Бас мәзір

Жедел жағдай

2018
Тамыз
MoTuWeThFrSaSu
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  

 

Департаменттің сенім

телефоны

8(7132) 54-50-25

Өзіндік қауіпсіздік

тобының сенім телефоны

8(7132) 55-00-30

БІРЫҢҒАЙ

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
1402

Интерактивті сұрақ

Сіз біздің ұйым жұмысының нәтижелерін қалай бағалайсыз?
 

Авторизациялау



Есептегіш

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін3084
mod_vvisit_counterКеше4611
mod_vvisit_counterБір аптада23197
mod_vvisit_counterБір айда67613
mod_vvisit_counterӨткен айда177344
mod_vvisit_counterБарлығы4178830

ban kaz

Жаңалықтарға жазылу

Сайт бойынша iздестiру

prezident
 
 
 
resizei
kyzmet
 

 

 

 

 

 

 

kabildau

   

Негізгі бет Қызмет ТЖД құтқару операциялары
ТЖД құтқару операциялары PDF Басып шығару E-mail

06.06.2018

Қуатты команда

Өрт ойламаған жерден орын алады. Түнгі аспанды түтін торлай бастағанда 4 маусым күні сағат 22.49-да Ақтөбе облысының ТЖД Өрт сөндіру қызметінің ӨБОП-не Ақтөбе қаласы, Сәтпаев көшесінде орналасқан «Кездесу» мейрамханасының шатыры жанып жатқандығы туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Өрт байланыс орталық пункті автоматты түрде «№2 шақырту» жариялайды. Көп ұзамай шақырту орнына қалалық өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 35 адам мен 9 бірлік техника, «102» полиция қызметі, апаттар медицинасы орталығы, қалалық байланыс желісі, қалалық газ қызметтері мен Жедел құтқару жасағы бағытталды.
Аталған орынға бірінші болып 22.58-де 1-МӨСБ жауынгерлік есебі жетеді. Кезекші ауысым аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Әділ Ер Муфтаков жағдайға көзбен баға береді: екі қабатты ғимарат шатырындағы жалын әр сәт сайын күш алып отырды. Абырой болғанда бұл кеште ресторанда ешқандай қонақ болмады. Әділ Ер рация арқылы жоғары дәрежелі шақыртуды мақұлдап, өрт сөндіру басшылығын өзіне қабылдады.
Ал келіп жеткен өрт сөндіру бөлімдерінің жауынгерлік есебі іске кірісті. Әділ Ер ғимараттың түтінге оранған бөліктеріне барлау және ықтимал зардап шегушілерді құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Әділ Ер «Б» оқпанын беріп, ГТҚҚ – газ-түтіннен қорғау қызметінің 1 буынын құрып нақты пәрмен береді.
Аталған орынға жоғарғы бастықтар келгенге дейін өрт сөндіру басшылығын өз міндетіне алған Әділ Ер қобалжымастан өрттің өршуіне жол бермеу мақсатында күштер мен құралдарды сауатты орналастыруға шешім қабылдайды. Осылайша, бастапқы кезеңдегіден жалын бәсең лапылдайды іс-әрекеттегі офицердің нақтылығы, өзді-өзі шешім қабылдауда қорқынышқа бой бермеуі өрттен ауқымды нысанды құтқаруға көмектесті.
Мейрамхана аумағында орналасқан төрт өрт гидранты толассыз қуат беріп отырды. Бірақ шатыр құрылысының күрделілігі, қалың түтін мен мезгілдің қараңғылығы өрт сөндіруді қиындатты.
Ақыр соңында күрделі іс-әрекеттер мен қуатты команда жауынгерлерінің ағын күштерінің арқасында алай-түлей жағдай 00.15-те зарарсыздандырылып, 35 минуттан соң өрт толықтай жойылады.
Өрт сөндіруге бөлімшелердің жеке құрамынан жалпы саны 56 адам мен 18 бірлік техника қатысты. Өрт аумағы – 150 шаршы метр. Абырой болғанда, «Кездесу» мейрамханасының ішінара шатырына зиян келгені болмаса, құрбандар жоқ.

Қуатты команда Қуатты команда Қуатты команда Қуатты команда Қуатты команда Қуатты команда Қуатты команда

Ақтөбе облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

16.03.2018

Өрт себепшісі қаза болуы мүмкін еді

Сөндірілмеген темекі тұқылы... Бұл жай ғана адамдық қолапайсыздық болып көрінеді, бірақ нәтижесі қалай болар екен! Дәл кешегі Заречный-1 ауылындағы жағдайды алсық.
Өткен бейсенбіде Қызғалдақ көшесінің бойындағы үйде күндізгі 13.30-да үй заттары өрткенді. Телефон қоңырауы түскеннен кейін дереу Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 өрт сөндіру бөлімінен 7 адам және 2 техника жіберілді. Сонымен қатар, шақыруға «Апаттар медицинасы орталығы» ММФ 4 адам мен 1 дана техника мен ЖПҚ бөлімшесі шықты.
Өрт сөндіру топтары келгенге дейін көршілер өртті сөндерген екен. Аулада жанған жатын көрпе жатты. Дегенмен де, өрт сөндіру басшысы №2 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Самат Тюребаев өрт сөндірушілерге іште қалып қойған болуы мүмкін адамдарды іздеу туралы бұйрық берді. Дәл «ондыққа» түскен екен.
Қалық түтінге оранған үй ішін қарау кезінде анық масаң күйде ұйықтап жатқан ер азамат табылды. 65 жастағы азаматты оқиға орнына келіп жеткен «Апаттар медицинасы орталығы» ММФ қызметкерлеріне табыстады. Тексеруден кейін жағдайы бірқалыпты, аураханаға жеткізу қажет емес деген ұйғарымға келді.
Алдын-алға болжамдарға сәйкес өрттің себебі – сөндірілмеген темекі тұқылы. Осы орайда дер кезінде келіп жеткен, үй ішін аралап азаматты құтқарған өрт сөндірушілер болмағанда өрт себепшісі қаза болуы мүмкін екенін айта кеткен жөн. Бұл жағдай бізге тағы бір мәрте жай ғана көңіл аудартпайтын нәрселердің өзі шын мәнінде нағыз апаттарға алып келуі мүмкін екенін көрсетті. Осы туралы ұмытпаңыздар!

Өрт себепшісі қаза болуы мүмкін еді

Ақтөбе облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

15.03.2018

Ақтөбе облысында үш бала мен оның ата-аналары құтқарылды

«112» Құтқару қызметі нөмірне қоңырау Ойыл ауданынан келіп түсті. Көмек сұраған Ойыл ауданының Жүндісай аймағында техникалық ақауларға байланысты тоқтауға мәжбүр болған автокөлік жолаушылары еді. Ойыл ауданының ТЖБ және жергілікті атқарушы орган қызметкерлері қыраулы көлікте қалған 7 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқарды. Олар аудан орталығына жеткізілді. Бақытқа орай оларға медициналық көмек қажет болмады.
Ақтөбе облысында автокөлік жолдарында жыл басынан бері 37 авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстары жүргізіліп, оларға 171 қызметкер мен 54 техника жұмылыдырылды. Қорытындысында аяз құрсауынан 257 адам құтқарылды.

Трое детей и их родители спасены из машины в Актюбинской области

Ақтөбе облысының ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

02.03.2018

Жолаушылар жылыту пунктіне жеткізілді

Наурыздың бірі. Ақыры далаға көктем келді. Әзірге күнтізбе бойынша ғана. Бірақ қаһарлы қыс өз заңын бұзбайды. Ол ауа райы тіпті ашық, тынық кезде де «тосын сыйға» душар еткізуі мүмкін. Өткен бейсенбіде осылай болды.
Қобда ауданынан «112» Қызмет нөміріне дабыл қоңырауы келіп түсті. Ресейдің Самарасынан Ташкентке бет алған жолаушылар көмек сұраған. Техникалық ақауларға байланысты «Сетра» автобусы «Самара-Ташкент» тас жолы бойында ұзақ уақыт бойы тұрып қалады. Осыған байланысты жолаушылар, Өзбекстан азаматтары, қиын жағдайға душар болып, жаурай бастайды.
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері адамдарды құтқару үшін екі техникамен дереу тас жолға асықты. Әбден жаурап қалған бауырлас Өзбекстанның 21 жолаушысы аудан орталығындағы жылыту бекетіне жеткізілді. Бақытқа орай оларға медициналық көмек қажет болмады.
Ал автобустың техникалық ақауы жөнделіп, 9 сағаттан соң «Сетра» өз жолаушыларымен қайтадан жолға аттанды.
Дәл осындай жағдай тура бір апта бұрын «Самара-Шымкент» тас жолында да болған еді. Онда да Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының қызметкерлері Өзбекстанның 8 азаматын Ақтөбе қаласындағы жылыту бекетіне жеткізген болатын.

Пассажиров доставили в пункт обогрева Пассажиров доставили в пункт обогрева Пассажиров доставили в пункт обогрева Пассажиров доставили в пункт обогрева

Ақтөбе облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы 

31.10.2017

Бейбіт күннің батырлары

Батырлық жүректің де, білектің де күшімен өлшенеді. Қиын шақта қара басыңды қатерге тігіп, тәуекелге бел байлап, шешім қабылдау – ерлікке тең іс. Ал сондай ерліктің ерекше үлгісін Қайрат Шаренов пен Нұрсұлтан Айтмағамбетов деген азаматтар көрсетті. Екі азамат та «Дорожник» ЖШС-нің қарапайым қызметкерлері.
Екеуі күнделікті жұмысына кірісіп, өрт болатын үйдің ауласында құм төсеп жатады. Сол сәтте көп қабатты үйдің бірінші қабатынан шыққан жалынды көріп, артынша «құтқарыңдар!» деп көмек сұраған кішкентай екі баланың дауысын естиді. Балалардың дауысын естігеннен кейін екі батыр дереу жанған үйге қарай жүгіреді. Міне нағыз азамат осындай шақта сыналады. Осы сәтте Қайрат пен Нұрсұлтанның алдында тұрған бір ғана мақсат – балаларды құтқару еді, содан кейін көк түтіннің ішіне дендеп кірген екі азамат балкондағы қызыл жалынды сөндіруге кіріседі. Ондағы дүние-мүлік толықтай жанып кетеді. Абырой болғанда қос батыр оқиға орнына дер кезінде жетіп, қызыл жалынның алдын алады. «Балалар тым кішкентай, 8-9 жас шамасында. Оларды көргенде, бізді оларға Құдай жіберді деп ойладық. Біздің де балаларымыз, інілеріміз бар ғой. Оларға ешқандай залал келмегеніне шексіз қуандық», - дейді сұхбаттарында қос батыр.
Ерлік ештеңемен өлшенбейді. Бейбіт күні де батырлық көрсеткендер әркез құрметке лайық. Ал біздің міндетіміз - осындай батырларымыздың ерлігін насихаттап, көпке үлгі ету.

Бейбіт күннің батырлары Бейбіт күннің батырлары Бейбіт күннің батырлары Бейбіт күннің батырлары

Ақтөбе облысының ТЖД
«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары» ММ
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

06.047.2017

Аман қалған малшының құтқарушыларға алғысы шексіз

Мұғалжар бекеті мен №57 разъезд аралығындағы 20 шақырымдай далада жоғалып кеткен Ембі қаласының малшысы Ерлан Балтұрғаев бүгінгі күні аудандық ауруханадан шығарылды. Бірнеше күн бұрын Мұғалжар ауданының №12 ӨСБ Ембі қаласындағы бөлек постының қызметкерлері: азаматтық қорғау сержанттары бөлімше командирі С. Өтеміс, өрт сөндіруші З. Әбдірахманов, жүргізуші М. Ешниязов және посттың бастығы азаматтық қорғау майоры Е. Құдайберген зардап шегушінің хал-жағдайын білу үшін ауруханаға барған еді.
Естеріңізге сала кетсек, 17 наурызда түнгі сағат 1-де Ембі қаласының ӨСП пультына мал іздеп кеткен адамның айдалада жоғалып кеткені туралы хабар түскен болатын. Өрт сөндірушілер жедел түрде іздестіру-құтқару жұмыстарын бастап кетті. Жаяулатып бес шақырымдай жүргеннен кейін олар иесіз жатқан вагонды көріп, оның ішінен жоғалған ер адамды ес-түссіз жағдайда тауып алды. Өрт сөндірушілер сол жерде қолдарына түскен темір-терсектерден ұзын шанаға ұқсатып дүние жасап алды да, зардап шегуші Ерлан Балтұрғановты сол дүниеге салып алып, машинаға дейін сүйреп апарып, ауруханаға жеткізді.
Ерлан өзін құтқарушыларды көргенде шын жүректен куанды. Сол кеште мал іздеп жүріп адасып, тіпті өлудің аз-ақ алдында қалғанын есіне алды. Малшы: «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың іздестіру шараларын ұйымдастырудағы тапқырлықтарының, қажырлылықтары мен кәсіби шеберліктерінің арқасында ғана аман қалдым. Алла оларға зор денсаулық берсін», - деп ақ тілектерін қоймастан қайталай берді.

Аман қалған малшының құтқарушыларға алғысы шексіз

Ақтөбе облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

 

21.02.2017

Көмек уақытында жетті

Арасында 2 бала бар 13 жолаушы 20-шы ақпанның кешінде «Бадамша-Ақтөбе» автокөлік жолында қар құрсауынан шығарылды. Қар басып қалған облыстық маңызы бар трассаның 17-ші шақырымында 5 жеңіл автокөлік жолаушыларымен жолда қалды.
- Хабарлама 22.55-те келіп түсті, - дейді телефон арқылы баяндаған «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №10 ӨСБ қарауыл бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау кіші сержанты Әлихан Рудаков. – Бірден 9 адам жолға шықтық. Қандай техниканы жұмылдыру қажеттігі де түсінікті еді: жолды аршу және кеңейту үшін автогрейдер, шнекоротор, Уаз-таблетка және Уаз автокөліктері 3 жауынгермен шықты. Бұрқасын күшейіп кетпей, уақытында үлгердік. Бұл уақытта жергілікті полиция трассаны жауып жатқан еді. Біздер қарлы боранда қалған автомобильдерді сүйреп шығарып, адамдарды аудан орталығына аман-есен жеткіздік. Адамдар 1,5-2 сағат далада қалғанмен, зардап шеккендер болған жоқ.
Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің жедел және үйлесімді іс-қимылы арқасында «Ақтөбе-Ойыл» автокөлік жолында да зардап шеккендер болған жоқ. Кеше кешқұрым бұл бағытта 8 автокөлік қар құрсауынан шығарылып, қозғалысын әрі қарай жалғастырды.

Көмек уақытында жеттіÂ Көмек уақытында жеттіÂ Көмек уақытында жеттіÂ Көмек уақытында жетті

Ақтөбе облысының ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

20.02.2017

Құтқару жұмыстары - бірлескен күш-жігермен

Өткен демалыс Ақтөбе облысының тұрғындары және ТЖ қызметтері мен аудандық әкімдіктер үшін өте қауырт өтті. Өткен тәулікте жергілікті атқарушы органдар құтқарушылармен бірге 20-дан астам авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде облыстың автокөлік жолдарында орын алған қар құрсауынан 53 адам құтқарылды. Оның екеуі – балалар. 33 адам эвакуацияланып, құтқарушылардың күшімен 9 автокөлік, жергілікті атқаршы органдардың күшімен 11 бірлік техника шығарылды.
Түскі 14-тер шамасында Алға қаласынан 38 шақырым қашықтықта бірнеше көлік жолаушыларымен қар құрсауында қалды. Шақырту орнына Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №6 өрт сөндіру бөлімінің 3 қызметкерінен құрылған топ пен аудандық әкімдіктің 4 қызметкері 2 автокөлікпен жіберілді. Олардың бірлескен қызметі арқасында 22 адам, оның 2-еуі бала аудан орталығы – Алға қаласына жеткізілді.
Ал, «Никельтау – Хромтау» тас жолында қыстың қытымыр мінезіне тап болған жолаушыларға Хромтау ауданындағы №16 өрт сөндіру бөлімінің жауынгерлері жол талғамайтын «Трэкол» автокөлігімен жетіп, құтқарылған 4 адамды Хромтау қаласына жеткізді.
Сонымен қатар басқа да авариялық-құтқару жұмыстары республикалық және облыстық маңызы бар өзге де автокөлік жолдарында жүргізілді.

Құтқару жұмыстары - бірлескен күш-жігермен Құтқару жұмыстары - бірлескен күш-жігермен Құтқару жұмыстары - бірлескен күш-жігермен

Ақтөбе облысының ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

25.01.2017

Жағдай бақылауда

Қар құрсауынан 58 адам құтқарылып, 8 бірлік техника сүйреп шығарылды.
Бұл - Ақтөбе облысы автомобиль трассаларында 24-25 қаңтардағы түнде 113 адам мен 82 бірлік техника өткізген құтқару жұмыстарының нәтижесі. Бұлар - Ақтөбе облысының ТЖД құтқарушылары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, "Қазақавтожол" РМК мен жергілікті полиция қызметтері қызметкерлері.
24 қаңтарда күні бойы сақталған болмашы аяз және жеңіл аздаған қар облыс жолдарын әбігерге салатыны мен түк көрінбейтін боранға соқтыратынын алдын ала ешкім болжаған да жоқ. Бірақ секундына 15-20 метрге жететін дауылды желдің күшімен көтерілген бұрқасын автомобиль жолдарын басып, жол қозғалысында қиындықтар тудырды.
"Қазақавтожол" РМК облыстың ІІД бірлесіп ауа райының нашарлауына байланысты және қайғылы салдарларды болдырмау үшін 8 республикалық трассаны және 7 облыстық маңызы бар автожолдарды жабу туралы шешім қабылдады.
24-25 қаңтардағы тәулікте құтқарылған 58 адамның 3-еуі жылыту пункттеріне орналастырылды. Қазіргі уақытта Байғанин ауданы аумағында Алтимус-Петролиум құбырына жақын маңда 8 бірлік техника қар құрсауында қалып отыр. Жолдарды тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Республикалық маңызы бар жолдарда қардан тазарту үшін "Қазақавтожол" РМК 64 бірлік арнайы техникасы жұмыс жасауда. Ақтөбе қаласы бойынша мердігер ұйымдар103 бірлік техниканы жұмылдырды.
Қазіргі уақытта 1 Республикалық маңызы бар «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» жолдары, сондай-ақ 1 облыстық маңызы бар «Дөң – Бадамша – Ақтөбе – Орск» жолдары жабық.
Ауа райының бұзылуына байланысты брифингке шақырылған өңірлік және республикалық БАҚ өкілдерін – «Жағдай бақылауда», - деп сендірді ТЖ департаменті бастығының орынбасары подполковник Қайрат Қасым.

Жағдай бақылауда Жағдай бақылауда Жағдай бақылауда Жағдай бақылауда

Ақтөбе облысының ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Қыз бала құтқарылды

Ақтөбе облысындағы қыс мезгіліне ауа райының күрт өзгеруі тән. Төменгі температурадағы қатты борандар мен дауылдар жаңбырмен ауысып, кейін температура көтеріледі. Мұндай тұрақсыз ауа райы жиі төтенше жағдайларға алып келеді.
2015 жылдың 30 қаңтары күні «ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысының ТЖД Жедел-құтқару жасағы» ММ кезекші бөліміне Хромтау ауданының Табантал ауылында ес-түссіз жатқан 5 жастағы қызға медициналық көмек керек екендігі туралы хабар келіп түседі.
Қатты боран мен дауыл салдарынан ауылдан қалаға барар күре жолда қатынас үзіліп, тіпті трактордың көмегімен де жолға шығу мүмкін болмайды.
Осы жағдайда жасақ құтқарушылары жедел көмекке келеді. Құтқарушылар Трэколмен ауылға жетіп, анасы мен баласын жеңіл автокөлік күтіп тұрған трассаға жеткізіп салады. Одан әрі қыз бала Ақтөбе қаласындағы емханаға жеткізіледі. Құтқару жұмысына Рустам Жанкулов жетекшілік етті. Құтқарушылардың жедел іс-қимылы арқасында қыз бала құтқарылып, есін жиды. Қазір қалалық емханада емделуде.

Спасательные операции ДЧС Спасательные операции ДЧС Спасательные операции ДЧС

Ақтөбе облысының ТЖД
«Жедел құтқару жасағы» ММ

Ақтөбе облысында автокөлік жолдарындағы
авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда

«Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, тұман түседі, оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа қарай ауысып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаментінде Жедел штаб жұмысын жалғастыруда, сонымен қатар Департаменттің психологиялық көмек көрсететін қауырт желі және баспасөз орталығы ұйымдастырылды.
Қазіргі уақытта Республикалық маңыздағы 3 автокөлік жолы:
1. Ақтөбе қ. «Солтүстік айналма жол» - 0-39 шақырым (қар мен көк тайғақ);
2. «Ақтөбе-Орск» (Пригородный-2) 21 шақырым – (РФ Орск қ) 135 шақырым; (қар, көк тайғақ) (жүк көліктері мен жолаушылар таситын көліктер үшін қозғалыс шектелген);
Облыстық маңыздағы 4 жол:
1. «Хромтау-Никельтау-Бадамша (Хромтау қ.) 19 шақырым – (Бадамша а.) 48 шақырым. (Қар, көктайғақ);
2. «Актобе-Родниковка-Қаратоғай» (Родниковка) 43 шақ – (Қаратоғай) 74 шақ. (қар, көктайғақ);
3.Табантал ауылынан «Самара-Шымкент» тас жолына дейін.
Барлық жабық бағыттарға жол полициясының постылары қойылды.
2016 жылғы 19 қаңтардан 21 қаңтарға дейінгі үш күн ішінде 260 адам құтқарылды, 94 адам көшірілді, 85 адам жылыту пунктеріне жеткізілді. Қазіргі уақытта (Ш.Қалдаяқов ат. ауылдың Пацаев ат. Орта мектебі) жылыту пунктінде 5 адам қалып отыр, олар ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Қар құрсауынан 77 техника шығарылды.
Қазіргі уақытта ЖКО салдарынан жыраға түсіп кеткен 1 автокөлік қар құрсауында қалып отыр. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге 107 адам мен 48 техника тартылды.
Жабық тұрған жолдардың барлығында қазіргі уақытта жолды қардан тазарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Спасательные операции ДЧС Спасательные операции ДЧС Спасательные операции ДЧС Спасательные операции ДЧС

Ақтөбе облысының ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы