Бас мәзір

Жедел жағдай

2019
Желтоқсан
MoTuWeThFrSaSu
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031     

 

Департаменттің сенім

телефоны

8(7132) 54-50-25

Өзіндік қауіпсіздік

тобының сенім телефоны

8(7132) 55-00-30

БІРЫҢҒАЙ

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
1402

Интерактивті сұрақ

Сіз біздің ұйым жұмысының нәтижелерін қалай бағалайсыз?
 

Авторизациялау



Есептегіш

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін4744
mod_vvisit_counterКеше6404
mod_vvisit_counterБір аптада43950
mod_vvisit_counterБір айда134867
mod_vvisit_counterӨткен айда324879
mod_vvisit_counterБарлығы7209521

ban kaz

Жаңалықтарға жазылу

Сайт бойынша iздестiру

prezident
 Президент Жолдауы
forum
 
 
resizei
kyzmet
 

 

 

 

 

 

 

kabildau

   

Негізгі бет Халықаралық ынтымақтастық Халықаралық ынтымақтастық
Халықаралық ынтымақтастық PDF Басып шығару E-mail

Өңіраралық ынтымақтастықтың қырлары

2019 жылғы 24 мамырда Ресей Федерациясы ТЖМ Бүкілресейлік өртке қарсы қорғаныс ғылыми-зерттеу институты федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесі Орынбор филиалының Оқу-жаттығу сынақ полигоны базасында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі проблемалық мәселелерді талқылау бойынша оқу-әдістемелік жиын және табиғи өрттерді, оның ішінде трансшекаралық сипаттағы өртті жою бойынша РТЖЖ Орынбор аумақтық кіші жүйесінің практикалық жаттығуы өтті.
Аталған іс-шараға Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мен Қарғалы, Қобда және Мәртөк аудандары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Жиналысты Орынбор облысы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары - бірінші вице-губернатордың міндетін атқарушы Сергей Балыкин ашты. Өзінің кіріспе сөзінде ол қатысушылардың әрқайсысының ең маңызды міндеті азаматтардың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті.
Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Бауыржан Сыздықов Орынбор және Ақтөбе облыстарының тұрғындары үшін өрт сөндіру бойынша міндеттер жиі ортақ болатынын атап өтті, себебі олар бір-бірімен аумақтарының ұзындығы бойымен шектеседі. Сондықтан халықаралық форматтағы әдістемелік жиын алғаш рет өткізіліп отырған жоқ, әрдайым әр тарап үшін үлкен практикалық пайда әкеледі.
Әдістемелік жиынға қатысушылар бірнеше оқу нүктелеріне барды: «Өрт және арнайы техника көрмесі», «Судағы қауіпсіздік», «Елді мекендер аумағындағы өрттердің алдын алу», «Ормандағы өрт қауіпсіздігі шаралары». Өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ су объектілеріндегі адамдардың қауіпсіздігі мәселелері әр оқу пунктінде жан-жақты қарастырылды. Қатысушылардың назарына әр түрлі сипаттағы ТЖ қатыстырылуы мүмкін РТЖЖ күштері мен құралдары ұсынылды. Техника көрмесі бойынша оқу орнында кез келген адам лафетті оқпандар мен өрт сөндіргіштерді пайдалана отырып отты сөндіруге мүмкіндік алды.
Сонымен қатар, РФ ҚМ ИЛ-76 авиациясын қолдану арқылы өртті жою бойынша жұмыстар көрсетілді.
Оқу-жаттығуды қорытындылай келе, Ақтөбе облысының ТЖД бастығы Бауыржан Сыздықов оқу-жаттығудың жоғары деңгейде өткенін, неден үлгі алу қажеттігін және алда не жасау қажеттігін атап өтті.
Іс-шараға аумақтың азаматтық қорғанысының төрағалары және әдетте, ауданның ТЖК төрағалары болып табылатын 42 муниципалдық құрылымдардың басшылары және орман шаруашылығы мекемелерінің және мүдделі ұйымдардың басшылары қатысты.
Оқу-жаттығудың соңында бірінші вице-губернатордың міндетін атқарушы Сергей Балыкин оқу-жаттығулар өткен полигон Орынборда ғана бар екенін және мұнда тек облыстың РТЖЖ қызметтері ғана емес, бүкіл Ресей жаттығулар өткізетінін атап өтті.
Аталмыш оқу-жаттығулар іс жүзінде халық шаруашылығын табиғи өрттерден сақтауға көмектеспек.
Оқу-жаттығудың мақсаты мен уағдаластық нәтижелеріне қол жеткізілді. Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша қазақстандық және ресейлік тараптардың өкілдері трансшекаралық ТЖ жою кезінде әуе кемелерінің мемлекеттік шекараны бөгетсіз кесіп өтуі бойынша бірлескен іс-қимыл алгоритмін әзірлеу бойынша уағдаластыққа қол жеткізді.

 

Азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесі Ақтөбе облысының кіші жүйесі және Ресей Федерациясының Орынбор облысы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесі аумақтық кіші жүйесімен өткізілген бірлескен кешеді оқу – жаттығу туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің жұмыс жоспары және Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 26 мамырында Мәртөк ауданында трансшекаралық өрт - тактикалық оқу-жаттығу өткізіледі.
Оқу-жаттығудың тақырыбы: «Мәртөк ауданының аумағында трансшекаралық өрттерді сөндіру».
Оқу-жаттығу Ресей федерациясы Орынбор облысы Ақбұлақ ауданымен шекаралас Ақтөбе облысының Мәртөк ауданы аумағында өткізілді.

Мақсаты:
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі Тараптардың басқару органдарының практикалық дағдыларын жетілдіру;
Орман дала өрттерін жою кезіндегі Тараптардың күштерінің өзара бірлескен іс-қимылын пысықтау;
Құралымдардың күштері мен құралдарының дайындығын тексеру.

Оқу-жаттығуға:
1.1. Жергілікті атқарушы органдардан (Мәртөк ауданы):
- ауданның жетекші құрамы;
- аудандық азаматтық қорғаныс қызметтері (медициналық, өртке қарсы, қоғамдық тәртіпті қорғау, байланыс және хабарлау қызметі, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау, ақпарат, тамақтандыру, ЖЖМ, көлік);
- ауылдық округтердің ерікті өрт сөндіру құралымдары;
- «Мәртөк орман шаруашылығы» ММ.
2. Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінен (бұдан әрі - Департамент):
- Департаменттің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ.
3. ҚР ҰҚК ШҚ 2030 әскері бөлімі;
- «Жайсаң» шекара комендатурасының шекара жасағы;
4. РФ ТЖМ Орынбор облысының бас басқармасының аумақтық кіші жүйесі:
- РФ ТЖМ Орынбор облысының бас басқармасы ММ жедел тобы;
- РФ ТЖМ Орынбор облысының бас басқармасы ММ күштері мен құралдары;
- РФ ТЖМ Орынбор облысының Ақбұлақ ауданының күштері мен құралдары.

Оқу-жаттығудың практикалық бөлімі «Мәртөк ауданының аумағында трансшекаралық өртті сөндіру бойынша әдістемелік жоспарға» сәйкес пысықталды.
Оқу-жаттығуға 118 адамнан құралған жеке құрам мен 38 бірлік техника жұмылдырылды:
1) Ақтөбе облысының күштері мен құралдары – 104 адам және 34 бірлік техника;
2) Орынбор облысының күштері мен құралдары – 14 адам және 4 бірлік техника.

«Жалын-2016» КОЖ өткізу кезеңдері:
Бірінші кезең:
«Ақтөбе облысының азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесі Мәртөк ауданының кіші жүйесінің және Ақтөбе облысының ТЖД ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің басқару органдары, күштері мен құралдарын функционалдық міндеттерін орындауға дайындау».
Оқу-жаттығу барысында:
Ақтөбе облысының азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесі Мәртөк ауданының кіші жүйесін және Ақтөбе облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бөлімшелерін жоғары әзірлікке келтіру;
2. Ресей Федерациясының Орынбор облысы Ақбұлақ аудандық аумақтық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесінен күштер мен құралдардың өзара күштер мен құралдары туралы сұраныс;
3. Күштер мен құралдарды трансшекарарлық орман дала өрттерін сөндіруге жұмылдыру.

Екінші кезең:
«Тараптардың аумақтық кіші жүйелерінің трансшекарарлық орман дала өрттерін сөндіру кезіндегі бірлескен іс-қимылы».
Оқу-жаттығу барысында:
1. Аққұдық селолық округі штабын құру және қосымша күштер мен құралдар келіп жеткенше өз күштерімен сөндіру;
2. Мәртөк ауданының АҚМЖ аумақтық кіші жүйесінің (ЕӨҚҚ, аудандық АҚ қызметтері), Ақтөбе облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ №11 ӨСБ бөлімшелерінің, Орынбор облысы Ақбұлақ аудандық күштері мен құралдарының келуі.
3. Трансшекаралық орман дала өрттерін сөндіру бойынша күштер мен құралдардың бірлескен іс-қимылы.
4. УКВ, КВ құралдары және ВПН радиобайланыс арналары, телефон, факсимиль байланысы және электрондық почта, сонымен қатар бейнеконференция байланысы бойынша Ақтөбе облысының ТЖД БКДҚБ, ҚР ІІМ ТЖК АЖБО, Ресей федерациясы Орынбор облысы бойынша ББ АЖБО, Батыс қазақстан және Қостанай облыстарының ТЖД қатысуымен оқу-жаттығу басшылығымен ақпарат алмасу жұмысын ұйымдастыру.

Оқу жаттығу соңында басшылық ұйымдастырған кеңесте көрсетілім іс-қимылдарына және екі жақтың жеке құрамының дайындығына баға беріліп, оқу-жаттығу нәтижесі хаттамамен рәсімделді.

Қорытындысында Мәртөк ауданының АҚМЖ аумақтық кіші жүйесінің күштері мен құралдары сапқа тұрғызылды. РФ ТЖМ Орынбор облысы бойынша Бас басқармасы өкілдері жаңа құрылғылармен жабдықталған авариялық-құтқару машинасы мен пилотсыз ұшу аппаратын демонстрациялады. Өз кезегінде Ақтөбе облысының ТЖД жергілікті бюджет есебінен алынған техникалар мен құралдарды көрсетті.
Іс-шара соңында трансшекаралық сипаттағы ТЖ алдын алу және жою саласына белсене қатысқан Ресей ТЖМ Орынбор облысы бойынша ББ қызметкерлеріне Ақтөбе облысы және Мәртөк ауданы әкімдерінен алғыс хат, Ақтөбе облысы ТЖД «ҚР ІІМ ТЖК 20 жыл» мерейтойлық төсбелгілері тапсырылды. Өз кезегінде Орынбор облысы бойынша Ресей ТЖМ ММ өкілдері Ақтөбе облысының АҚМЖ Ақтөбе облыстық кіші жүйесінің қызметкерлерін Ресей ТЖМ «Маршал Василий Чуйков» естелік төсбелгілерімен марапаттады.
Қорытынды: Аталған іс-шара барысында ықтимал трансшекаралық төтенше жағдайларда Ресей ТЖМ Орынбор облысы бойынша ББ мен Ақтөбе облысының ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметі арасында бейнеконференциялық байланысты ұйымдастыру, сонымен қатар телефон байланысы арқылы ақпарат алмасу және сигналдарды өңдеу тәсілімен Ресей федерациясының Орынбор облысы Ақбұлақ округі ТЖРЖ кіші жүйесі күштері мен құралдарының Қазақстан Республикасының Ақтөбде облысы Мәртөк ауданының АҚМЖ кіші жүйесі күштері мен құралдары арасындағы орман дала өрттерін сөндіру жағдайындағы іс-қимылдары машықтандырылды.
Барлық жоспарланған іс-шаралар жүйелі түрде жоғары дәрежеде, ойдағыдай орындалды. Екі жақтың іс-қимылдары үйлесімді түрде өтіп, оқу-жаттығу барысында ескертулер болған жоқ.