Бас мәзір

Жедел жағдай

2018
Тамыз
MoTuWeThFrSaSu
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  

 

Департаменттің сенім

телефоны

8(7132) 54-50-25

Өзіндік қауіпсіздік

тобының сенім телефоны

8(7132) 55-00-30

БІРЫҢҒАЙ

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
1402

Интерактивті сұрақ

Сіз біздің ұйым жұмысының нәтижелерін қалай бағалайсыз?
 

Авторизациялау



Есептегіш

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін3761
mod_vvisit_counterКеше3760
mod_vvisit_counterБір аптада14375
mod_vvisit_counterБір айда58791
mod_vvisit_counterӨткен айда177344
mod_vvisit_counterБарлығы4170008

ban kaz

Жаңалықтарға жазылу

Сайт бойынша iздестiру

prezident
 
 
 
resizei
kyzmet
 

 

 

 

 

 

 

kabildau

   

Негізгі бет Мемлекеттік қызмет көрсетулер
Мемлекеттік қызмет көрсетулер PDF Басып шығару E-mail

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11308 тіркелді«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеу» осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 27.11.2015 № 973 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркегеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде оны мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_______________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 8 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы 12 мамыр