ТЖД туралы БАҚ |
![]() |
![]() |
![]() |
Ақтөбелік өрт сөндірушілер үш баланы аман алып қалды толығырақ Сағыныштың ерлігі толығырақ Балаларымыз өрттен келетін қауіпті біле ме? толығырақ Көкметгі су тасқыны толығырақ
01/02.2018 г. "АҚТӨБЕ" Көктемгі су тасқынына дайындық жүргізілуде толығырақ02.03.2018 г. "АҚТӨБЕ" Азаматтық қорғаныс жайы түсіндірілді толығырақ28.02.2018 г. "Aktobetv" Ақтөбеде 43 елдімекенді су басу қаупі бар толығырақ05.03.2018 г. "РИКА" Ақтөбеде "Көктем-2018" оқу-жаттығуы өтті толығырақ01.03.2018 г. "КЕРЕК INFO" АҚТӨБЕ СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫН БА? толығырақ28.02.2018 г. "Kazinform" Ақтөбеде өзен жағасындағы саяжай тұрғындары жаңа ауданға көшіріледі толығырақ28.02.2018 г. "Kazinform" Ақтөбеде су тасқынын алдын алу жұмыстары түсіндірілді толығырақ05.03.2018 г. "Kazinform" Құтқарушылар көктемгі су тасқынына дайындықтарын тексереді толығырақ28.02.2018 г. "Kazinform" Ақтөбеде 43 елді мекенді су басу қаупі бар -ТЖД толығырақ23.02.2018 г. "Хабар" Ақтөбе облысында құтқарушыларға 150-ге жуық жүзу құралы берілмек толығырақ16.02.2018 г. "Хабар" Ақтөбеде өрт сөндірушілер жол бойында ерекше акция өткіздіАқтөбенің орталық көшелерінің бірінде жеңіл көлік өртке оранды. Аяқ астынан тұтанған отты сөндіруге жүргізушінің шамасы жетпеген. Ең сорақысы, дәл осы жолмен өтіп бара жатқан көлік жүргізушілерінің көбісі тоқтап, көмек көрсете қоймады. Төтенше жағдайлар қызметі мен «өрт қауіпсіздігі» қауымдастығы бірлесе өткізген әлеуметтік акцияда мамандар осындай самарқаулыққа көз жеткізді. Жалпы былтыр көліктің отқа орануына қатысты облыста 200-дей оқиға тіркелген. Бүгінде осы мәселе төтенше жағдайлар қызметін алаңдатып отыр. толығырақ 19.10.2017 ж.
«Рика ТВ» телеарнасы – «Тәулік» бағдарламасы - ҚҰТҚАРУШЫЛАР күні https://youtu.be/ny7ilVSGa-g?t=457
Хабар КӨПТІҢ АЛҒЫСЫН АЛҒАН АҚТӨБЕЛІК 3 ҚҰТҚАРУШЫНЫҢ ЕСІМІ ЕЛ АУЗЫНДА ЖҮРӨзгеге үлгі боларлық, өз ісінің мықтылары Төтенше жағдайлар комитеті сапында да жетіп артылады. Қазір талайды қауіптен құтқарып, көптің алғысын алған ақтөбелік үш құтқарушының есімі ел аузында жүр. Олар – Рустам Жанқұлов, Шоқан Шәуенов және Мағжан Ахетов. Бүгінгінің батырларымен өңірдегі тілшіміз Нұргүл Қонақбаева кездесіп қайтты. «Адамдардың өмірін сақтап қалу – ең мәртебелі іс», – дейді Жедел құтқару жасағы бастығының орынбасары Рустам Жанкұлов. Ол жетекшілік еткен құрамдағы 10 адам қыста қалың қар құрсауында қалған 50 адамды құтқарып, 200-ден астам көлікті шығарып алды. Рустам Жанқұлов, облыстық ТЖД Жедел-құтқару жасағы бастығының орынбасары -Біз күнделікті тірлікте адамдардың өміріне жауапкершілікпен қараймыз. Мәселен, жұмыстан тыс кезде де құтқарушы екенімізді ұмытпаймыз. Бірде жұмыстан бос кезде көшеде келе жатқанда көз алдымда бір оқушы қыз құдыққа абайсызда құлап кетті. Дереу барып шығарып алдым. Тереңдігі 3 метр құдыққа қасымдағы басқа адамдардың түсуге жүрегі дауаламай, абдырап қалғаны рас. Еңбегімен дараланған тағы бір құтқарушы – Шоқан Шәуенов. Ол қалың боранда арнайы жүрдек техниканың көмегімен жолсызда далада қалған 17 жолаушыны құтқарып қалды. Бұл да батылдық. Шоқан Шәуенов, Жедел құтқару жасағының бас маманы - Богословка аумағында 20 шақты адам қалды. Боранда жол дұрыс көрінбегендіктен әрқайсысының ойы, бағыты әртүрлі болып әр бағытқа кеткен. Соларды табу шамалы қиындатты. Уақытында тауып, көмек көрсеттім. Ал тағы бір құтқарушы 21 жастағы Мағжан Ахетов 20 рет облыс жолдарында қыста қар құрсауында қалғандарды құтқару шараларына қатысып, қайсарлығымен көзге түскен. Ол биыл көктемде ағысы қатты өзен арналарын бекіту мен жазда судан құтқару жұмыстарына да белсенді атсалысқан. Мағжан Ахетов, Жедел құтқару жасағының құтқарушысы -Үш жылдан асты осы мекемеде жұмыс істеп жатқаныма. Адамға көмек көрсету, әртүрлі жағдайлар болады. Қыстағы боранда қалған жағдайлар бар. Қарапайым халықтан алғысымызды аламыз. Рахметін айтады бізге. Ақтөбедегі Жедел құтқару жасағы өткен жылы 519 рет шақырту алған. Түрлі апаттардан 332 адамды құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
|