Бас мәзір

Жедел жағдай

2019
Қараша
MoTuWeThFrSaSu
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

 

Департаменттің сенім

телефоны

8(7132) 54-50-25

Өзіндік қауіпсіздік

тобының сенім телефоны

8(7132) 55-00-30

БІРЫҢҒАЙ

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
1402

Интерактивті сұрақ

Сіз біздің ұйым жұмысының нәтижелерін қалай бағалайсыз?
 

Авторизациялау



Есептегіш

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін4269
mod_vvisit_counterКеше9650
mod_vvisit_counterБір аптада49223
mod_vvisit_counterБір айда244488
mod_vvisit_counterӨткен айда379717
mod_vvisit_counterБарлығы6994263

ban kaz

Жаңалықтарға жазылу

Сайт бойынша iздестiру

prezident
 Президент Жолдауы
forum
 
 
resizei
kyzmet
 

 

 

 

 

 

 

kabildau

   

Негізгі бет «Ардагерлер кенесі» АҚ
Құрметті төтенше жағдайлар бөліністері қызметкерлері мен ардагерлері! PDF Басып шығару E-mail

 

Сіздерге «Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» коғамдық бірлестігінің филиалы болып табылатын «Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар бөліністері ардагерлер ұйымын» (бұдан әрі – Ұйым) үлкен мақтанышпен таныстырамын!
Біздің кеңес 2007 жылдың желтоқсан айыннан бастап «Өрт сөндіру қызметкерлерінің ардагерлер кеңесі ретінде жұмысын бастап, 2009 жылы Кеңес атауы ҚР Ақтөбе облысы бойынша ТЖМ ардагерлер кеңесі» болып, 2010 жылы «ҚР ТЖ органдары ардагерлерінің Қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе филиалы болып өзгерді.
Қазіргі таңда ҚР заңнамалары нормаларына сәйкестендіру, сондай-ақ бірыңғай ардагерлер ұйымын құру мақсатында 2015 жылғы наурыз айында Әділет министрлігінде «Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» коғамдық бірлестігінің Жарғысы тіркеліп, оған сәйкес Ақтөбе облысында жоғарыда аталған Қоғамдық бірлестіктің филиалы құрылды. Оның құрамына ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің барлық құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде: «Суда құтқару қызметі» ММ, «Жедел құтқару жасағы» ММ, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ», «Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ ардагерлері енді.
Ардагерлер кеңесі ұжымының үлкен бірлескен жұмысының нәтижесінде ардагер - зейнеткерлердің жеке іс құжаттары мұрағаттан алынып, олардың тізімдері жасалынып, барлық мағлұматтары, мекен-жайлары, отбасы және тұрғын үй жағдайлары көрсетілген әлеуметтік карточкалар жасалды.
Қазіргі таңда филиалдағы ардагерлер саны облыс бойынша 228 адамды құрайды, оның ішінде 2 адам тыл еңбеккері, 6 адам интернационалист-жауынгерлер, сонымен қатар біреуі Чернобыль АЭС аварияны жоюға қатысушы.
Біздің көптеген зейнеткеріміз әлі күнге дейін қатарымызда; атқарып жүрген қызметтері қалай болғанда да өрт сөндіру қызметімен байланысты – жеке коммерциялық құрылымдарда жүргізуші, өрт сөндіруші, өрттің алдын алу инструкторлары қызметтерінде өз тәжірибелерін жас мамандарға үйретуде.

Жарлыққа сәйкес Ардагерлер кеңесінің негізгі мақсаттары мен міндеттері мыналар:
- төтенше жағдайлар бөліністері ардагерлері мен зейнеткерлерінің тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ету;
- ардагерлерге, зейнеткерлерге, мүгедектерге, қайтыс болған қызметкерлердің отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсету, зейнеткерлер мен олардың отбасы мүшелері өмірінде пайда болған әлеуметтік мәселелерді шешу;
- құтқару бөлімшелерінің жас мамандарының кәсіби және адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеудегі міндеттерді шешу;
- ҚР ІІМ ТЖК ТЖД жүйесінің құрылымдық бөлімшелерімен, оған қоса басқа да соғыс және еңбек ардагерлерінің қоғамдық бірлестіктерімен тығыз байланыс жасау.

 

Қазіргі таңда Ардагерлер кеңесі қарқынды түрде Ауған соғысының, «Эхо» Семей ядролық полигоны ардагерлерінің қоғамдық бірлестіктерімен, Ақтөбе қаласы әкімдігі жанындағы Ардагерлер кеңесімен, облыстық әкімдіктің Ішкі саясат департаментімен, оған қоса меншік түріне қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдармен тығыз байланыс жасауда.

Аса құрметпен және ізгі тілекпен
Ардагерлер кеңесінің төрағасы

Бегендік Айтқұлов