Бас мәзір

Жедел жағдай

2018
Желтоқсан
MoTuWeThFrSaSu
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31      

 

Департаменттің сенім

телефоны

8(7132) 54-50-25

Өзіндік қауіпсіздік

тобының сенім телефоны

8(7132) 55-00-30

БІРЫҢҒАЙ

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
1402

Интерактивті сұрақ

Сіз біздің ұйым жұмысының нәтижелерін қалай бағалайсыз?
 

Авторизациялау



Есептегіш

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1442
mod_vvisit_counterКеше3418
mod_vvisit_counterБір аптада4860
mod_vvisit_counterБір айда35478
mod_vvisit_counterӨткен айда141339
mod_vvisit_counterБарлығы4714668

ban kaz

Жаңалықтарға жазылу

Сайт бойынша iздестiру

prezident
 
 
 
resizei
kyzmet
 

 

 

 

 

 

 

kabildau

   

Негізгі бет Департамент аппараты ТЖД тарихы
ТЖД тарихы PDF Басып шығару E-mail

ТЖД тарихы

Қазіргі тәуелсіз Қазақстанда Ақтөбе облысы экономика, өнеркәсіп және аграрлық сектордың дамуы жағынан маңызды орынға ие. Үлкен аумақты, сонымен қатар халықты табиғи және техногендік сипаттағы әр түрлі төтенше жағдайлардың туындауынан қорғау, бақытсыздыққа ұшыраған адамдарды құтқару, - бұл батырлық, қиын істердің барлығын да Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері орындайды.
Үйлесімді, сауатты, күнтізбенің қызыл күндері мен ауа райының тосын сыйларына қарамастан әр күн сайын жұмыс жасайтын құтқарушылар өздерінің азаматтық борыштарын абыроймен орындап келеді. Бұдан 7 жыл бұрын Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері әр түрді басшы органдарға бағынатын өз алдарына бөлек басқармалар мен ұйымдардан тұратын еді. Әр бөлімше мен әр басқарманың тарихы да өз алдына бөлек.
Ақтөбе облысының ТЖД бірқатар міндеттерді іске асырады, олардың негізгілері азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласында мемлекеттік бақылауды іске асыру және тұрғындар арасында білім беруді ұйымдастырып, насихаттайды.
Департаменттің бөлімшелері апат орнына жедел және кәсіби жетуге, зардап шеккендерді құтқаруға, алғашқы көмек көрсетуге мүмкіндік беретін заманауи техникамен қамтамасыз етілген.
Ақтөбе облысының өртке қарсы қызметінің тарихы 1918 жылдың 17 сәуірінен бастады. 1935 жылға дейін жеке құрылымдық бірлік ретінде қызмет етіп, қала аумағында өрт сөндіру қауіпсіздігі бойынша мемлекеттік саясат жүргізуге міндетті болды.
1936 жылы ССРО одағы ОАК мен ХКК «Мемлекеттік өрт сөндіруді қадағалау және қалалық өрт сөндіру күзеті туралы» қаулысына сәйкес қалалық өрт сөндіру топтары ІІҰК құрамына енгізіліп, 1997 жылға дейін ІІМ жүйесінде болды.
Бірқатар қайта құрулардың нәтижесінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ құрылып, қазіргі уақытта Қызметке азаматтық қорғау полковнигі А.А.Омаров басшылық жасайды. Қызметтің штат саны 700-ге тарта адамнан құралған.
Суда құтқару тарихы өзінің бастауын сонау 19-шы ғасырдың ортасынан алады. Сол кездің өзінде-ақ суға кеткенді құтқаруға кәсіби мамандар қатысуы қажет екендігі түсінікті болған еді. Осылайша «Кеме апаты кезінде көмек беру қоғамы» құрылып, 1872 жылы оның атауы Суда құтқару қоғамы болып өзгертілді. Сол кезде алғаш рет қоғамның жарғысы қабылданды. Күні кешеге дейін Қазақстанда суда құтқару қызметі «Ақтөбе облысының ТЖД Суда құтқару қызметі» ММ деп аталып келді.
Жедел-құтқару жасағы 2001 жылдан бастап жұмыс жасайды. Алғашқы жылдары техниканың болмауына байланысты «051» қызметінің қызметкерлері көбінесе көмекке жаяу немесе жеке көліктерімен шығатын. Қазіргі кезде Жасақ замануи авариялық-құтқару құрылғыларымен, гидравикалық құрылғы жинақтарымен, химиялық қорғау құралдарымен, сүңгуірлік және алпинистік саймандармен жабдықталған жедел-құтқару автокөліктерімен қамтамасыз етілген.
Қоңыраулар мен хабарламалар тәулік бойы 112 жедел нөміріне түседі. Жол полициясы мен дәрігерлер көптеген жағдайларда олардың көмегіне жүгінеді.
2015 жылдың 1 шілдесінде «Суда-құтқару қызметі» мен Жедел құтқару жасағы бірігуіне байланысты штат саны 26 адамнан 71 адамға көбейді. Қазіргі кезде біріккен екі қызметтің күштері мен құралдарын Қасымжан Тахауұлы Байсадақов басқарып келеді.
Аталған екі қызмет бұрыннан да төтенше жағдайлар орын алған кезде тығыз байланыста жұмыс атқарып келген болатын, оларға ортақ басты міндеті – адам өмірін құтқару.
Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар – ерлік пен батырлық таныта отырып, әр минут сайын жанкештілікпен және жоғары дәрежелі кәсібилікпен өз қызметтерін абыроймен атқарып жүрген мамандар. Құтқарушылық қызмет – жоғары біліктілікті, мықты дайындықты, ержүректік пен батылдықты талап ететін жауапты, күрделі Тәуліктің қай мезгілінде болмасын өрт сөндірушілер мен құтқарушылар қиындыққа тап болған жандарға көмек көрсетуге дайын тұрады.және абыройлы іс. Олардың әр күні – майдан, әр күні – ерлік!
Өз бойларындағы күш-қуаттары мен білімдерін, кәсіби шеберліктерін қиындығы мен қызығы қатар жүретін құтқарушылық қызметке арнап, халқына адал қызмет етуді мақсат тұтқан өжет те қайсар, батыл да қырағы құтқарушылар қауымын қазіргі кезде Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Бауыржан Мәдіұлы Сыздықов басқарып келеді. Біз үшін басты құндылық – құтқарылған адам өмірі.

 

Ернұр Өтегенов,
Ақтөбе облысының ТЖД бастығының орынбасары
азаматтық қорғау полковнигі