Бас мәзір

Жедел жағдай

2018
Тамыз
MoTuWeThFrSaSu
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  

Департаменттің сенім

телефоны

8(7132) 54-50-25

Өзіндік қауіпсіздік

тобының сенім телефоны

8(7132) 55-00-30

БІРЫҢҒАЙ

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
1402

Интерактивті сұрақ

Сіз біздің ұйым жұмысының нәтижелерін қалай бағалайсыз?
 
Авторизациялау

Есептегіш

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін4481
mod_vvisit_counterКеше3760
mod_vvisit_counterБір аптада15095
mod_vvisit_counterБір айда59511
mod_vvisit_counterӨткен айда177344
mod_vvisit_counterБарлығы4170728

ban kaz

Жаңалықтарға жазылу

Сайт бойынша iздестiру

prezident
 
resizei
kyzmet
 
kabildau

Негізгі бет Халық үшін Өтініштер және сұрау белгілері Өтініштер және сұрау белгілері
Өтініштер және сұрау белгілері PDF Басып шығару E-mail

«Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша

Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Төтенше жағдайлар департаменті (облыс немесе республикалық маңызы бар қала көрсетіледі) басшысы (бастығы)
__________________ мырзаға

Өтініш

Авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарын тіркеуге (есептік тіркеу)
_______________________________________________________________
(ұйымның атауы)
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 33) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Сізден авариялық-құтқару қызметін (құрылымын)
____________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
тіркеуді сұрайды.
Қосымша авариялық-құтқару жұмыстарының белгіленген түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына куәліктің көшірмесі.

______________ ____________
(көрсетілетін қызметті алушының лауазымы) (көрсетілетін қызметті алушының қолы)

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы «24» 04
№ 394 бұйрығына
3-қосымша

«Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын
тіркеу (есептік тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Комитет) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік Төтенше жағдайлар комитетінің облыстар, Астана мен Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден бастап сағат 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден сағат 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес қағаз құжат нысанындағы өтініш;
2) авариялық-құтқару жұмыстарының белгіленген түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына куәліктің электрондық көшірмесі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

10. Қызмет берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша қызмет берушінің басшысының атына немесе 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 2 кіреберіс мекенжайы бойынша Комитет басшысының атына жіберіледі.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Комитеттің кеңселері арқылы қолма-қол тапсырылады.
Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Комитеттің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қолын қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Комитеттің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап
5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген
жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге талаптар

12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орынның мекенжайы мынадай интернет-ресурстарда орналасқан:
1) көрсетілетін қызметті берушінің
2) Комитеттің: www.emer.kz, «Комитет» бөлімі, «Комитет туралы» бөлімі, «Аумақтық бөліністер» бөлімі, «Байланыстар» айдары.
3) Министрліктің: www.mvd.kz, «ҚР ІІМ құрылымдық бөліністері» баннері, «Төтенше жағдайлар комитеті» бөлімі, «Комитет» бөлімі, «Комитет туралы» бөлімі, «Аумақтық бөліністер» бөлімі, «Байланыстар» айдары.
13. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің байланыс телефоны көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің және Министрліктің интернет-ресурстарында орналасқан.

«Төтенше жағдайларды жою кезінде
құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі
қызметті жүзеге асыратын субъектілерді
аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша

Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК
Төтенше жағдайлар департаменті
(облыс немесе республикалық маңызы
бар қала көрсетіледі) басшысы
(бастығы) _________________ мырзаға

Аттестаттау өткізуге
өтініш

_______________________________________________________________
(ұйымның атауы)
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан
Республикасы Заңының 27 бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып,
Сізден қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарап,
авариялық-құтқару жұмыстарды жүргізу құқығына куәлік алу үшін
___________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
аттестаттау өткізу сұрайды.
Қосымшалар:
1) қызмет көрсетілетін объектінің жоспарының көшірмелері;
2) ықтимал қауіпті объектілердің, аумақтардың және оларда болжанған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың негізгі сипаттарының көшірмелері;
3) өрт сөндіру автомобильдерінің өрттерді сөндіруге дайындығын техникалық байқау актілерінің көшірмелері;
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша жүргізетін жұмыс түрлерінің тізбесінің көшірмесі;
5) жарғының көшірмесі;
6) ұйымдық-штаттық құрылымының электрондық көшірмесі;
7) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарға тікелей тартылатын құтқарушылардың жеке куәлігі мен кітапшаларының көшірмесі;
8) жедел көліктің, арнайы техниканың және жабдықтың болуы туралы құжаттардың көшірмелері;
9) оқу-материалдық база туралы мәліметтердің (арнайы сыныптардың болуы, оларды жарақтандыру, оқу қалашығының схемасы, оларды орналастыру орындары) көшірмелері.
_________________________________________ ________________________
(көрсетілетін қызметті алушының лауазымы) (көрсетілетін қызметті
алушының қолы)

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 394 бұйрығына
2-қосымша

«Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Комитет) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік Төтенше жағдайлар комитетінің облыстар, Астана мен Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына куәлік.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден бастап сағат 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден сағат 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) жарғы көшірмесі;
3) авариялық-құтқару қызметінің және құралымының ұйымдық-штаттық құрылымы;
4) «Жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлік бланкілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 874 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10064 2015 жылғы 6 қаңтарда тіркелген) бекітілген нысаны бойынша жедел және арнайы көліктің және жабдықтың болуы туралы құжаттар көшірмелері;
5) оқу-материалдық база туралы ақпараттың (арнайы сыныптардың болуы, оларды жарақтандыру, оқу қалашығының схемасы, оларды орналастыру орындары);
6) қызметкерлерді тағайындау туралы бұйрықтардан үзінді;
7) қызметкерлердің авариялық-құтқару қызметінде және құралымдарында жұмыс істеуге жарамдылығын растайтын «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 2010 жылғы 21 желтоқсанда тіркелген) бекітілген 086/у нысанындағы медициналық анықтамалар, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден анықтамалар негізінде жүргізеді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Қызмет берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша қызмет берушінің басшысының атына немесе 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 2 кіреберіс мекенжайы бойынша Комитет басшысының атына жіберіледі.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Комитеттің кеңселері арқылы қолма-қол тапсырылады.
Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Комитеттің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қолын қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Комитеттің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.