Бас мәзір

Жедел жағдай

2018
Желтоқсан
MoTuWeThFrSaSu
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31      

 

Департаменттің сенім

телефоны

8(7132) 54-50-25

Өзіндік қауіпсіздік

тобының сенім телефоны

8(7132) 55-00-30

БІРЫҢҒАЙ

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
1402

Интерактивті сұрақ

Сіз біздің ұйым жұмысының нәтижелерін қалай бағалайсыз?
 

Авторизациялау



Есептегіш

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1253
mod_vvisit_counterКеше3418
mod_vvisit_counterБір аптада4671
mod_vvisit_counterБір айда35289
mod_vvisit_counterӨткен айда141339
mod_vvisit_counterБарлығы4714479

ban kaz

Жаңалықтарға жазылу

Сайт бойынша iздестiру

prezident
 
 
 
resizei
kyzmet
 

 

 

 

 

 

 

kabildau

   

Негізгі бет Жедел ахуал ТЖ туралы ақпарат
ТЖ туралы ақпарат PDF Басып шығару E-mail

14.09.2018

13.09.2018 жылы 01 сағат 20 минутта, аудан орталығынан 63 шақырым қашықтықта, Қарақобда а/о, Қарақобда ауылының дала алқабында құрғақ шөп жанды. Шақырту орынына ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің №3,6 өрт сөндіру бөлімдері жеке құрамынан 9 адам, 2 автокөлік (Нива), «Өңірлік оқыту орталығынан» 35 адам, 1 техника (Урал-Кунг), Қарақобда а/о ЕӨСҚ-нан 20 адам, 4 техника (3-МТЗ, Уаз) жіберілді. Өрт, 13.09. күні 16 сағат 40 минутта шектеліп, 18 сағат 00 минутта сөндірілді, алаңы 260 га.

11.09.2018
10.09.2018 жылы 13 сағат 48 минутта, Өндіріс аумағы, «Sinooil» ЖШС-нің мұнай базасы ауласында, м/н А 376 НО «FAW» маркалы (бензин тасушы) автокөлігінің цистернасына жанар-жағар май құю кезінде, құю эстакадасында тарс ету орын алып, кейінінен аталған автокөлік және эстакада жабындысы өртенді. Шақырту орынына ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің №1, 2, 3, 4, 18 өрт сөндіру бөлімдері жеке құрамынан 45 адам 10 техника, ТЖД «Апаттар медицина орталығы» ММФ-нан 3 адам 1 автокөлік, ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ-нен 3 адам, 1 автокөлік, жедел жәрдем бригадасы және жергілікті полиция қызметкерлері жіберілді. Өрт, өрт сөндірушілер жеткенше, нысандық мемлекеттік емес өрт сөндіру құрылымы күшімен сөндірілді. Өрт салдарынан, 1963 ж.т. З.Сеткалиевна (95-100% денесі күйген, жағдайы ауыр), 1980 ж.т. С.Тауанов (75% денесі күйген, жағдайы ауыр) және 1969 ж.т. Б.Сарсенов (10-11% денесі күйген, жағдайы орташа-ауыр) термикалық дене күйіктерін алып, оқиға орынына көмек жеткенше жолшыбай көлікпен Ақтөбе облысының ЖМК ауруханасына жеткізілгені анықталды. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

28.08.2018
27.08.2018 жылы 20 сағат 58 минутта, Ырғыз ауданы, Жайсанбай а/о, Жайсанбай ауылы, Ырғыз өзенінде 17 сағат 30 минутта жеке үйдің ауласынан жоғалып кеткен, ересек адамдардың қадағалауынсыз қалған 2017 ж.т., А.А. Канатбектің мәйіті жергілікті тұрғындар күшімен су бетінен табылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына Ырғыз ауданының ІІБ жедел тергеу тобы жіберілді.

10.08.2018
09.08.2018 жылы 17 сағат 41 минутта Ақтөбе қаласы, «Вагонное Депо» бау-бақша ұжымы, Елек өзенінде суға шомылу кезінде 1951 ж.т. А. Утепов суға батып кеткені жөнінде ақпарат келіп түсті. Шақырту орнына ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ 4 адам, 1 автокөлік жіберілді. Құтқарушылар жеткенде, батып кеткен адамның мәйіті куәгерлердің күшімен 18 сағат 19 минутта 2 метр терең судан шығарылғаны анықталды, ІІБ-нің жедел тергеу тобына тапсырылды.

09.08.2018
08.08.2018 жылы 15 сағат 16 минутта, аудан орталығынан 130 шақырым қашықтықта, Кеңқияқ ауылы, Макарский елді мекені, Темір өзеніне шомылу кезінде, 2002 ж.т. Б. Балғановтың суға батып кеткені жөнінде ақпарат келіп түсті. Шақырту орнына аудандық ТЖБ-нен 1 адам, ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №13 өрт сөндіру бекетінің жедел тобынан 2 адам, аудан әкімшілігінен 1 адам, 1 автокөлік (Уаз және қайық) жіберілді. Құтқарушылар оқиға орнына жеткенше, суға түсуге тыйым салынған жерде шомылған Б. Балғановтың денесі, 16 сағат 10 минутта туыстарының күшімен 2 метр терең судан шығарылды.

07.08.2018
06.08.2018 жылы 16 сағат 58 минутта, Ақтөбе қаласы, Елек өзені, Кірпішті ауылы ауданында ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ құтқарушылар (4 адам, 1 автокөлік) күшімен 17 сағат 34 минутта суға батып кеткен 1999 ж.т. А.Е. Данабектің мәйіті 2,5 метр терең судан шығарылып, ІІБ-нің жедел тергеу тобына тапсырылды.

06.08.2018
05.08.2018 жылы 09 сағат 25 минутта, Ырғыз ауданының ІІБ-нен, Ырғыз ауылынан 2 шақырым қашықтықта, Ырғыз өзенінің жағасынан, 04.08. күні үйінен шығып кетіп қайтып оралмаған 2002 ж.т. Т. Қазақбайдың киімдері табылғаны жөнінде ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына аудандық ТЖБ-нен 2 адам, ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ №9 ӨСБ жедел тобынан 4 адам, аудан әкімшілігінен 1 адам 1 атвокөлік (1 қайық) жіберілді. Нәтижесінде, суға түсуге тыйым салынған жерде шомылған Т. Қазақбайдың денесі 10 сағат 39 минутта, ТЖД қызметкерлерінің күшімен 3 метр тереңдіктен шығарылды.

04.08.2018
03.08.2018 жылы 12 сағат 23 минутта, Ақтөбе қаласы, Заречный-2 ауылы, Қайдауыл батыр көшесі №56, «Бал-Орда» жеке бала бақшасының жертөлесінде орналасқан элеваторная бөлмесінде су жылтатың қазандық және жиһаз өртенді. Өртке ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №2, 18 өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 16 адам, 3 автокөлік, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ 3 адам, 1 автокөлік, ҚӨСҚ 2 адам, 1 автокөлік жіберілді. Өрт 13 сағат 00 минутта шектеліп, 13 сағат 13 минутта сөндірілді. Өрт алаңы 6 ш.м. Қауіпсіз аймаққа өз күштерімен 53 адам, оның ішінде 45 бала көшірілді. Болжам бойынша өрттің шығу себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

02.08.2018
01.08.2018 жылы 13 сағат 23 минутта, Ақтөбе қаласы, Смағұлов көшесі, №3 мекен жайда орналасқан ҚР Қорғаныс министрлігіне тиесілі «Әскери техникалық мектебі» РМҚК аумағында гараждың төбе жабындысы өртенді. Автоматты түрде №2 шақырту рангісі жарияланып, өртке ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №2, 1, 3, 4, 18 өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 36 адам 10 автокөлік, «Апаттар медицина орталығы» ММ жеке құрамынан 3 адам 1 автокөлік жіберілді. Өрт 13 сағат 55 минутта шектеліп, 14 сағат 12 минутта сөндірілді. Өрт алаңы 300 ш.м. Өрт сөндіру барысында м/н 011 DVA 04 «Форд Транзит» автокөлігі құтқарылды. Болжам бойынша өрттің шығуна ашық оттың жалыны себеп болған.

30.07.2018
29.07.2018 жылы 18 сағат 44 минутта, Ақтөбе қаласы, 41-разъезд ауданы, «Ақтөбе» су қоймасы аумағында, «Алау» жағажайында А. Есенғали суға шомылу барысында суға батып кеткендігі жөнінде ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ-нен 3 адам, 1 автокөлік (1 қайық) жіберілді. Оқиға орнында құтқарушылардын күшімен 2003 ж.т., А. Есенғалидің мәйіті 19 сағат 30 минутта 3 метр терендіктен шығарылды. Тергеу жұмыстары Елек ІІБ қызметкерлерімен жүргізілуде.

30.07.2018
29.07.2018 жылы 05 сағат 10 минутта, Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлов даңғылы №53 «А», «Дина» гипермаркетінде орналасқан тоңазытқыш витринасы өртенді. Өртке ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары» ММ №4, 1, 2, 3, 18 өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 28 адам, 7 автокөлік, «Апаттар медицина орталығы» ММ 3 адам 1 автокөлік, «Жедел құтқару жасағы» ММ 3 адам, 1 автокөлік, КӨСҚ 2 адам, 1 автокөлік, ЖӨЗТ 2 адам, 1 автокөлік жіберілді. Өрт, өрт сөндіру бөлімшесі жеткенше сөндірілді. Өрт алаңы 6 ш.м. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

10.07.2018
17.07.2018 жылы 21 сағат 51 минутта, Бадамша ауылы, «Бадамша-сервис» КМК-на тиесілі 2-ші өрлеу станциясының сорғысы істен шығуы салдарынан 368 абоненттің (оның ішінде 13 тұрғын үй және 12 әкімшілік ғимараты) ауыз суды пайдалану мүмкіндігі уақытша тоқтатылғаны жөнінде ақпарат келіп түсті. Оқиға орнында авариялық жөндеу жұмыстарына ««Бадамша-сервис» КМК-нан 7 адам, 3 автокөлік, жергілікті әкімшіліктен 5 адам және «Энергосистема» ЖШС-нен 3 адам, 1 автокөлік жұмылдырылып, 18.07 күні 17 сағат 00 минутта сорғы станциясына, абоненттерге уақытша су беру үшін аз қуатты сорғы қондырылды. Жөндеу жұмыстары жалғасуда.

15.07.2018
14.07.2018ж. 13 сағат 10 минутта Мұғалжар ауданы, Ақкемер ауылы маңында, ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ құтқарушыларының (4 адам, 1 автокөлік) күшімен, Елек өзенінде суға шомылу кезінде суға батып кеткен 1993 ж.т. Н.К. Құттығайдың мәйіті 14 сағат 20 минутта 2 метр терең судан шығарылып, ІІБ-нің жедел тергеу тобына тапсырылды.

14.07.2018
13.07.2018 жылы 07 сағат 30 минутта, К. Нокин көшесінде орналасқан «Гүлдәурен» бала бақшасына қарама-қарсы жерде, Елек өзеніне ер адам суға батып кеткені жөнінде ақпарат келіп түсті. Шақырту орнына ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ құрамынан 4 адам, 1 автокөлік және жергілікті полиция қызметкерлері жіберілді. Нәтижесінде 08 сағат 22 минутта, 1997 ж.т. А. Галиакпаровтың мәйіті 3 метр терең судан шығарылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

12.07.2018
11.07.2018 жылы 23 сағат 31 минутта, Ақтөбе қаласы, Қарғалы ауылы, «Геофизик-2» бау-бақша ұжымы, №126 учаскесі, жеке үйдің шатыры өртенді. Өртке ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №18, 2 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 6 адам, 2 автокөлік, ЖӨТЗ 2 адам, 1 автокөлік, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ 3 адам, 1 автокөлік жіберілді. Өрт 00 сағат 05 минутта шектеліп, 00 сағат 33 минутта сөндірілді. Өрт алаңы 150 ш.м. Өрт салдарынан 1976 ж.т А.Абишев Жедел жәрдем медицинасы қалалық ауруханасына реанимация бөліміне жатқызылды, жағдайы-ауыр және 2001 ж.т. аз. А. Айткайыр Облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды, жағдайы-бірқалыпты.

10.07.2018
09.07.2018 жылы 16 сағат 36 минутта, Ақтөбе қаласы, Уалиханов көшесі, №1/4 мекен жайда орналасқан «Орталық базары» аумағында орналасқан «Фирма Жандос-К» ЖШС тиесілі 3 қабатты әкімшілік ғимаратының 3-ші қабаты өртенді. Өртке ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №2, 1, 3, 4, 18 өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 79 адам, 14 автокөлік, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ 3 адам, 1 автокөлік және Ақтөбе рельс-арқалық зауытынан 5 адам, 1 автокөлік, «Жедел құтқару жасағы» ММ жеке құрамынан 3 адам, 1 автокөлік, 102, 103, 104 қызметтері және қалалық электр жүйесі жіберілді. Өрт 17 сағат 20 минутта шектелді, 17 сағат 30 минутта сөндірілді, өрт алаңы 160 ш.м. (ғимараттың жалпы алаңы 4730 ш.м.). Зардап шеккен адам жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

06.07.2018
05.07.2018 жылы 15 сағат 10 минутта, Ш.Берсиев көшесі 1 «А», «Танжарык» мәдени және ойын-сауық орталығының жертөлесінде орналасқан караоке залында өрт шықты. Өртке ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №2, 1, 3, 4, 18 өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 35 адам, 10 автокөлік, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ жеке құрамынан 3 адам, 1 автокөлік жіберілді. Өрт 15 сағат 35 минутта шектеліп, 15 сағат 43 минутта сөндірілді. Өрт алаңы 140 ш.м. Қауіпсіз аймаққа 6 адам көшірілді. Болжам бойынша өрттің шығу себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан.

05.07.2018
04.07.2018 жылы 16 сағат 32 минутта, Ақтөбе су қоймасында орналасқан «Саяхат» жеке жағажайында шомылу кезінде, ер адам суға батып кеткені жөнінде ақпарат келіп түсті. Шақырту орнына ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ жеке құрамынан 4 адам, 1 автокөлік, жедел жәрдем және ІІД жедел тергеу тобы қызметкерлері жіберілді. Құтқарушылар күшімен 17 сағат 00 минутта, 1997 ж.т. К. Ныгметовтың денесі 3 метр терең судан шығарылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

29.06.2018
28.06.2018 жылы 19 сағат 00 минутта, Ақтөбе қаласы, Қонаев көшесі, Елек өзенінде 1994 ж.т., Т. Нарегеев суға шомылу барысында суға батып кеткендігі жөнінде ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына ТЖД «Жедел құтқару жасаға» ММ-нен 7 адам, 1 автокөлік (1 қайық) жіберілді. Аталған азаматтын мәйіті 3,5 метр терендіктен құтқарушылардын күшімен шығарылды. Тергеу жұмыстары Елек ІІБ қызметкерлерімен жүргізілуде. АЕК №881 іздестіру – құтқару жұмыстары.

23.06.2018
22.06.2018 жылы 00 сағат 00 минутта, Темір ауданы, аудан оталығынан 12 шақырым қашықтықта, Ақсай а/о, Ойыл өзенінде балық аулау барысында 1986 ж.т., Д. Бородин суға батып кеткендігі жөнінде ақпарт келіп түсті. Оқиға орнына ТЖБ бастығы және ІІБ 2 адам, 1 автокөлік жіберілді. Аталған азаматтын мәйіті 2 метр терендіктен жергілікті тұрғындардын күшімен шығарылды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде. АЕК №35 іздестіру – құтқару жұмыстары.

22.06.2018
21.06.2018 жылы 06 сағат 31 минутта, Ақтөбе қаласы, Ағ. Коростылев көшесі, №7 үйдің ауласында орналасқан жазғы үй өртенді. Өртке ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №2 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 7 адам, 2 автокөлік, КӨСҚ 3 адам, 1 автокөлік, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ 3 адам, 1 автокөлік жіберілді. Өрт 06 сағат 56 минутта шектеліп, 07 сағат 03 минутта толықтай сөндірілді. Өрт алаңы 4 ш.м. Өрт сөндіру кезінде 1971 ж.т. А.В. Заваленныйдың мәйіті табылды. Болжам бойынша өрттің шығуына төсекте жатып шылым шегуі себеп болған.

10.06.2018
09.06.2018 жылы 08 сағат 58 минутта, Ақтөбе қаласы, Чехов көшесі, №31-ші жеке тұрғын үйідің дәлізі және шатыры өртенді. Өртке ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №3,2 өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 14 адам, 3 автокөлік, ҚӨСҚ 2 адам, 1 автокөлік, ЖӨЗТ 2 адам, 1 автокөлік және «Апаттар медицинасы орталығы» ММФ 3 адам, 1 автокөлік жіберілді. Өрт 09 сағат 25 минутта шектеліп, 09 сағат 30 минутта сөндірілді. Өрт алаңы 40 ш.м. Өртті сөндіру барысында 1941 ж.т., В. Клоповтын мәйіті табылды. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

09.06.2018
08.06.2018 жылы 06 сағат 23 минутта, Ақтөбе қаласы, Первомайская көшесі, №60-шы жеке тұрғын үйі өртенді. Өртке ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №3, 4, 1 өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 21 адам, 3 автокөлік, «Апаттар медицинасы орталығы» ММФ 3 адам, 1 автокөлік жіберілді. Өрт 06 сағат 44 минутта шектелді, 06 сағат 55 минутта сөндірілді, өрт алаңы 16 ш.м. Өртті сөндіру барысында 3 адамның (1941 ж.т., Н.Лукина, 1972 ж.т. О. Лукин, 1975 ж.т. Михайлов Н.А.). () мәйіті табылды. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

05.06.2018
04.06.2018 жылы 22 сағат 49 минутта, Ақтөбе қаласы, Сәтпаев көшесі, №8-ші мекен жайда орналасқан 2 қабатты «Кездесу» мейрамханасының шатыры өртенді. Шақырту орнына №2 шақырту жарияланып ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №1, 2, 3, 4, 18, өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 56 адам, 18 автокөлік, «Жедел құтқару жасағы» ММ жеке құрамынан 3 адам, 1 автокөлік, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нен 3 адам, 1 автокөлік, ӘҚКӘИ 3 адам, 1 автокөлік жіберілді. Өрт 05.06.2018 ж. 00 сағат 15 минутта шектелді, 00 сағат 50 толықтай сөндірілді, өрт алаңы 150 ш.м. Зардап шеккен адам жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

17.05.2018
16.05.2018 жылы 18 сағат 55 минутта, Ойыл ауданы, Ойыл өзенінде суға шомылу барысында 1967 ж.т. А. Ертілеуов суға батып кеткендігі жөнінде ақпарат келіп түсті. Шақырту орнына ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ жеке құрамынан 4 адам, 1 автокөлік, ТЖБ 1 адам, ІІБ 1 адам, әкімшіліктен 2 адам және жергілікті тұрғындардан 4 адам жұмылдырылды. 20 сағат 00 минутта аталған азаматтын мәйіті жергілікті тұрғындардын күшімен табылды.

13.05.2018
12.05.2018 в 15-52 г. Актобе, п. Курайли, ул. Елек, произошло загорание дома №31 на площади 110 кв.м. Пожар локализован в 16-30, ликвидирован в 16-48. С диагнозом отравление угарным газом средней степени госпитализированы в БСМП г.Актобе гр. Сарбеков Ш. 1951 г.р. и гр. Сарбекова Ш. 1953 г.р. Состояние стабильное. Выезжали: ГУ «СП и АСР» ДЧС (14 сотрудников и 3 ед. техники), ФГУ «ЦМК» (3 сотрудника и 1 ед. техники).

10.05.2018
09.05. в 13-38, г. Актобе, ул. Акимжанова 132, 5 этажный жилой дом, произошло загорание домашних вещей в квартире №56 на площади 3 кв.м. Пожар локализован в 13-58, ликвидирован в 14-05. Эвакуировано 4 человека, спасена Китаева Р.Ф. 1929 г.р., госпитализирована в БСМП с диагнозом отравление угарным газом 2-ой степени. Предварительная причина пожара – короткое замыкание электро проводов. Выезжали: ГУ «СП и АСР» ДЧС (10 сотрудников и 3 ед. техники), ФГУ «ЦМК» (3 сотрудника и 1 ед. техники).

01.05.2018
30.04.2018 жылы 02 сағат 40 минутта, Ақтөбе қаласы, «Ангр-1» бау-бақша ұжымы, №23 учаскесінің шатыры өртенді. Өртке ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №2 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 6 адам, 2 автокөлік жіберілді. Өрт 03 сағат 05 минутта шектеліп, 03 сағат 19 минутта сөндірілді. Өрт алаңы 15 ш.м. Өрт салдарынан улы тұншықтырғыш газымен улану және бас бөлігін термикалық күйік шалу диагнозымен 1948 ж.т. Қ. Досымбаев қалалық ЖМҚК ауруханасының терапия бөліміне жатқызылды. Жағдайы орташа.

22.04.2018
21.04.2018 жылы 03 сағат 40 минутта, Ақтөбе қаласы, Зауыт көшесі 29 «А», «Адал-тау» ЖШС тиесілі, 2 қабатты металл бөлшектерін өндеу қоймасында орналасқан шеберхана өртеніп қойманын төбесіне ауысты. Өртке ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №1,2,3,4,18 өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 36 адам, 9 автокөлік, КӨСҚ 2 адам және «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нен 3 адам, 1 автокөлік жіберілді. Өрт 05 сағат 30 минутта шектеліп, 06 сағат 10 минутта сөндірілді, алаңы 500 ш.м. Өртті сөндіру барысында 6 газ баллоны және 1 оттегі баллоны шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

20.04.2018
19.04.2018 жылы 12 сағат 22 минутта, Ақтөбе қаласы, ГМЗ ауданы, «Геолог-7» бау бақша ұжымы, №45 учаскесінде орналасқан ТҚС-ның ішінде 1992 ж.ш. м/н kz 092 СUB 05 «Мерседес» маркілі автокөлігі өртеніп, ТҚС-ның төбесіне ауысты. Өртке ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №2 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 7 адам, 2 автокөлік, Жедел жәрдем қызметі жіберілді. Өрт 12 сағат 44 минутта шектеліп, 13 сағат 00 минутта толықтай сөндірілді. Өрт алаңы 3 ш.м. Өрт салдарынан ТҚС жұмысшысы 1977 ж.т., Ж.К.Берестенов иық және екі жақ білектің термикалық күйігі диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Болжам бойынша өрттің шығу себебі электр құрылғысының қолдану кезіндегі абайсыздығы.

18.04.2018
17.04.2018 жылы 14 сағат 55 минутта, Қобда ауданы, аудан орталығынан 20 шақырым қашықтықта, Білтабан а/о, Қосөткел ауылы, «Мақпал» ШҚ тиесілі мал базасының төбесі толықтай өртенді. Өртке ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №15 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 3 адам, 1 автокөлік және Білтабан а/о ЕӨСҚ-нен 10 адам, 2 техника жіберілді. Өрт 16 сағат 25 минутта шектеліп, 17 сағат 00 минутта сөндірілді. Өрттің жалпы алаңы 900 ш.м. Зардап шеккендер жоқ. Өрттін шығу себебі шамамен темекі тұқылынын сөнбеуі. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

14.04.2018
13.04.2018 жылы 20 сағат 15 минутта, БКДҚБ-на келесі ақпарат келіп түсті, 19 сағат 25 минутта Хромтау қаласы, Өндіріс аймағы, Дөң кең байыту комбинаты, «Мирный» каръерінде жерасты өздігінен жүретін машинаның (ПДМ) қозғалтқыш бөлігі және кабинасы өртенді. Өртке «КӘАҚҚ» РМК жеке құрамынан 5 адам, 2 автокөлік жіберілді. Өрт 20 сағат 25 минутта сөндірілді. Қауіпсіз аймаққа 45 адам көшірілді. «Тұншықтырғыш улы газбен улану» диагнозымен аудандық ауруханаға 1989 ж.т. Е.А. Искаков, 1976 ж.т. Ж. Имашев, 1984 ж.т. В.А. Дмитриев, 1991 ж.т. Т.Е. Алтынбаев, 1990 ж.т. Т. Ибраев жеткізілді. Жағдайлары – бірқалыпты. Технологиялық процесс тоқтатылған жоқ. Болжам бойынша өрттің шығу себебі, электр сымдарының қысқа тұйықталуынан.

12.04.2018
11.04.2018 жылы 17 сағат 35 минутта, Ақтөбе облысының ІІД-нің жедел кезекшісінен Ақтөбе қаласы, Сазды ауылы, Юбилейная көшесі, № 13-ші жеке үйде, болжам бойынша тұншықтырғыш улы газбен уланған 1987 ж.т. В. Прискуриннің мәйіті табылғаны жөнінде ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына қалалық ТЖБ-нен Ж. Шалғынбаев және ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нен ЖӨТЗ 2 адам, 1 автокөлік жіберілді. Ақпаратты тексеру барысында оқиға орнында аумағы 1,5 ш.м. матрац өртенгені анықталды. Өрт сөндіру қызметіне өрт туралы хабарлама түскен жоқ. Болжам бойынша өрттің шығуына төсекте жатып шылым шегуі себеп болған.

31.03.2018
30.03.2018 жылы 10 сағат 31 минутта, Ойыл ауданы, Ойыл селосы, Екібаев көшесі, № 31-ші жеке үйдің тұрғындары 1978 ж.т. Б.Ш. Аубакиров, 2003 ж.т. К.Б. Шынтас, 2005 ж.т. Т.Б. Шынтас, 2008 ж.т. Б.Б. Бауыржан тұншықтырғыш улы газбен уланып, аудандық орталық ауруханаға жатқызылғаны жөнінде ақпарат келіп түсті. Ақпаратты тексеру мақсатында оқиға орнына аудандық ТЖБ-нан 2 адам жіберілді. Оқиға орнында жану орын алмағандығы анықталды. Болжам бойынша тұрғындардың улануына қатты отынмен жанатын пештің істен шығуы себеп болған.

31.03.2018
30.03.2018 жылы 09 сағат 35 минутта, Ақтөбе қаласы, Ақтөбе қаласы, «Хлебокомбинат» бау-бақша ұжымы. № 57 участкесінде орналасқан саяжай үйінде 6 адам,оның ішінде 4 бала тұншықтырғыш улы газбен уланып, 2012 ж.т. А.А.Токенбайқызы, 2014 ж.т. С.Б. Базаркелді, 2004 ж.т. Г.Т. Аппаз и Г.Т., 2002 ж.т. А.Т. Қуатова қалалық балалар ауруханасына және 1973 ж.т А.О. Елубай, 1977 ж.т. А.О.Елубай жедел жәрдем ауруханасына жатқызылғаны жөнінде ақпарат келіп түсті. Ақпаратты тексеру мақсатында оқиға орнына қалалық ТЖБ инженері Н. Жалимбетов жіберілді. Оқиға орнында жану орын алған жоқ. Болжам бойынша тұрғындардың улануына қатты отынмен жанатын пештің істен шығуы себеп болған.

05.03.2018
04.03.2018 жылы 09 сағат 12 минутта, Ақтөбе қаласы, ГМЗ ауданы, Нефтяников көшесі №25, 3 қабатты қарттар үйінде теледидар өртенді. Өртке ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №1,2,3,4,18 өрт сөндіру бөлімідерінің жеке құрамынан 43 адам, 12 автокөлік, «Апаттар медицинасы орталығы» ММФ 4 адам, 1 автокөлік жіберілді. Өрт, өрт сөндіру бөлімшесі келгенше өз күштерімен сөндірілді, өрт алаңы 1 ш.м. Зардап шеккендер жоқ. Болжам бойынша өрттің шығу себебі теледидардың эдектр сымдарының қысқа тұйықталуынан.

25.03.2018
24.02.2018 жылы 07 сағат 48 минутта, Ақтөбе қаласы, Ломоносов көшесі №26, «Тағам» кафесінде қуырғыш (фритюрница) құрылғысы өртеніп, ас бөлмесінің жарына ауысты. Өртке ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №3,4 өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 13 адам, 4 автокөлік жіберілді. Өрт, өрт сөндіру бөлімшесі келгенше өз күштерімен сөндірілді, өрт алаңы 1 ш.м. Өрт сөндіру барысында 1966 ж.т. Б. Карагулова I-II дәрежелі термикалық күйік алып, алғашқы медициналық көмектен кейін үйіне жіберілді, ал 1972 ж.т. М. Балгазина улы тұншықтырғыш газбен уланып, Ақтөбе қаласы ауруханасының токсикология бөлімшесіне жатқызылды. Болжам бойынша өрттің шығу себебі оттың абайсыз қолдануынан.

23.02.2018
22.02.2018 жылы 21 сағат 27 минутта, Мұғалжар ауданы, аудан орталығынан 180 шақырым қашықтықта, Батпақкөл с/о, Жаңажол селосынан 12 шақырым қашықтықта «Октябрьскнефть» мұнай-газ өндіру басқармасына тиесілі № 34-10 ұңғымасының су бөлу пунктінде метал құрылғысы тілініп (разрыв) күкірт қышқылының шығуы орын алды. Оқиға салдарынан күкір қышқылымен уланған 1964 ж.т. Д.Тұрғанов оқиға орнында қайтыс болып, 1972 ж.т. С. Артыкпаев Темір ауданының Кенқияқ ауылдық ауруханасына жатқызылды. Оқиға орнына Ембі қаласының ІІБ-нің жедел тергеу тобы (4 адам, 1 автокөлік) жіберілді.

15.02.2018
14.02.2018 жылы 14 сағат 54 минутта, Хромтау ауданы, г. Хромтау қаласы, Әуезов көшесі, № 1-ші бес қабатты үйдің 3-ші қабатында № 46-шы пәтерде үй заттары өртенді. Өртке Ақтөбе облысының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 16 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 7 адам, 2 автокөлік жіберілді. Өрт 15 сағат 10 минутта шектелді, 15 сағат 30 минутта толықтай сөндірілді. Өртті сөндіру барысында пәтер ішінде 2013 ж.т. А. Хациевтің және 2013 ж.т. А. Мусабаеваның мәйіттері табылды. Қатты түтіннің салдарынан 30 адам уақытша қауіпсіз аймаққа көшірілді. Оқиға орнында қайтыс болған балалардың ата-аналарына ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің психолог мамандарының күшімен психологиялық көмек көрсетілді. Болжам бойынша өрттің шығу себебі ересек адамдардың бақылауынсыз қалған балалардың отпен ойнауы себеп болған.

25.01.2018
24.01.2018 жылы «Казгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданының аумағында желдің ұйытқуы 25-30 м/с дейін сақталуда.

19.01.2018
18.01.2018 жылы 09 сағат 25 минутта, аудан орталығынан 110 шақырым қашықтықта, «Самара-Шымкент» тас жолының 1068 шақырымында, м/н Х 335 РСМ, «KASSBOHRER - SETRA» маркалы автокөлігі өртенді. Шақырту орнына ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №7, 9 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 10 адам 2 автокөлік, ТЖД «Апаттар медицинасы орталығы» ММФ Қалыбай ЖМҚП 4 адам, 1 автокөлік, Құрылыс ауылының өрт сөндіру бекетінен 3 адам, 1 Уаз, ЖӨЗТ 5 адам,1 автокөлік, «Санитарлық авиация» ЖШС «АН-2» ұшағы, 5 адам, АҚ «КазАвиаСпас» 2 тікұшақ («Еврокоптер-034», «МИ-844»), 6 адам, «ҚазақАвтоЖол» РМК 16 адам, 7 автокөлік және жергілікті полиция қызметкерлері жіберілді. Автобус, ӨСБ жеткенше толықтай өртенді, ішінде барлығы 57 жолаушы болғаны және оның ішінде өрт салдарынан 52 адам оқиға орнында қаза тауып, 5 адам өз күштерімен көліктен шығып үлгергені анықталды. Зардап шеккен жолаушылар: 1985 ж.т. М.Бернибеков, (улы тұншықтырғыш газбен улану және оң қолының термикалық күйігі), 1968 ж.т. Н.Кыргызбаев (улы тұншықтырғыш газбен улану), 1976 ж.т. Б.Танатов (улы тұншықтырғыш газбен улану), 1988ж.т. А.Исаков (улы тұншықтырғыш газбен улану және екі қолының буынынан термикалық күйік алған), 1988 ж.т. М.Мерзахметовке (улы тұншықтырғыш газбен улану) оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, «Санитарлық авиация» ЖШС «АН-2» ұшағымен, Ақтөбе қаласының ЖМК ауруханасына жеткізілді, реанимация бөліміне жатқызылды, жағдайлары бірқалыпты. Қазыргі уақытта қайтыс болған адамдардың денесін өртенген автобус ішінен шығарып, Ақтөбе қаласына жеткізу жұмыстары атқарылуда. Жұмыстар жалғастырылуда. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

16.01.2018

15.01.2018 жылы 12 сағат 22 минутта, Ақтөбе қаласы, Әз наурыз көшесі, 9 қабатты, «Грузинский доннер-кебаб» дөнер дайындайтын дүкенінде қуырғыш құрылғысы өртеніп, үстелге ауысты. Өртке ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 3,4 өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 15 адам, 4 автокөлік, ЖӨТЗ 2 адам, 1 автокөлік және «Апаттар медицинасы орталығы» ММФ-нан 3 адам, 1 автокөлік жіберілді. Өрт 12 сағат 41 минутта шектеліп, 12 сағат 42 минутта толықтай сөндірілді, өрт алаңы 2 ш.м. Өрт салдарынан II-III А дәрежелі күйік алып, Ақтөбе қалалық ауруханасының травмотология бөлімшесіне жатқызылды. Қатты түтін салдарынан 10 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылып, 42 адам, оның ішінде 9 бала қауіпсіз аймаққа көшірілді. Болжаммен өрттің шығуы қуырғыштағы майдың жану салдарынан болды.

16.11.2017

15.11.2017 жылы 07 сағат 28 минутта, аудан орталығынан 130 шақырым қашықтықта, Тасөткел а/о, «Тереңсай» карьері аумағындағы, «Үйтас» ЖШС тиесілі 1 қабатты жатақхана өртенді. Шақырту орнына ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №7 өрт сөндіру бекеті және 16 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 8 адам, 2 автокөлік жіберілді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде, жатақхана ғимаратының толық өртеніп болғаны анықталды. Ғимарат 45 адамға арналған, 13 бөлмелі, жалпы алаңы 540 ш.м. Оқиға кезінде жатақханада болған 20 адам (ЖШС жұмысшылары) өз күштерімен қауіпсіз жерге көшкен. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

09.11.2017

08.11.2017 жылы 11 сағат 32 минутта, Шұбарқұдық ауылы, Байғанин көшесі, пәтердің үй заттары өртенді. Өртке ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №13 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 4 адам, 1 автокөлік жіберілді. Өрт 11 сағат 40 минутта шектелді, 11 сағат 44 минутта сөндірілді. Өрт алаңы 16 ш.м. Қауіпсіз аймаққа 27 адам, оның ішінде 5 бала көшірілді. Зардап шеккен адам алған жарақаттарынан (дене күйігі 80%) қайтыс болды. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда

07.11.2017

06.11.2017 жылы 21 сағат 48 минутта, «АЗФ-1» бау-бақша ұжымының №75 учаскесінде орналасқан жеке үйдің екі бөлмесі өртенді. Шақырту орнына ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 9 адам, 2 автокөлік, ЖӨТЗ 2 адам, 1 автокөлік, КӨСҚ 2 адам, 1 автокөлік, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ 3 адам, 1 автокөлік, жергілікті полиция және қалалық электр жүйесі қызметкерлері жіберілді. Өрт 22 сағат 17 минутта шектелді, 22 сағат 20 минутта сөндірілді. Алаңы 15 ш.м. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

16.10.2017

15.10.2017 жылы 16 сағат 17 минутта, Әбілқайыр хан даңғылы №8, «Дина» гипермаркетінің 1-ші қабатында гриль пеші өртенді. Өртке ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары» ММ №1,2,3,4,18 өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 32 адам, 8 автокөлік, КӨСҚ 2 адам, 1 автокөлік, «Апаттар медицина орталығы» ММ жеке құрамынан 3 адам 1 автокөлік жіберілді. Өрт, өрт сөндіру бөлімшесі жеткенше жұмысшылардың күштерімен сөндірілді, оқпан берілген жоқ. Өрт алаңы 1 ш.м. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

15.10.2017

14.10.2017 жылы 20 сағат 34 минутта, Мәртөк ауданы, Кеңсахара ауылы, Ардагер көшесі, «Қазен» ШҚ-ның аумағында жиналып тұрған 1000 бума шөп өртенді. Өртке ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 11 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 4 адам, 1 автокөлік және Кеңсахара а/о ЕӨСҚ 7 адам, 1 техника жіберілді. Өрт 05 сағат 22 минутта шектелді, сөндіру жұмыстары жалғасуда. Өрт алаңы 1500 ш.м.

13.10.2017

12.10.2017 жылы 12 сағат 58 минутта, Ақтөбе қаласы, Жанақоныс ауылы, №322 учаскісі, Ақтөбе облысының наркологиялық диспансерінің жертөлесінде матрац өртенді. Өртке ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №1, 2, 3, 4, 18 өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 34 адам, 8 автокөлік, КӨСҚ 2 адам, 1 автокөлік жіберілді. Өрт 13 сағат 17 минутта шектелді, 13 сағат 18 минутта сөндірілді. Өрт алаңы 1 ш.м. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуды. Өрт сөндіру бөлімшесі жеткенше қауіпсіз аймаққа 125 адам, оның ішінде 25 қызметкер өз күштерімен шықты.

21.09.2017

20.09.2017 жылы 14 сағат 26 минутта, Қарғалы ауданы, аудан орталығынан 90 шақырым қашықтықта, Әлімбет а/о, Бөгембай батыр ауылының дала алқабында құрғақ шөп өртенді. Өртке Бөгембай батыр а/о ЕӨСҚ 4 адам, 2 автокөлік (МТЗ-80, Нива), Ебейті а/о ЕӨСҚ 12 адам, 5 техника (МТЗ-80, Нива,Уаз, АШ), және ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №10 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 4 адам, 1 автокөлік жіберілді. Өрт 04 сағат 50 минутта сөндірілді, өрт алаңы 1300 Га.

21.09.2017

20.09.2017 жылы 12 сағат 33 минутта, Ақтөбе қаласы, Құрашасай ауылының дала алқабында құрғақ шөп өртенді. Өртке ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №1,4 өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 11 адам, 3 автокөлік және Жанақоныс а/о ЕӨСҚ 13 адам, 2 техника (МТЗ-80) «Аумақтық оқу орталығынан» 30 адам, 1 автокөлік, ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ жіберілді. Өрт 21 сағат 45 минутта шектеліп, 22 сағат 45 минутта сөндірілді. Өрт алаңы 1200 Га.

20.09.2017

19.09.2017 жылы 15 сағат 48 минутта, Садовая көшесі, «АМТЖГ» АҚФ ауласында орналасқан 2 қабатты қазандық ғимаратының шатыры өртенді. Автоматты түрде №2 шақырту рангісі жарияланып, шақырту орнына Ақтөбе облысының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 3,2,1,4,18 өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 38 адам, 8 автокөлік, КӨСҚ 2 адам, 1 техника, ЖӨЗТ 2 адам, 1 техника, «Апаттар медицина орталығы» ММ 3 адам, 1 автокөлік, жергілікті полиция қызметі және қалалық электр жүйелері қызметкерлері жіберілді. Өрт 16 сағат 13 минутта шектеліп, 16 сағат 15 минутта сөндірілді. Алаңы 2 ш.м. Қазандық ғимараты «АМТЖГ» АҚФ тиесілі. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

10.09.2017

09.09.2017 жылы 09 сағат 14 минутта, Ақтөбе қаласы, Н. Қобландин көшесі , Н. Құсаинов атындағы дарынды балалар интернатының жер төлесінде тоңазытқыш өртеніп, жанында тұрған 2 тоңазытқыш зақымдалды. Өртке ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №1, 2, 3, 4, 18 өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 38 адам, 13 автокөлік, ЖӨТЗ 2 адам, 1 автокөлік, «Апаттар медицинасы орталығы» ММФ 3 адам, 1 автокөлік жіберілді. Өрт 09 сағат 41 минутта шектеліп, 09 сағат 48 минутта толықтай сөндірілді, өрт алаңы 2 ш.м. Оқиға орнынан 250 адам оның ішінде 237 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккендер жоқ.

04.09.2017
03.09.2017 жылы 08 сағат 35 минутта, Темір ауданы, аудан орталығынан 30 шақырым қашықтықта, Алтықарасу а/о, Сартогай жерінің дала алқабында құрғақ шөп жанды. Жануға 122 адам, 17 автокөлік оның ішінде ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №13 өрт сөндіру бөлімінің жедел топ 7 адам, 1 автокөлік (АШ), Алтықарасу а/о 20 адам, 4 автокөлік (Нива, 2 Уаз, 1 МТЗ-80 соқамен), Шұбарқұдық а/о ЕӨСҚ 35 адам, 6 автокөлік (2 Уаз, 2 Нива, 2 МТЗ соқамен), Ақсай а/о ЕӨСҚ 40 адам, 5 автокөлік (4 МТЗ-80 соқамен, ЗИЛ), 16 сағат 44 минутта Ақтөбе қаласынан ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №1,3,4 өрт сөндіру бөлімінің жедел топ 20 адам, 2 автокөлік (Паз, Нива) жіберілді. Өрт 04.09. күні 23 сағат 09 минутта шектелді, 02 сағат 17 минутта сөндірілді. Өрт алаңы 6000 Га.

03.09.2017
02.09.2017 жылы 19 сағат 18 минутта, Әйтекеби ауданы, аудан орталығынан 170 шақырым қашықтықта, Айке а/о, Жаңадәуір ауылының дала алқабында құрғақ шөп жанды. Жануға Айке а/о ЕӨСҚ 15 адам, 3 техника, Ақтасты ЕӨСҚ а/о 6 адам, 3 автокөлік және Сұлукөл а/о ЕӨСҚ 5 адам, 1 автокөлік жіберілді.

03.09.2017
02.09.2017 жылы 15 сағат 25 минутта, Темір ауданы, аудан орталығынан 45 шақырым қашықтықта, Алтықарасу а/о, Қызылжар жерінің дала алқабында құрғақ шөп өртенді. Өртке Шұбарқұдұқ а/о ЕӨСҚ 10 адам, 2 техника, Алтықарасу а/о 18 адам, 5 техника, Ақсай а/о 7 адам, 1 техника және ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №13 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 5 адам, 1 автокөлік, ТЖБ 2 адам жіберілді. Өрт 22 сағат 20 минутта сөндірілді, өрт алаңы 6000 Га. Далалық өрт салдарынан шабындық шөпті қорғау кезінде денесінің 45% күйік шалып (2-3 дәрежелі аяқ-қолдары және арқа бөлігі ), Темір аудандық ауруханасының хирургия бөліміне жатқызылды. Оқиға орнында жергілікті тұрғындардың күшімен мәйіті табылды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде, оқиғанын мән-жайы анықталуда.

26.08.2017
25.08.2017 жылы 11 сағат 19 минутта, Қарғалы ауданы, аудан орталығынан 90 шақырым қашықтықта, Велиховка а/о, Ақжайық ауылының ауданында дала алқабында құрғақ шөп өртенді. Өртке 28 адам, 6 автокөлік жіберілді, оның ішінде ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №10 өрт сөндіру бөлімінің жедел тобы 5 адам, 1 автокөлік (Нива), Әлімбет а/о ЕӨСҚ 6 адам, 2 автокөлік (К700 соқамен, Нива), Велиховка с/о ЕӨСҚ 6 адам, 1 автокөлік (Нива), Ашылысай а/о ЕӨСҚ 8 адам, 1 автокөлік (Нива), ММ «Орман шаруашлығы» 3 адам, 1 автокөлік (АШ-УАЗ). Өрт 20 сағат 00 минутта шектелді, 21 сағат 15 минутта сөндірілді. Өрт алаңы 520 Га.

26.08.2017
25.08.2017 жылы 05 сағат 00 минутта іздестіру жұмыстарына ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ жеке құрамынан 8 адам, 2 автокөлік (2 қайық) жұмылдырылып 07 сағат 15 минутта мәйіті 1,5 метр терең судан шығарылды

 

24.08.2017
23.08.2017 жылы 20 сағат 11 минутта, Қарғалы ауданы, аудан орталығынан 100 шақырым қашықтықта, Ашылысай а/о, Бөгенбай ауылының ауданында дала алқабында құрғақ шөп өртенді. Өртті сөндіруге ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 10 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 6 адам, 1 автокөлік, Әлімбет а/о ЕӨСҚ 15 адам, 4 автокөлік, Велиховка с/о ЕӨСҚ 45 адам, 8 автокөлік Ашылсай а/о ЕӨСҚ 20 адам 4 автокөлік, ММ «Косестек орман шаруашлығы» 8 адам 3 техника жұмылдырылды. Өрт 25.08.2017ж 23 сағат 30 минутта сөндірілді, өрт алаңы 2000 Га.

22.08.2017

21.08.2017 жылы 01 сағат 50 минутта, Әйтеке би ауданы, аудан орталығынан 80 шақырым қашықта, Үшқатты ауылы, Жүргенев көшесінде орналасқан үй өртеніп, өрт жабысарласып салынған моншаға ауысты. Шақырту орнына Ақтөбе облысының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №7 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 3 адам, 1 автокөлік және жергілікті участкелік полиция қызметкері жіберілді. Өрт 04 сағат 30 минутта шектелді, 04 сағат 50 минутта толықтай сөндірілді. Алаңы 80 ш.м. Өрт сөндіру барысында үй ішінен 1961 ж.т. денесі табылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

21.08.2017

20.08.2017 жылы 14 сағат 41 минутта, Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, №108 үйдің 17 пәтерінің ас бөлмесінде үй заттары өртенді. Шақырту орнына Ақтөбе облысының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №1, 3, 4 өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 11 адам, 3 автокөлік, ЖӨТЗ 2 адам, 1 автокөлік, жергілікті полиция қызметі, «АМО» ММФ 3 адам, 1 автокөлік жіберілді. Өрт 15 сағат 01 минутта шектелді, 15 сағат 07 минутта сөндірілді. Алаңы 6 ш.м. Оқиға орнынан 10 адам, оның ішінде 3 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Сонымен қатар 1987 ж.т екі қолының буыны және өкшелерінен термикалық күйік алып, Ақтөбе облысының ЖЖМК ауруханасына жеткізілді. Алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жағдайының қалыпты болуына байланысты үйіне қайтарылды. Пәтер иесі: 1980 ж.т. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

20.08.2017
19.08.2017 жылы 18 сағат 33 минутта, Ақтөбе қаласы, Заречный ауылы, Елек өзені, «Юрта» мейрамханасы ауданында, Кірпішті ауылы көпірнің астында суға түсуге тыйым салынған жерде үлкендердің қарауынсыз қалған 2014 ж.т. бала суға батып кеткені жөнінде ақпарат келіп түсті. Шақырту орнына ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ жеке құрамынан 13 адам, 2 автокөлік жіберілді. Іздестіру-құтқару жұмыстары 23 сағат 00 минутта тоқтатылып, 20.08. күні 06 сағат 00 минутта жалғастырылды. Нәтижесінде 09 сағат 05 минутта суға батып кеткен баланың денесін құтқарушылар 3 метр тереңдіктен алып шықты.

18.08.2017
17.08.2017 жылы 19 сағат 31 минутта, Ақтөбе қаласы, Кірпішті ауылы, Кірпішті көпірі ауданында, Елек өзеніне, суға түсуге тыйым салынған жерде ер адам суға батып кеткені жөнінде ақпарат келіп түсті. Шақырту орнына Ақтөбе облысының ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ жеке құрамынан 3 адам, 1 автокөлік және жергілікті полиция қызметкерлері жіберілді. Құтқарушылардың көмегімен су бетіне қалқып шыққан 1988 ж.т. денесі жағаға шығарылды.

18.08.2017
17.08.2017 жылы 15 сағат 29 минутта, Ақтөбе қаласы, Благодарный а/о, «Агро» ШҚ жиналып тұрған 1600 (480 тонна) бума шөп өртенді. Шақырту орнына Ақтөбе облысының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №18 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 3 адам, 1 автокөлік, ЖӨТЗ 2 адам, 1 автокөлік және полиция қызметкерлері жіберілді. Өрт 21 сағат 50 минутта шектелді, 01 сағат 50 минутта сөндірілді. Алаңы 400 ш.м.

16.08.2017
15.08.2017 жылы 20 сағат 09 минутта, Ақтөбе қаласы, О. Кошевой көшесі, жеке үйдің ауласында орналасқан шаруашылық құрылыстың ішіндегі газ баллоннан (сыйымдылығы 50 л) шыққан газдың ауадағы тарс етуі салдарынан, шаруашылық құрылысы өртенді. Өртке ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 1, 4 өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 12 адам, 2 автокөлік, КӨСҚ 2 адам, 1 автокөлік және «Апаттар медицинасы орталығы» ММ 3 адам, 1 автокөлік жіберілді. Оқиға салдарынан термикалық күйік жарақатын алған 1999 ж.т. (II-III «А» дәрежелі термикалық күйік, денесінің 80-85 %-ын құрайды) жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөлімшесіне және 2000 ж.т. (III дәрежелі термикалық күйік, денесінің 95 %-ын құрайды) Облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімшесіне жатқызылды.

16.08.2017
15.08.2017 жылы 11 сағат 10 минутта, Байғанин ауданы, аудан орталығынан 200 шақырым қашықтықта, Қызылбұлақ с/о аумағында дала алқабында құрғақ шөп өртенді. Өртке ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 8 өрт сөндіру бөлімінің жедел тобынан 1 адам, Қарауылкелді а/о 15 адам, 3 автокөлік, Қызылбұлақ а/о ЕӨСҚ 20 адам, 5 автокөлік, Жарқамыс а/о ЕӨСҚ 6 адам, 1 автокөлік, «Ақжар Ойл» ЖШС-нен 9 адам, 3 автокөлік, «Қазақ-түрік мұнай» ЖШС-нен 12 адам, 4 автокөлік, «Ақпан» ЖШС-нен 25 адам, 7 автокөлік жіберілді. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, өрт алаңы шамамен 7000 Га.

14.08.2017
13.08.2017 жылы 19 сағат 33 минутта Ақтөбе қаласы, «Абрикос» бау бақша ұжымы, Елек өзені, суға шомылуға тыйым салынған жерде, мас күйде 1983 ж.т. аз. суға батып кеткені туралы ақпарат келіп түсті. Шақырту орнына Ақтөбе облысының ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ жеке құрамынан 4 адам, 1 автокөлік жіберілді. Аталған азаматтың мәйіті су бетінен шығарылды.

13.08.2017
12.08.2017 жылы 20 сағат 53 минутта, Сатпаев көшесі 13, мектеп ауласында орналасқан ескі жылыжай өртенді. Шақырту орнына Ақтөбе облысының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №1, 4, 3, 2, 18 өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 33 адам, 7 автокөлік, Ақтөбе облысының ТЖД «Апаттар медицина орталығы» ММФ жеке құрамынан 3 адам, 1 автокөлік және полиция қызметі жіберілді. Өрт 21 сағат 10 минутта шектеліп, 21 сағат 18 минутта сөндірілді. Алаңы 60 ш.м. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

09.08.2017

08.08.2017 жылы 16 сағат 55 минутта, Қобда ауданы, аудан орталығынан 30 шақырым қашықтықта, Бегалы а/о, Калиновка ауылының ауданында дала алқабында құрғақ шөп және екі тіркеме тиелген шөп өртенді. Шақырту орнына, ТЖБ 2 адам, Бегалы/о ЕӨСҚ 20 адам, 4 автокөлік, Қобда а/о ЕӨСҚ 30 адам, 5 автокөлік, «Орман шаруашылығы» ММ 1 адам, 1 техника жіберілді. Өрт 01 cағат 40 минутта сөндірілді. Дала алқабында өрт алаңы 100 Га, шөп тиелген екі тіркемесінің өрт алаңы 24 ш.м.

07.08.2017

06.08.2016 жылы 14 сағат 25 минутта, Хромтау ауданы, Хромтау қаласынан 5 шақырым қашықтықта, Кубинка су қоймасында рұқсат етілмеген жерге мас күйінде суға шомылу барысында 1984 ж.т. аз. суға батып кеткені жөнінде ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына Хромтау ауданының ТЖБ бас маманы Сейтмагамбетова, ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ жеке құрамынан 4 адам, 1 автокөлік жіберілді. Құтқарушылардың күшімен 17 сағат 20 минутта мәйіті 10 метр терең судан шығарылды.

04.07.2017

03.07.2017 жылы 19 сағат 00 минутта, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Синька карьерінде қарт адам қайықпен жүзу барысында суға батып кеткені түралы ақпарат келіп түсті. Шақырту орнына ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары» ММ №10 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 3 адам, 1 автокөлік жіберілді. Оқиға орнына жеткен кезде 1956 ж.т.,мәйіті су бетінде қалқып жүргендігі анықталып құтқарушылардың көмегімен шығарылды.

03.07.2017
02.07.2017 жылы 16 сағат 15 минутта, Ойыл ауданы, (аудан орталығынан 100 шақырым) Саралжын және Ақкемер елді мекендерінің аралығында дала алқабында жоғары температура ошақтары байқалды. Жануға Ойыл а/о 15 адам, 2 автокөлік, Саралжын а/о ЕӨСҚ 20 адам, 4 автокөлік жіберілді.
03.07. 09 сағат 43 минутта сөндірілді. Жану алаңы 386 Га.

28.06.2017

27.06.2017 жылы 10 сағат 55 минутта, Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, Шалқар өзенінде 26.06.2017 жылы шамамен 22 сағат 00 минутта 1989 ж.т., балық аулау барысында батып кеткендігі жөнінде ақпарат келіп түсті. Іздестіру жұмыстарына Шалқар қалалық «Суда құтқару бекеті» жеке құрамынан 3 адам, 1 автокөлік, 1 қайық және ТЖБ бас маманы  жұмылдырылды. Нәтижесінде аталған азаматтын мәйіті 2,5 метр терең судан шығарылды.

27.06.2017
26.06.2017 жылы 13 сағат 57 минутта, Ақтөбе қаласы, К.Нокина көшесі, «Ырыс» дүкені ауданында, Сазды өзеніне 2009 ж.т. суға батып кеткендігі жөнінде ақпарат келіп түсті. Шақырту орнына Ақтөбе облысының ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ жеке құрамынан 4 адам, 1 автокөлік (1 қайық) жіберілді. Іздестіру жұмыстары 14 сағат 40 минутта денесі 2 метр тереңдіктен шығарылды.

23.06.2017
22.06.2017 жылы 09 сағат 36 минутта, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ ауылынан 20 шақырым қашықтықта, Самара-Шымкент тас жолының 946-шы шақырымында, Волгоград қаласынан Шымкент қаласына баражатырған, м/н, «Мерседес-Бенс» маркілі екі қабатты автобус 52 жолаушысымен жолдан шығып кетіп аударылуы салдарынан 52 адам (2 көлік жүргізушісі Қазақстан елінің азаматтары, 50 жолаушы Өзбекстан елінің азаматтары) зардап шегіп, оның ішінде 9 жолаушысы оқиға орнында қайтыс болып, 6 жолаушы аудандық орталық ауруханаға жатқызылды. 34 жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, уақытша «Әйтеке би ауданының көпсалалы колледжіне» жайғастырылды. Қалған 3 жолаушы өткінші көлікпен Шымкент қаласына жүрісін жалғастырды. Оқиға орнында ТЖ жоюға Ақтөбе облысының ТЖД «Апаттар медицинасы орталығы» ММФ-нан 9 адам, 2 автокөлік, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары» ММ №7 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 7 адам, 1 автокөлік, жергілікті әкімдіктен 3 адам, 1 автокөлік және аудандық ІІБ-нің жедел тергеу тобы жұмылдырылды.
Ақтөбе облысының ТЖД-нде және Әйтеке би ауданында «Қауырт желі» телефоны орнатылып, қазіргі уақытта барлығы 11 қоңырау шалушыға әртүрлі ақпарат ұсынылды.

08.06.2017
07.06.2017 жылы 18 сағат 10 минутта, Мәртөк ауданы, Мәртөк селосы, Әуезов көшесі, № 46-шы жеке үйдің ауласында м/н «УАЗ» маркілі автокөлігінде орналасқан газ құрылғысының жарылысы салдарынан, автокөлік толықтай өртенді. Өртке Ақтөбе облысының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 11 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 3 адам, 1 автокөлік жіберілді. Өрт 18 сағат 24 минутта шектеліп, 18 сағат 45 минуттта толықтай сөндірілді. Өрттің салдарынан I,II,III дәрежелі әртүрлі термикалық күйік жарақатын алған 1956 ж.т., 1972 ж.т. және 2006 ж.т. аудандық орталық ауруханаға жатқызылды.

08.06.2017
07.06.2017 жылы 16 сағат 56 минутта, Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, тойханасының жертөлесінде орналасқан караоке клубында жиһаздар өртеніп, өрт бөлменің төбесіне ауысты. Өртке №1 БИС рангісі жарияланып Ақтөбе облысының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 1,3,4 өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 25 адам, 4 автокөлік, «Апаттар медицинасы орталығы» ММФ 3 адам, 1 автокөлік жіберілді. Өрт 17 сағат 22 минутта шектеліп, 17 сағат 42 минуттта толықтай сөндірілді, өрт алаңы 50 ш.м. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

06.06.2017
05.06.2017 жылы 18 сағат 30 минутта, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылы, Переезд көшесі, тойханасының шатыры өртенді. Өртке Ақтөбе облысының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №8 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 10 адам, 2 автокөлік, Байғанин ауданының ТЖБ бастығы а.қ подполковнигі жіберілді. Өртке 18 сағат 34 минутта жетті. Өрт 19 сағат 15 минутта шектелді, 19 сағат 48 минуттта сөндірілді, өрт алаңы 350 ш.м. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі, шығыны анықталуда.

02.05.2017

01.06.2017 жылы 16 сағат 29 минутта, Ақтөбе қаласы, 12-ші мөлтек ауданы, Әбілқайыр хан даңғылы 16 «Б», Нұрғасыр мешіті ауданында, Саздинка өзеніне екі бала суға батып кеткені жөнінде ақпарат келіп түсті. Шақырту орнына Ақтөбе облысының ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ жеке құрамынан 4 адам, 1 автокөлік және 1 қайық, «Апаттар медицинасы орталығы» ММФ 3 адам, 1 автокөлік және полиция қызметкерлері жіберілді. Сонымен қатар оқиға орнына Ақтөбе облысының ТЖД бастығының орынбасары подполковник Қ.Ж. Қасым шықты. Оқиға орнында белгісіз жағдайда суға батып кеткен 2003 ж.т., 3 баланың мәйіттері Ақтөбе облысының ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ құтқарушыларының күшімен, тереңдігі 3 метр судан шығарылды. Тергеу жұмыстарын жүргізуде.

15.05.2017

14.05.2017 жылы 15 сағат 40 минутта, Алға ауданы, «Самара-Шымкент» тас жолының 690-шы шақырымында, м/н «Лада Ларгус», м/н «Mitsubishi Pajero» және м/н «ВАЗ 2107» маркілі автокөліктері соқтығысып, көлік ішінде қысылып қалған және зардап шеккен жолаушыларға көмек қажеттігі жөнінде ақпарат келіп түсті. Шақырту орнына Ақтөбе облысының ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ жеке құрамынан 3 адам, 1 автокөлік, «Апаттар медицинасы орталығы» ММФ-нан 3 адам, 1 автокөлік жіберілді. Жол көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында 3 адам (1979 ж.т. 1984 ж.т. және 1962 ж.т.) қайтыс болып, әртүрлі жарақат алған 10 адам, оның ішінде 2 бала (1984 ж.т.., 1996 ж.т., 1987 ж.т, 1942 ж.т. 1947 ж.т. 1967 ж.т. 1946 ж.т. 1978 ж.т. және 2 бала аты-жөні анықталуда) құтқарушылар көмегімен жедел жәрдем ауруханасына және облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

05.05.2017

04.05.2017 жылы 13 сағат 22 минутта, Байғанин ауданы, аудан орталығынан 120 шақырым қашықтықта, Қопа а/о, Ебейті ауылы, Тасқұдық мұнай кеңінен Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Жамансор кеңіне бағыт алған ЖШС «Тұлпар-Авто» мекемесіне тиесілі м/н «Камаз» маркілі мұнайтасымалдау автокөлігі аударылып өртенді. Өрт 14 сағат 30 минутта ЖШС «Пожарная автоматика сервис» жеке құрамынан 7 адам, 2 автокөлік күшімен сөндірілді. Оқиға орнына Байғанин ТЖБ аға инженері жіберілді. Ақпаратты анықтау барысында 490 ш.м., мұнай төгілгендігі және оқиға орнында 1965 ж.т.,(жүргізуші) қайтыс болғандығы анықталды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

19.04.2017

18.04.2017 ж. 09 сағат 53 минутта Ақтөбе қаласы, Жаңақоныс ауылы ауданы, Жіңішке өзенінде 13.04.2017 жылы 21 сағат 18 минутта суға батып кеткен 2007 ж.т. баланың мәйіті ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ жеке құрамының күшімен қамыс арасынан табылды.

31.03.2017

30.03.2017 жылы 09 сағат 00 минутта «Казгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, Ақтөбе облысының аумағында желдің ұйытқуы 26 м/с дейін сақталды.

27.03.2017

27.03.2017 жылы 04 сағат 31 минутта, Ақтөбе қаласы, Гоголь көшесі №89/1, көпқабатты үйдің пәтерінде үй заттары өртенді. Өртке Ақтөбе облысының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №2,3,4 өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 20 адам, 5 автокөлік, ӨСЖК 2 адам, 1 автокөлік және «Апаттар медицинасы орталығы» ММФ 3 адам, 1 автокөлік жіберілді. Оқиға орнына 04 сағат 42 минутта жетті. Өрт 05 сағат 02 минутта шектеліп, 05 сағат 18 минутта жойылды, өрт алаңы 20 ш.м. Өрт сөндіру барысында 1956 ж.т., мәйіті табылды, эвакуацияланған 25 адам, оның ішінде 6 бала, 9 адам құтқарылды, зардап шеккен 1992 ж.т., аз. медициналық көмек көрсетілді ауруханаға жатқызылу қажеті жоқ. Өрттің шығу себебі, шығыны анықталуда.

16.03.2017

15.03.2017 жылы 08 сағат 34 минутта, Ақтөбе қаласы, «Строитель-1» бау-бақша ұжымының, № 65-ші учаскесінің 1984 ж.т., 2010 ж.т. және 2007 ж.т. тұрғындары қатты отынмен жанатын жылыту пешінің ақаулығынан тұншықтырғыш газбен уланғаны жөнінде ақпарат келіп түсті (өрт жағдайы орын алған жоқ). 1-еуі ЖМҚК ауруханасының жансақтау бөлімшесіне, ал 2-еуінің Ақтөбе қалалық балалар ауруханасының жансақтау бөлімшесіне жатқызылғаны анықталды.

30.01.2017

29.01.2017 жылы 00 сағат 26 минутта, Ақтөбе қаласы, «Өндіріс аумағы» ауданы, «ЛПИ-БП» ЖШС-нің аумағында күзетшінің дүңгіршегі өртенді. Өртке Ақтөбе облысының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 12 адам, 2 автокөлік және ЖӨТЗ 2 адам, 1 автокөлік жіберілді. Өрт 01 сағат 05 минутта шектеліп, 01 сағат 17 минутта толықтай сөндірілді. Өрт алаңы 30 ш.м. Өртті сөндіру барысында ер адамның мәйіті табылды (күзетші), аты-жөні анықталуда. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда

05.01.2017

01.01.2017 жылы 01 сағат 57 минутта, Рыскулов көшесінде, үйдің бөлмесінен түтін шығып жатырғандығы туралы ақпарат келіп түсті. Өртке Ақтөбе облысының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары» ММ №4 өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 6 адам, 1 автокөлік, Ақтөбе облысының ТЖД «Апаттар медицина орталығы» ММ жеке құрамынан 3 адам 1 автокөлік, Ақтөбе облысының ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ жеке құрамынан 3 адам 1 автокөлік полиция қызметкерлері, «104» газ қызметі, қалалық электр жүйесі қызметі жіберілді.  Өртті сөндіру кезінде 02 сағат 20 минутта славян ұлтының ер адамының мәйіті табылды, аты-жөні анықталуда. 02 сағат 23 минутта №2 шақырту жарияланды. 02 сағат 24 минутта Ақтөбе облысының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №2,3,4,18 өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 45 адам, 10 автокөлік жіберілді. Оқиға орнында бөлмесінде үй заттары өртенді, өрт алаңы 16 ш.м. Өрт 03 сағат 11 минутта шектелді, 03 сағат 17 минутта сөндірілді. Өрттен 39 адам құтқарылды, оның ішінде 13 бала.

24.10.2016

23.10.2016 жылы 08 сағат 15 минутта, Әйтекеби ауданы, Қарабұтақ ауылынан 25 шақырым қашықтықта, Қызыл жұлдыз а/о, Былшық би көшесі, ауыл әкімшілік ғимаратында құрылыс қалдықтары өртенді. Өрт 08 сағат 38 минутта шектеліп, 08 сағат 40 минутта толықтай сөндірілді, өрт алаңы 1 ш.м. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

19.10.2016

18.10.2016 жылы 09 сағат 52 минутта, Елек көшесі, №11 «А» пәтерлі тұрғын үйдің шатыры мен қабырғасы өртенді. Өрт 11 сағат 00 минутта шектелді. Өрт 11 сағат 42 минутта толық сөндірілді. Өрт алаңы 200 ш.м. Өрт салдарынан Елек көшесі №11 «А» үй, №2-пәтерінің тұрғыны, 1952 ж.т., бетінен және қолынан термиқалық күйік алып, Актобе қаласы, жедел жәрдем ауруханасының травмотология бөліміне жатқызылды. Жағдайы бірқалыпты.

05.10.2016

04.10.2016 жылы сағ. 12-54, Ақтөбе қ. Алтынсарин к-сі, 14 «Тарихи-өлкетану мұражайының» мұрағат бөлмесі жанды, алаңы 1 ш.м. Өрт 13-40 шектеліп, 13-50 толық сөндірілді.

24.09.2016

23.09.2016 жылы 20 сағат 35 минутта, Ақтөбе қаласы, «Спецавтобаза-2» бау бақша ұжымы, учаскесінде орналасқан шаруашылық құрылыс өртенді. Өрт 20 сағат 56 минутта шектеліп, 21 сағат 00 минутта толық сөндірілді, өрт алаңы 15 ш.м. Өрт сөндіру кезінде 1952 ж.т., мәйіті табылды.

29.08.2016

28.08.2016 жылы 05 сағат 05 минутта, Хромтау ауданы, Хромтау қаласы, Берсиев көшесі, үйдің шатыры өртенді. Өрт 05 сағат 50 минутта шектеліп, 06 сағат 20 минутта толық сөндірілді. Өрт алаңы 120 ш.м. Өрт салдарынан 1932 ж.т., зардап шекті, жедел жәрдем автокөлігінде қайтыс болды.

22.08.2016

21.08.2016 жылы 07 сағат 20 минутта құтқарушылардың күшімен 20.08.2016 жылы балық аулау кезінде суға құлап, батып кеткені 1969 ж.т. азаматтың денесі 3 метр терең судан шығарылды.

16.08.2016

15.08.2016 жылы 00 сағат 45 минутта, «Самара-Шымкент» тас жолының 964 шақырымында, Көрпе ауылының жанында «Тойота Хайландер» маркалы автокөлігі өртенді. Өрт 00 сағат 56 минутта шектелді, 01 сағат 05 минутта толықтай сөндірілді. Өрт салдарынан, оқиға орнында 1 адам қаза тауып, 6 адам зардап шегіп, әр түрлі дене жарақаттарымен «Қарабұтақ» ҚЖМҚП құтқарушылары көмегімен, Әйтеке би ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Хирургия бөлімшесіне жаткызылды. (1973 г.р.; 1958 г.р.; 1991 г.р.; 1990 г.р.; 2001 г.р.;)

15.08.2016

13.08.2016 жылы 22 сағат 23 минутта Жанзақов көшесі, № 17-ші төрт пәтерлі үйдің, № 2 пәтерінде көрпе төсектен өрт шығып пәтердің еденіне ауысты. Өрт 22 сағат 37 минутта шектелді, 22 сағат 39 минутта толықтай жойылды, өрт алаңы 2 ш.м. Өрт салдарынан 1969 ж.т. аз. улы тұншықтырғыш газбен уланып Ақтөбе қаласының ЖМККА жеткізілді.

10.08.2016

09.08.2016 жылы 09 сағат 15 минутта, Ақтөбе қаласы, «Пригородный-1» ауылы, Қарғалы өзеніне суға шомылу кезінде батып кеткен 1972 ж.т. аз. мәйіті құтқарушылардың күшімен 1,5 метр терен судан шығарылды.

05.08.2016

04.08.2016 жылы 03 сағат 15 минутта, ағ. Жұбановтар көшесі 280, Қ.Жұбанов атындағы студенттер емханасы ғимаратының 1-ші қабатында ем шара қолдану бөлмесі өртенді. Өрт 03 сағат 50 минутта шектеліп, 04 сағат 20 минутта толықтай сөндірілді. Өрт алаңы 60 ш.м. Өрттен 1979 ж.т (күзетші) 2 дәрежелі иығынан термикалық күйік алып, Ақтөбе қаласының ЖМКА, травматология бөліміне жатқызылды, Қал жағдайы – бір қалыпты.

03.08.2016

02.08.2016 жылы 21 сағат 10 минутта, Мәртөк ауданы, Родниковка ауылында, 2007 ж.т. , 02.08.2016 жылы 14 сағат 10 минутта ауыл жанында орналасқан бөгетке шомылу кезінде суға батып кеткені жөнінде ақпарат келіп түсті. Оқиға орнынан 14 сағат 20 минутта жергілікті тұрғындар көмегімен, денесі 2 метр терең судан шығарылды.

03.08.2016

02.08.2016 жылы 20 сағат 12 минутта, Ырғыз ауылында, Ырғыз өзеніне шомылу кезінде, 2010 ж.т.  суға батып кеткені жөнінде ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына Ырғыз ауданының ТЖБ 2 адам 1 автокөлік жіберілді. Нәтижесінде, денесі шомылуға рұқсат етілмеген жерде, 1.5 метр тереңдіктен ТЖБ қызметкерлерінің көмегімен судан шығарылды.

01.08.2016

31.07.2016 жылы 02 сағат 25 минутта, аудан орталығынан 90 шақырым қашықтықта, «Әйтекеби-Никельтау» теміржол учаскесінің 1070 шақырымында , №8 пикет ауданында, «Құдықсай-Жоса» станциясында, Дөн Тау \Кен байыту комбинатынан СҚО Ақсу зауытына бағыт алған, хром рудасы тиелген №1611 жүк поезының, 22 вагоны (барлығы 48 вагон) темір жолдан шығып кету салдарынан 200 метр теміржол полотносы зақымдалғандығы жөнінде ақпарат келіп түсті. Төтенше жағдай орын алу салдарынан №20 «Астана-Атырау», №88 «Астана-Ақтөбе», №2008 «Тобыл-Қандыағаш» (жүк поезы) уақытша Әйтеке би аудандық станциясында және №57 «Орал-Астана» поезы Аққұдық станциясында тоқтатылды. Темір жолды қайта қалпына келтіру жұмыстары 15 сағат 30 минутта аяқталды.15 сағат 50 минутта №20 «Астана-Атырау» поезы, 16 сағат 15 минутта №88 «Астана-Ақтөбе» поезы, 19 сағат 40 минутта №57 «Орал-Астана» поезы және 23 сағат 25 минутта №2008 «Тобыл-Қандыағаш» (жүк поезы) алған бағытта жүрісін жалғастырды.

01.08.2016

29.07.2016 жылы 13 сағат 10 минутта, Ақтөбе қаласы, 11-ші мөлтек ауданы, Әз-Наурыз көшесі, № 4-ші мекен жайда орналасқан «Кабиев» ЖШС-не тиесілі «Дина» супермаркетінің шатыры өртенді. Өртке Ақтөбе облысының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 1, 2, 3, 4, 18 өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 35 адам, 10 автокөлік, «Апаттар медицинасы орталығы» ММФ-нан 3 адам, 1 автокөлік жіберілді. Өрт, өрт сөндіру бөлімшесі келгенше супермеркет қызметкерлерінің күшімен сөндірілді, өрт алаңы 4 ш.м. Оқиға орнында «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің жеке құрамының күшімен 65 адам (оның ішінде 45 жұмысшы) уақытша қауіпсіз аймаққа көшірілді. Зардап шеккен адам жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

24.07.2016

23.07.2016 жылы 17 сағат 11 минутта, Қандыағаш қаласында қатты жаңбыр жауып, салдарында 8 март , Сейфулин , Пионер, Есет батыра, Жамбыл ,Қарағанды, Рабочий , Желтоқсан, Нефтяников , Новая , Қандыағаш , Первомаевская , Гагарина, Жұбанов және «Самал-2» , «Жастар» , «Дружба» мекен жайларда орналасқан жеке үйлердің аулаларына жаңбыр суларың жиналу жөнінде ақпарат келіп түсті. Шақырту орнына Ақтөбе облысының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 1, 2, 3, 4, 6 12 өрт сөндіру бөлімдерінің шұғыл тобы 20 адам, 3 автокөлік (6 мотопомпа), жергілікті әкімшіліктен 20 адам, 4 автокөлік жіберілді. Шақырту орнында 26 тұрғын үйлердің аулаларынан және 5 жеке үйдің ішінен су сору жұмыстары жалғасуда, сорылған су көлемі 800 м3. Авариялық құтқарұ жұмыстарын жүргізу барысында құтқарушылардың күшімен «Самал-2» мөлтек ауданының № 13-ші үйдің тұрғындары 8 адам (оның ішінде 4 бала) уақытша «Кемпинг» қонақ үйіне көшірілді. Зардап шеккен адам жоқ.

20.07.2016

19.07.2016 жылы 21 сағат 49 минутта, Байғанин ауданы, аудан орталығынан 60 шақырым қашықтықта, Сарытоғай с/о, Алтай батыр селосы, Сағыз өзенінде, 16 сағат 30 минут шамасында, суға шомылу кезінде 2002 ж.т., аз. суға батып кеткендігі жөнінде ақпарат келіп түсті. 17 сағат 20 минутта мәйіті жергілікті тұрғындардың күшімен 2 метр терең судан шығарылды.

15.07.2016

14.07.2016 жылы 19 сағат 55 минутта, Хромтау ауданы, аудан орталығынан 80 шақырым қашықтықта, Көктау ауылы, Ор өзенінде 19 сағат 17 минут шамасында, суға шомылу кезінде 3 адам суға батып кеткендігі жөнінде ақпарат келіп түсті. Оқиға орнында 1999 ж.т. , 2000 ж.т. және 2000 ж.т., мәйіттері жергілікті тұрғындардың күшімен 6 метр терең судан шығарылды.

12.07.2016

11.07.2016 жылы 08 сағат 16 минутта, Мәртөк ауданы, аудан орталығынан 45 шақырым қашықтықта, Карачаев а/о, «Черная» бөгетінде 10.07.2016 жылы 20 сағат 00 минут шамасында, суға шомылу кезінде 2010 ж.т., суға батып кеткендігі жөнінде ақпарат келіп түсті. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Ақтөбе облысының ТЖД «Жедел құтқару жасағы қызметі» ММ жеке құрамынан 3 адам, 1 автокөлік, аудандық ТЖБ инженері және Мәртөк аудандық ІІБ-нен 4 адам, 1 автокөлік жұмылдырылды. Оқиға орнына ТЖД «Жедел құтқару жасағы қызметі» ММ-нің сүңгуірлері жеткенше, аз. мәйіті полиция қызметінің күшімен 2 метр терең судан шығарылды

08.07.2016

07.07.2016 жылы 23 сағат 22 минутта, Қандыағаш қаласы, орталықтан 15 шақырым арақашықтықта, «Электростанция» бау-бақша ұжымы учаскесінде орналасқан саяжай үй өртенді. Өртке Ақтөбе облысының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 12 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 4 адам, 1 автокөлік жіберілді. Өрт 00 сағат 15 минутта шектелді, 00 сағат 30 минутта сөндірілді. Өрт алаңы 7 ш.м. Өртті сөндіру кезінде 1953 ж.т., үй иесінің мәйіті табылды. Өрттің шығу себебі мен шығындары анықталуда.

07.07.2016

06.07.2016 жылы 15 сағат 16 минутта, Абай даңғылы, №7 үй, пәтердің асханасында орналасқан жиһаз өртенді. Өртке Ақтөбе облысының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 10 адам, 3 автокөлік және «Апаттар медицинасы орталығы» ММ 3 адам, 1 автокөлік жіберілді.Өрт ӨСБ келгенше өз күштерімен сөндірілді.Алаңы 1,5 ш.м. Өрт салдарынан 1970 ж.т. аз.,Ақтөбе қаласының ЖЖМА көпсалалы терапия бөліміне жатқызылды. Диагнозы – улы тұншықтырғыш газбен уланған және тыныс алу жолдары күйген. Жағдайы бірқалыпты. 1991 ж.т. аз. Медициналық тексеруден кейін уйіне қайтарылды. Өрттің шығу себебі мен шығындары анықталуда.

04.07.2016

03.07.2016 жылы 19 сағат 45 минутта, Шалқар қаласы, Шалқар көлінде балық аулау кезінде балықшылар мінген қайықтың ауып кетуі салдарынан екі адам суға құлап кеткені жөнінде ақпарат келіп түсті. Шақырту орнына Ақтөбе облысының ТЖД «Жедел құтқару жасағы қызметі» ММ құрамынан 3 адам 1 автокөлік (2 қайық) және Шалқар ауданының ТЖБ аға инженері жіберілді. Құтқарушылар көмегімен, суға батып бара жатырған 1982 ж.т. құтқарылып, 1992 ж.т. көмек келгенше суға батып кеткені анықталды. 21 сағат 10 минутта денесі 2 метр тереңдіктен, судан шығарылды.

27.06.2016

26.06.2016 жылы 07 сағат 23 минутта, орталықтан 150 шақырым арақашықта, Саркөл а/о, Саркөл ауылы, Геолог көшесі, жеке үйдің шатырынан өрт шығып үй толықтай өртенді. Өртке «Өрт сөндіруші» АҚФ №20 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 8 адам, 2 автокөлік жіберілді. Өрт 08 сағат 05 минутта шектелді, 08 сағат 35 минутта толықтай сөндірілді. Өрт алаңы 100 ш.м. Өрт салдарынан 2-дәрежілі күйік жарақатын алған 2007 ж.т, Кенкияк ауылдық ауруханасының хирургия бөліміне жатқызылды, жағдайы бірқалыпты. Үйдің иесі: 1964 ж.т., Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

20.06.2016

19.06.2016 жылы 10 сағат 34 минутта, Қандыағаш қаласы, Байғанин көшесі №1 Г, «ИП Котовский» темір қабылдау пунктінің аумағында темір кесу кезінде снарядқа ұқсас заттан жарылыс орын алып, жарықшақтар ұшып бетон қоршауынан өтіп, жанында орналасқан Новая көшесі  үйдің ауласындағы құмға тиіп, 2 қабатты үйдіің терезесінің әйнектері сынды. Ғимаратқа зақым келген жоқ, зардап шеккен адам жоқ. Шақырту орнына Ақтөбе облысының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ №12 өрт сөндіру бөлімінің және ТЖБ 7 адам, 2 автокөлік, Мұғалжар ауданының ІІБ жедел тобынан 25 адам, 3 автокөлік жіберілді. Ақтөбе қаласынан «Арлан» арнайы тобынан 5 адам, 1 автокөлік және ҚР Қорғаныс Министрлігінің №30238 әскери бөлімінен 5 адам, 1 автокөлік жіберілді. Тексеру барысында, оқиға орын алған жерде екінщі снаряд БМ-24, 230 мм диаметрі, ұзындығы 1 м 99 см. табылды. Табылған оқпан №30238 әскери бөлімінің қызметкерлерімен жоюға алынды.

20.06.2016
17.06.2016 жылы 08 сағат 13 минутта Хромтау ауданы, Бөгетсай селолық округі, Ор өзенінде балық аулау барысында 1963 ж.т. аз. суға батып кеткені туралы Хромтау аудандық ІІБ кезікшісінен ақпарат келіп түсті. 08 сағат 10 минутта аз. мәйіті жергілікті тұрғындардың көмегімен 2 метр терең судан шығарылды.

16.06.2016

15.06.2016 жылы 10 сағат 51 минутта, Ырғыз ауданы, Ырғыз өзенінде, суға түсуге тыйым салынған жерде 2000 ж.т. аз. батып кеткені жөнінде ақпарат келіп түсті. Шақырту орнына Ырғыз ауданының ТЖБ қызметкерлері 7 адам, ІІБ қызметкерлері 7 адам, 2 автокөлік, әкімшілік және ауыл тұрғындары 14 адам, 3 автокөлік (барлығы 28 адам) жіберілді. 12 сағат 05 минутта полиция қызметкерлерінің көмегімен аз. денесі 2 метр тереңдіктен шығарылды.

06.06.2016

05.06.2016 жылы 16 сағат 33 минутта, Ақтөбе қаласы, К. Нокин көшесі, Автобөлшектер жәрмеңкесіне қарама-қарсы бетте, «Елек» өзеніне рұқсат етілмеген жерге суға шомылу кезінде аз. суға батып кеткендігі жөнінде ақпарат келіп түсті. Шақырту орнында Ақтөбе облысының ТЖД «Жедел құтқару жасағы қызметі» ММ-нің құтқарушыларының күшімен (3 адам, 1 автокөлік) 17 сағат 25 минутта 1997 ж.т., аз. мәйіті 1 метр терең судан шығарылды.

27.05.2016

26.05.2016 жылы 19 сағат 21 минутта, Ақтөбе қаласы, Елек өзені, Жилгородок жағажайында, «Жедел құтқару жасағы» ММ қызметкерлерінің кезекті бақылау жүргізуі кезінде тексеру барсында 1999 ж.т. аз., суға батып кеткен 1994 ж.т. аз. денесін өз еркімен жағаға шығарғысы келгені анықталды. Суға батып кеткен аз. денесі құтқарушылар көмегімен іздестіріліп, 22 сағат 00 минутта уақытша тоқтатылды.

27.05.2016

26.05.2016 жылы 13 сағат 12 минутта, Хмельницкая көшесі, үйдің ас бөлмесінде үй заттары өртеніп, бөлменің төбесіне ауысты. Өртке Ақтөбе облысының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 1 және 4 өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 13 адам, 2 автокөлік, ЖӨТЗ 2 адам, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ құрамынан 3 адам, «104», «102» қызметі жіберілді. Өрт 13 сағат 24 минутта шектелді, 13 сағат 30 минутта толықтай сөндірілді. Алаңы 5 ш.м. Өрт салдарынан Ақтөбе қаласының жедел жәрдем медициналық көмек көрсету ауруханасына: 1) 1941 аз. - екі қолынан, мойынынан және бетінен куйік алып травмотология бөліміне жатқызылды. 2) 1934 ж.т. аз. - улы тұңшықтырғыш газбен уланып терапия бөлеміне жатқызылды. 3) 1973 ж.т. аз. - екі табанынан жеңіл дәрежелі куйік алды, ауруханаға жатқызудан бас тартты. 4) 14.03.2016 ж.т. аз. денсаулығын тексеру мақсатында Қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізілді, бас терісінен жеңіл жарақат алғаны анықталып жағдайының қалыпты болуына сәйкес үйіне қайтарылды. Үйдің иесі: 1934 ж.т. аз. Өрттің шығу себебі мен шығыны аңықталуда.

09.05.2016

08.05.2016 жылы 13 сағат 35 минутта, АФЗ-ның №4-ші цехында жарылыс болғаны жөнінде ақпарат түсті. Шақырту орнына Ақтөбе облысының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №1, 2, 3, 4, 18 өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 33 адам 9 автокөлік, ЖӨЗТ 2 адам 1 автокөлік, Ақтөбе облысының ТЖД «Апаттар медицина орталығы» ММ жеке құрамынан 3 адам 1 автокөлік, ІІД полиция кызметінен 6 адам 2 автокөлік жіберілді. Тексеру барысында, №4-ші цехтың жұмыс жасамайтын 41-ші пешін жуып-тазалау жұмыстары кезінде, керосин куйылған пластмассалық бөшке жарылғаны аңықталды. Жарылыс салдарынан, қызмет көрсетуші «МФ-Универсал» ЖШС-нің 2 қызметкері, Қарағанды облысының тұрғындары: 1990 ж.т. аз. және 1988 ж.т. аз. қайтыс болды. Жарылыс, зауыттың жұмыс процессіне немесе ғимаратқа зақым келтірген жоқ.

06.05.2016

05.05.2016 жылы 23 сағат 32 минутта, Маресьев көшесі, №11 үй, пәтерде үй заттары (перде) өртенді. Өртке Ақтөбе облысының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 11 адам, 4 автокөлік, ЖӨЗТ 2 адам, 1 автокөлік, АМО 3 адам, 1 автокөлік, «102», «103», «104» қызметтері жіберілді. Өрт ӨСБ келгенше сөндірілді. Алаңы 0,5 ш.м. Өрт салдарынан Ақтөбе қаласының жедел жәрдем медициналық көмек көрсету ауруханасына, 1986 ж.т. аз., 2-3 дәрежелі термикалық күйік алып (оң қолының буыны) травмотология бөлімшесіне жатқызылды. Жағдайы - бірқалыпты. Пәтер иесі: 1963 ж.т. аз. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

11.04.2016

10.04.2016 жылы 23 сағат 06 минутта, Чекалин көшесі, №36 үй, пәтердің ас бөлмесі өртенді. Өртке Ақтөбе облысының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 15 адам, 5 автокөлік, КӨСҚ 1 адам, 1 автокөлік, «АМО» қызметі, «103» қызметі, «102» қызметі, қала эл. желісі және газ қызметі жіберілді. Өрт 23 сағат 30 минутта шектеліп 00 сағат 30 минутта толықтай сөндірілді. Алаңы 8 ш.м. Пәтер иесі, өрттің шығу себебі мен шығыны аңықталуда. Өрт салдарынан 6 адам, оның ішінде 1 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Ақтөбе қаласының жедел жәрдем медициналық көмек көрсету ауруханасына 1968 ж.т. аз. 3 дәрежелі термикалық күйік алып (екі қолы) реанимация бөліміне жатқызылды, 1947 ж.т. аз. және 1967 ж.т. аз. улы тұншықтырғыш газбен улану диагнозымен аурухананың көп профильді бөлімшесіне жатқызылды. Сонымен бірге Ақтөбе қаласының балалар емханасына 6 бала тексерілу мақсатында жеткізіліп, денсаулықтарының жақсы болуына байланысты үйлеріне қайтарылды.

18.03.2016

18.03.2016 ж. ауа-райының бұзылуына байланысты Қарғалы және Хромтау аудандарында көктайғақ,боран соғады. Оңтүстік батыстан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кей жерлерде желдің ұйытқуы 23 м/с дейін.

14.03.2016

11.03.2016 жылы 22 сағат 00 минутта Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Әйтеке би- Никельтау темір жол бойының 1104-ші шақырымы, Аққұдық – Жоса тасымалында, машинист Б. Иманбаевтің басқаруындағы тепловоз № 0373 «СТРУГ» қар тазалау машинасы жолдан шығып кету салдарынан ұзындығы 25 метр темір жол полотносы зақымдалды. Зардап шеккен адам жоқ. Авариялық жөндеу жұмыстары 06 сағат 00 минутта толық аяқталды. Жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында № 3473 және № 2004 жүк поездарының қозғалысы 1 сағатқа, № 87-ші «Тальго» (Ақтөбе-Астана) жолаушы тасымалдаушы поездының қозғалысы 5 сағат 30 минутқа тоқтатылды. 06 сағат 00 минутта темір жол қозғалысы толық қалпына келтірілді.

14.03.2016

11.03.2016 жылы 23 сағат 30 минутта Ақтөбе облысының Алға, Мәртөк, Мұғалжар, Хромтау және Қарғалы аудандарының аумағында қатты көктайғақ, электр желілері бойында мұз қату қауіпі күтілуде. «Қазгидромет» РМК-ның Ақтөбе облысы бойынша дауылды ескертуіне сәйкес 12-ші наурызда облыс аумағында жауын-шашын және көктайғақ болуы сақталады. Осы негізде барлық әкімшіліктерге, азаматтық қорғау қызметтеріне, сонымен қатар Департаменттің бағынысты бөлімшелеріне хабарлама жіберілді. Облыс және қала тұрғындарына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ескерту ақпараттары жолданды. Сонымен қатар «Теле-2», «Алтел», «Кселл», «Кар-Тел» ұялы байланыс операторлары арқылы SMS-хабарлама таратылды.

14.03.2016

12.03.2016 жылы 06 сағат 15 минутта Ақтөбе қаласы, Әйтеке би көшесінде орналасқан Елек полиция бөлімінің әкімшілік ғимаратының 1-ші қабатында орналасқан Әкімшілік полиция басқармасының бөлмесінде бейне монитор және стол өртенді. Өртке Ақтөбе облысының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 1, 2, 3, 4, 18 өрт сөндіру бөлімдерінінің жеке құрамынан 35 адам, 10 автокөлік, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ жеке құрамынан 3 адам № 1 автокөлік жіберілді. Өрт 06 сағат 50 минутта шектелді, 06 сағат 57 минутта толықтай жойылды. Ғимарат Ішкі істер департаментіне тиесілі. Зардап шеккен адам жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығыны аңықталуда.

03.03.2016

03.03.2016 жылы 17 сағат 28 минутта Қарғалы ауданы, Петропавловка ауылы, Гагарин көшесі үй өртенді. Шақырту орнына Ақтөбе облысының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық қызметі» ММ № 18, 2 өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 12 адам, 3 автокөлік және 1 ЖӨТЗ автокөлігі жіберілді. Өрт 18 сағат 32 минутта шектелді, 18 сағат 55 минутта толықтай жойылды. Өрт алаңы 35 ш.м. Өртті сөндіру барысында 2006 ж.т. аз. мәйіті табылды. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

22.02.2016

20.02.2016 жылы 06 сағат 38 минутта Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы № 65 үй, пәтердің жатын бөлмесінде матрац өртенді. Өртке Ақтөбе облысының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 11 адам, 3 автокөлік, «Апаттар медициналық орталығы» 3 адам, 1 автокөлік жіберілді. Өрт 06 сағат 51 минутта шектелді. Өрт 06 сағат 52 минутта толықтай жойылды. Өрт алаңы 1ш.м. Өрттен 1994 ж.т. аз. улы тұншықтырғыш газбен уланып ЖМККА-ның жансақтау бөліміне жатқызылды, жағдайы ауыр. Иесі, өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

04.01.2016

03.01.2016 жылы 10 сағат 30 минутта ауа-райының бұзылуына байланысты қар,қатты боран соғады, шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 25 м/с.