Бас мәзір

Жедел жағдай

2019
Қараша
MoTuWeThFrSaSu
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

 

Департаменттің сенім

телефоны

8(7132) 54-50-25

Өзіндік қауіпсіздік

тобының сенім телефоны

8(7132) 55-00-30

БІРЫҢҒАЙ

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
1402

Интерактивті сұрақ

Сіз біздің ұйым жұмысының нәтижелерін қалай бағалайсыз?
 

Авторизациялау



Есептегіш

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін8068
mod_vvisit_counterКеше12597
mod_vvisit_counterБір аптада42802
mod_vvisit_counterБір айда146944
mod_vvisit_counterӨткен айда379717
mod_vvisit_counterБарлығы6896719

ban kaz

Жаңалықтарға жазылу

Сайт бойынша iздестiру

prezident
 Президент Жолдауы
forum
 
 
resizei
kyzmet
 

 

 

 

 

 

 

kabildau

   

Негізгі бет Қызмет Ресми сөз сөйлеулер
Ресми сөз сөйлеулер PDF Басып шығару E-mail

15.03.2019

Үлкен су қарсаңында

Ақтөбе азаматтық қорғау гарнизонының алдағы су тасқыны кезеңіне дайындығы туралы 14 наурызда облыстық табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ алдын алу және жою комиссиясының отырысында Ақтөбе облысының ТЖД бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Бауыржан Сыздықов баяндады.
Облыста көктемгі су тасқынына дайындық және өткізу бойынша қажетті жұмыстар жүргізілуде. Тиісті іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді. Облыстық, қалалық және аудандық су тасқынына қарсы комиссияның құрамы мен міндеттері анықталды.
Жалпы соңғы 2 жылда әкімдіктер су тасқыны қаупі бар өзендердің түбін тереңдету, жағалауды бекіту және тазалау (63,9 км.) жұмыстары жүргізді. Су бұру каналын салынып (6,5), күрделі жөндеу жүргізілді (21,6), уақытша қорғаныс бөгеттері салынып (4,1), елді мекендердің айналасы нығайтылды (11,1), дренаж жүйелерін салу (12) және жөндеу жұмыстары жасалды.
Ырғыз және Қарғалы аудандарында су тасқыны қаупі бар өзендерді нығайту бойынша жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесінде 8 елді мекенде су тасқыны құбылыстарының пайда болу қаупі сейіліп, облыс бойынша қауіп-қатер аймағында орналасқан елді мекендердің жалпы саны 42-ден 34-ке дейін төмендеді.
Облыс аумағында су тасқынына қарсы 13 штаб құрылды, оған ағымдағы жылдың 11 наурызы күнгі жағдай бойынша тұрғындардан 36 өтінім келіп түсті, 13 721 м3 су сорылып, 73,8 тонна инертті материал жеткізілді, оның барысында жеке құрамнан 217 адам, 1 мотопомпа, 81 бірлік су сорғыш және 43 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Су тасқыны жағдайы шиеленіскен жағдайға облыстың азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарының жалпы саны 2 165 адамнан, 732 бірлік техникадан, 105 бірлік жүзу құралдарынан, 214 бірлік мотопомпалардан тұратын топ құрылды.
ТЖ комиссиясының отырысы аяқталғаннан кейін брифинг өтті, онда ТЖ департаментінің бастығы республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.
Бұдан бір күн бұрын «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының «Рейтинг» бағдарламасында Бауыржан Мәдіұлы журналистердің ғана емес, телекөрермендердің де сұрақтарына толық жауап берген болатын. Тікелей эфирдегі бір сағаттық бағдарлама барысында ақтөбеліктер су тасқыны кезеңіне дайындық, тұрғын үй секторындағы өрттер, автокөліктегі өрттер бойынша толық ақпарат алды. Сонымен қатар су тасқыны кезіндегі судағы қауіпсіздік тақырыбы қозғалды. Ақтөбелік мектеп түлектерінің КТИ оқуға түсу жағдайларына ерекше назар аударылды.

Ақтөбе облысының ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

27.12.2018

Тұрғындар сұрақтарына тікелей эфирде жауап алды

2018 жылғы 29 қарашада облыстық «Aqto'be» тереарнасының тікелей эфирінде «Открытая студия» бағдарламасының қонағы болып Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Бауыржан Мәдіұлы Сыздықов қатысты.
Тікелей байланыста өткен бұл бағдарламада, Бауыржан Мәдіұлы 2018 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша есептік мәліметтерді жеткізді, оған сәйкес авариялық-құтқару жұмыстарына 239 шығулар жүргізілген, 732 адам құтқарылған және 1119 адам қауіпсіз аймаққа көшіріліп, 193 зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілген.
Бұдан бөлек, қысқы кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу, сонымен бірге төтенше жағдайларды жоюға арналған күш пен құрылымдар жағдайы мен материалдық-техникалық қамтамасыздандырылу бойынша ақпараттар жеткізді. Барлық тереарна көрермендерін өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігін сақтауға және судағы іс-әрекет қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырды.
Сонымен бірге, алдын ала Департаменттің әлеуметтік желілерінде орналастырылған хабарламаға сәйкес тұрғындардан сұрақтар қабылданып, бағдарлама барысында оларға тиісінше жауаптар айтылды. Тұрғындар арасында келіп түскен сұрақтар, қысқы кезеңдегі қауіпсіздік пен құтқару жұмыстары туралы болса, енді бірі құтқарушы болудың талаптары туралы сұрақтар жолдаған. Өрт сөндіруші және құтқарушы болуды қалайтындар үшін Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау органдары үшін кәсіби кадрлар дайындайтын институт – ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына түсуге кеңес берді.
Сонымен қатар, тікелей эфирде де телефон желісі мен «WhatsApp Web» әлеуметтік желісі арқылы тұрғындар сауалдарын қоюға мүмкіндік алды, оларға басшылық тарапынан нақты жауаптар берілді.
Бұдан бөлек, азаматтар Департаменттің ведомстволық сайтында 2015 жылдан бастап жұмыс жасайтын «Сұрақ/Жауап» айдарына өз сұрақтарын жолдай алады. Барлығы 39 сұрақ қабылданған болса, олардың арасында өрт қауіпсіздігі мен кадр жұмысына қатысты сұрақтар бар.

Ақтөбе облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

10.08.2018

ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ХАЛЫҚПЕН СӨЙЛЕСУ

2018 жылғы 08 тамызда облыстық «Aqtobe» тереарнасының тікелей эфирде өтетін «Рейтинг» бағдарламасының қонағы болып Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Бауыржан Мәдіұлы Сыздықов қатысты.
Бағдарлама барысында су объектілеріндегі және орман мен дала аймақтарындағы өрт қауіпсіздігі сияқты маңызды сұрақтар, сонымен бірге тағы бір өте маңызды сұрақ тұрғын секторлары мен автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау бойынша әңгіме қозғалды.
Бауыржан Мәдіұлы 2018 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша есептік мәліметтерді жеткізді, оған сәйкес зардап шеккендар саны 116 болса, оның ішінде қайтыс болғандар саны – 75. Авариялық-құтқару жұмыстарына 1329 шығулар жүргізілді, 460-тан астам адамдар құтқарылды және 500-ден астам адамдар қауіпсіз аймаққа көшірілді, 79 зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Сонымен бірге, 2017 жылғы құтқару жұмыстары барысында 770 адам құтқарылып, 3700-ден астам адамдар қауіпсіз аймаққа көшірілгені туралы айтты.
Бұдан бөлек, қысқы және өрт қауіпті кезеңдердегі төтенше жағдайлардың алдын алу, сонымен бірге төтенше жағдайларды жоюға арналған күш пен құрылымдар жағдайы мен материалдық-техникалық қамтамасыздандырылу бойынша ақпараттар жеткізді. Барлық тереарна көрермендерін өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігін сақтауға және судағы іс-әрекет қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырды.
Ал, өрт сөндіруші және құтқарушы болуды армандағандар үшін Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау органдары үшін кәсіби кадрлар дайындайтын жалғыз институт – ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына түсуге кеңес берді.
Сонымен қатар, тікелей телефон желісі мен «WhatsApp Web» әлеуметтік желісі арқылы тұрғындар сауалдарын жолдап басшылық тарапынан нақты жауаптар берілді.

Ақтөбе облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

01.06.2018

Азаматтық қорғау туралы теледидар бетінде

«Мансап» - мемлекеттік қызмет ұйымдарының жұмысы туралы көрермендерді таныстыратын, олардың тапсырмалары мен орын алатын мәселелері жөнінде баяндайтын «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының бағдарламасы. Бұл бағдарламаны құру ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқарлыққа іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ойы және ақтөбеліктер арасында үлкен сұранысқа ие.
«Мансап» бағдарламасының кезекті санының қонағы Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Б.М.Сыздықов болды.
Бағдарлама барысында әңгіме әскерилер, өрт сөндірушілер, медицина қызметкерлері, психолог және құтқарушылар туралы – ол дегеніміз табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін «құтқарушылар» туралы болды.
Ең алдымен, Департамент бастығы азаматтық қорғау қызметі туралы түсінік беріп, оның басты бағыттары мен Департамент атқаратын жұмысы туралы айтты. Және, әрине, құрылымдық және ведомсолық бағынысты бөлімшелері туралы айтты. Сонымен бірге, 2017 жылғы құтқару жұмыстары бойынша ақпаратты жеткізді. Жұмыстар барысында жеке құрам күшімен 770 адам құтқарылған және 3700 адам эвакуацияланды. 76.млн теңге соммасында материалдық құндылықтар құтқарылды.
Журналисттің азаматтық қорғау органдарына түсу туралы сұрағына Бауыржан Мәдіұлы «құтқарушыларға» қойылатын басты талаптарды айтып жауап берді. Талаптар өз дәрежесінде өте қатал. Және осындай қатал талаптар мемлекет қызметшілердің -мемлекеттік жүйенің бет бейнесі, Президент ойларын шындыққа айналдыратын адамдар енендігімен байланысты.
Сонымен қатар, әңгіме барысында Департамент бастығы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының орындалуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыстар, хабарлама алған сәттегі халықтың іс-әрекеті және Әдеп кодексі талаптарын сақтау туралы әңгіме өрбіді. Ал, бала кезінен өрт сөндіруші және құтқарушы болуды армандағандар үшін Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау органдары үшін кәсіби кадрлар дайындайтын жалғыз институт – ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына түсуге кеңес берді.

Ақтөбе облысының ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

19.10.2016

Құтқарушы - бұл өмір сүру салты

Азаматтық қорғау органдарына – 21 жыл.

21 жыл – атаулы күн емес, межелі кезең. Егер 20 жылдық мерейтой бұған дейін жүріп өткен жолды талдау арқылы жасалған жұмыстар ауқымын мұқият зерделеуді және ұғынуды талап етсе, Азаматтық қорғау жүйесі табан тіреген үшінші онжылдықтың алғашқы жылы бізді болашаққа ұмтылдырады.
Өткен күн мен бүгіннің арасындағы уақытты саралар болсақ, от пен судың арасында өз өмірлерін бәйгеге тіккен бүгінгінің қаһармандарының күнделікті өмірі қауырт, күрделі екені даусыз. Ағымдағы жылдың 9 айында Департаменттің аумақтық бөлімшелері барлығы 1729 авариялық құтқару және басқа да кезек күттірмейтін құтқару жұмыстарына шығып, 468 адам өмірін құтқарды, 4088 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, зардап шеккен 206 адамға дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетілді.
Ағымдағы жылдың басы Ақтөбе облысының құтқарушылары үшін өте ауыр болды, олардың беріктігі бірнеше рет сынға түсті. Аязды және қарлы қыс күре жолдардағы қозғалысты тіпті қиындатып жіберді. Құтқарушылар болса құрсауында қалғандарға күн сайын көмек қолын созды. Екі ауданда бірнеше күнге созылған боран салдарынан аудан әкімдерінің шешімдерімен жергілікті масштабтағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
Осындай күрделі сәтте өрт сөндірушілер, құтқарушылар, полиция қызметкерлері, әскери қызметшілер, медициналық қызметкерлер және басқа да мамандар бірлесіп еңбек етті. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия, жұмылдырылған органдардың басшылары белсенді қызмет атқарып, алға қойылған міндеттерді дұрыс және жылдам шеше білді. Бастысы – адам өлімі орын алған жоқ. Материалдық және басқа да шығындар барынша азайды.
Қыс мезгілінде барлығы 139 авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді (2014-2015 жылдармен салыстырғанда 5 есе артқан), 732 адам құтқарылып (өткен қыста – 98 адам, 7,5 есе артқан), 2 989 адам эвакуацияланды (өткен қыста – 341 адам, 8,7 есе артқан).
Әрине, проблемалар да кездесті. Дер кезінде қажетті күштер топтары қалыптаспаған кездер болды. Кей кезде тамақтандыруды ұйымдастыру және зардап шеккендерге қолдау көрсету кідіріп қалған жағдайлар да орын алды. Алайда, бұл кемшіліктер тез жойылып, адамдар қажетті нақты көмекке қол жеткізді.
Көктемде су тасқынына байланысты міндеттер қолға алынды. Бұған алдын ала дайындық жұмыстары жүргізілді: ақпан айында төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысы өткізіліп, жергілікті атқарушы органдарға су тасу кезеңін қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету мәселесі бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Аталмыш кезеңде құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып 278 мың текше метр еріген қар суын тартып, 6 мың тоннадан астам инерттік материал жеткізілді, жағалауларды нығайту үшін 7 мыңнан астам құм толтырылған қаптар төселді.
Хромтау және Қарғалы аудандары мен облыс орталығында су басу қаупін жою үшін Атырау облысынан келген күштер қосымша көмек көрсетті. Ақтөбелік әріптестерімен бірге олар өзенінің бөгеттерін нығайту үшін инертті материалдар толтырылған қаптарды төседі, арықтар мен су бұру арналарын тазартты. Су қоймаларындағы қауіпті орындарда су деңгейін тәулік бойы бақылап, аздаған өзгеріс байқалған жағдайда жедел әрекет жасады. Қабылданған шаралар нәтижесінде адам өлімі және материалдық залал болған жоқ.
Ал орын алған оқиғалар статистикасы туралы айтар болсақ, облыста биылғы жылдың алғашқы 9 айы ішінде 43 төтенше жағдай тіркелген (бір жыл бұрын 44 болған).
Жыл басынан бері облыста 421 өрт (2015 жылы - 533) оқиғасы тіркелді, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 21% -ға аз. 52 адам құтқарылып, 3494 адам эвакуацияланды. Өрт санының азаюы - үлкен кәсіби команданың мақсатты жұмысының нәтижесі болып табылады. Өрттің алдын алу үшін тынымсыз жұмыс жасалуда. Азаматтардың қауіпсіздік мәдениеті де күннен күнге өсуде.
Объектілердің қолданыстағы талаптарға сәйкестігін растаудың жаңа формасы енгізілді. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Азаматтық қорғау туралы» ҚР 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V Заңының 38-бабына өзгерістер енгізілді (29.10.2015 жылғы № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізілді). Онда бизнеске қысым көрсетуді төмендету мақсатында бақылаудағы субъктінің сараптама ұйымының оң қорытындысын алуы көзделген, осының негізінде аталмыш объект қорытынды мерзімі аяқталғанға дейін тексерулерден босатылады (Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда). 2016 жылдың 1 қазанына Ақтөбе облысы аумағында 51 объект тексерістен босатылған.
Өрт қауіпсіздігі мәселелерін шешудің маңызды бағыттарының бірі - еріктілерді қолдау болып табылады. Бүгінгі күні облыс аумағында 260 ерікті өртке қарсы құралым болса, олар 3331-ден астам тұрғыны бар елді мекендерді қамтиды. 101 өрттің 96-сы (жалпы санының 95%) ерікті өртке қарсы құралым күштерімен сөндірілген, аумағы 1633,6 га құраған. Оның ішінде 924 гектар аумақты шарпыған 39 өрт Департамент күштерімен бірлесе отырып ауыздықталса, шамамен 60 га құрайтын 5 өрт еріктілердің қатысуынсыз Департамент күшімен сөндірілген.
Адамдардың судағы қауіпсіздігіне келер болсақ, су айдындарындағы оқиғалар саны 27,8% қысқарды. Биылғы жазда 15 адам қайғылы жағдайға ұшырады. Бұл жерде ақтөбедегі су қоймаларында тұрақты патрульдеу жүргізген құтқарушылар мен жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің күш-жігерінің арқасында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көрсеткіштің 3 адамға кемігенін атап кеткен жөн.
Тіршілік қауіпсіздігі бойынша азаматтарды дайындау жұмысы жалғасуда. Жыл басынан бері басшыларлар, лауазымды тұлғалар мен жұртшылық арасынан 356 адам оқытылды.
Департаменттің аумақтық бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен, азаматтық қорғау құралымдарымен бірлесіп 19 кешенді жаттығу, 41 штабтық, 448 объектілік машықтанулар, 289 тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар жүргізді.
Бүгінгі күні гарнизонының құрал - жабдықтармен қамтылуы 60% құрайды. Бөлімшелердің арнайы жабдықтар мен заманауи жоғары технологиялық құралдармен жарақтандырылуы жетілдірілуде. 2016 жылы жергілікті бюджет есебінен УАЗ автомобилі мен жол талғамайтын «ТРЭКОЛ» автокөлігі сатып алынды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.
Департаментте кадр мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Гарнизон штаты 958 бірліктен құралған, қазіргі кезде кадр тапшылығы 69 бірлікті құрайды. Бір жылдың ішінде қызметке 126 адам қабылданды.
Алда әлі де міндеттер көп. Мақтаныш ететін де, атқарылатын да жұмыстар жеткілікті. Ең бастысы - алға ұмтылып, күш-қуатымызды арттыру және қайырымдылыққа, көмек беруге дайын болуға негізделген жедел әрекет ету жүйесін жетілдіру.

Азаматтық қорғау подполковнигі Бауыржан Сыздықов,
Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы