттығулар ұйымдастырамыз және өткіземіз.
Құлақтандыру жүйесін тексеру және халықты оқыту мақсатында әр айдың екінші сейсенбісінде теле-радио арналарын ұстау және электр сиреналарын қосу арқылы халықты «ТЖ кезіндегі іс-қимыл ережелері туралы» ақпараттандыру үшін «Баршаның назарына!» бірыңғай дабылы беріледі.
Департаментте кадрлармен жұмысқа ерекше көңіл бөлінеді.
Департамент бөлімшелерінде заңдылық пен қызметтік тәртіпті нығайту мақсатында құқық қорғау органдарының өкілдерін қатыстыра отырып жедел кеңестер, дөңгелек үстелдер, дәрістер мен сабақтар өткізіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерінде құзыретті мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес мекемелермен өзара іс-қимыл реттелген.
Жеке құрамның патриоттық тәрбиесіне, «жауынгерлік» тәжірибе мен тәлімгерлік мәселесіне баса назар аударылады.
Айта кеткен жөн, өткен жылы Ақтөбе қаласындағы №2 өрт сөндіру бөлімінде 1983 жылы Ақтөбе элеваторында орын алған өртті өндіру барысында ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші Жанабергенов Рахымжан Қалымжанұлына мемориалдық тақта орнатылды.
Біздер жыл сайын «өрт қауіпсіздігі инженері», «Азаматтық қорғау» және «ТЖ саласындағы маман» мамандықтары бойынша мамандар даярлайтын ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына үміткерлерді іріктеу үшін жоғарғы сынып оқушылары арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргіземіз.