Главное меню

Оперативная сводка

2018
Октябрь
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031    

qw

 

Телефон доверия

Департамента

8(7132) 54-50-25

Телефон доверия Группы

собственной безопасности

8(7132) 55-00-30

Единый

телефон доверия
1402

Интерактивный опрос

Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
 

Авторизация



Счетчик Посетителей

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterСегодня5496
mod_vvisit_counterВчера3266
mod_vvisit_counterЗа неделю32318
mod_vvisit_counterЗа месяц101409
mod_vvisit_counterЗа прошлый месяц144755
mod_vvisit_counterВсего4497312

ban rus

Подписка на новости

Поиск по сайту

prezident
akorda
 
rus
 
resizei 
 
resizei
anticorruption
 

 

 

 

 poll

   

Главная Государственная служба Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты мәселелер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты мәселелер

25.01.2017

Департаментте сыбайлас жемқорлықтың жолын кесудің негізгі қадамдары

Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Нұр Отан» Ұлттық демократиялық партиясының облыстық филиалымен және оның жанынан құрылған Жемқорлықпен күрес бойынша қоғамдық кеңеспен бірлесе өзара әрекет етеді. 2016 жылы Департаментте құқық қорғау органдарының, «Нұр Отан» Ұлттық демократиялық партиясы өкілдерінің қатысуымен 16 дөңгелек үстел өткізілді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу тәжірибесі жалғастырылуда, жергілікті БАҚ 2 сөз сөйлеу ұйымдастырылды, Ақтөбе облысының жергілікті газеттерінде 5 мақала шығарылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбына 22 лекция өткізілді. Аталмыш тақырыпқа 1 бейнефильм түсіріліп, жергілікті «Рика» телеарнасынан көрсетілді.
Департамент бастығы бекіткен кестеге сәйкес апта сайын аппараттық кеңестерде Департаменттің барлық деңгейдегі басшыларының жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын сақтау бойынша жүргізілген жұмыстары туралы баяндамалары тыңдалды. Азаматтардың шағымдарын қарастыру тәртібін және заңдылығын сақтау шеңберінде барлық түскен өтініштер «Айқын» ақпараттық жүйесінде тіркеледі.
Жыл сайын құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелердің жеке құрамымен жеке табыс туралы декларациялардың уақытылы тапсырылуы түсіндіріледі және бақыланады.
Тоқсан сайын облыстық прокуратура, Ақтөбе облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті және Ақтөбе облысы Ішкі істер департаменті қызметкерлерінің қатысуымен жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша семинар-кеңестер өткізіледі.
ҚР ІІМ 2009 жылғы 30 қарашадағы №450 «ҚР ІІО сенім телефондарын ұйымдастыру бойынша нұсқаулығын бекіту туралы» бұйрығын орындау мақсатында, Ақтөбе облысының ТЖД сайтында азаматтардың жемқорлық фактілері туралы «сенім телефоны» арқылы шағымдану мүмкіндігі туралы ақпарат орналастырылған. 2016 жылы сенім телефоны арқылы азаматтардан арыздар мен шағымдар түскен жоқ.
Азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Департаментте және оның бөлімшелерінде арыздарды қабылдау бойынша көрнекі құралдар, бастық пен оның орынбасарларының жеке қабылдау кестелері бар. Облыстың барлық бөлімшелерінде азаматтардың шағымдары тәулік бойы қабылданады, арыздарды жинау жәшіктері орнатылған. Заң және қызметтік-әскери тәртіпті сақтау жағдайы ай сайын шұғыл және аппараттық жиналыстарда қарастырылады.
Департамент қызметкерлеріне қатысты қозғалған қылмыстық және әкімшілік істер бойынша тоқсан сайын құқықтық статистика және ішкі істер органдарымен салыстыру жүргізіліпп отырады.
Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті әзірленген жоспарына сәйкес «Нұр Отан» партиясының ғимаратында Департамент бастығы азаматтар мен ұйымдарға қоғамдық қабылдау жүргізді.
Ұжымда жағымды моральды-психологиялық климатты және қызметкерлердің кәсіби-адамгершілік бейнесін қалыптастыру шеңберінде 78 қызметкердің қатысуымен 7 тренинг, 242 қызметкердің қатысуымен 15 лекция өткізілді және 95 қызметкерге кеңес берілді.
Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен бірлескен бұйрыққа қол қойылып, қазіргі таңда Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлықтың сыртқы тәуекелдеріне зерделеу жүргізілді.
Сонымен қатар, 2016 жылдың 13 маусымы мен 19 тамызында Департаментте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің штаб офицерінің қатысуымен жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны іске асыру мәселелері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жай-күйі туралы мәслихат – кеңесі өтті.
2016 жылдың 8 желтоқсанында қорытынды Офицерлік жиналыс шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді түсіндіруге бағытталған сыйлықтарды қабылдау мен тарту етуге байланысты бейнеролик, ал 14 желтоқсанда халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні шеңберінде «Жемқорлық - барлығымызға ортақ залал» тақырыбындағы бейнеролик көрсетіліп, талқыланды.
Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізу мақсатында жеке құраммен кездесулер ұйымдастырылып, жемқорлыққа қарсы заңдардың талаптары түсіндіріледі, жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмау, құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын себептерді азайту бойынша жеке тәртіпке қатысты және профилактикалық жұмыстар өткізіледі.

Теміртаева Ә.Т.
Департаменттің кадр жұмысы бөлімінің бас маманы

05.08.2016

Жемқорлықты бірге жеңеміз!

Соңғы уақытта Қазақстан әлемдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы рейтингінің көрсеткішін жақсартты. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың Қазақстандағы негізгі стратегиясының дамуының нәтижесі болып табылады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше жыл бұрын сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресті жариялады. Бұл бағытта Заң, құқық қорғау органдары мен қоғамдық ұйымдар жұмыс жасайды.
Дегенмен, басқа елдердегі сияқты, Қазақстанда да сыбайлас жемқорлық әлі де басты жүйелік проблемалардың бірі болып отыр. Бұл қауіпті әлеуметтік құбылыс шетелдік инвесторлардың алдында мемлекеттің беделін түсіріп, сауда-экономикалық байланыстағы дамуды кенжелетіп, экономиканың тікелей және жанама құлдырауына әкеліп соқтыратыны баршамызға белгілі. Бірқатар зерттеулердің нәтижелері мемлекеттік басқарма жүйесінің ашылуы көбейген сайын, азаматтық қоғам белсенген сайын, сыбайлас жемқорлықтың деңгейі төмендеп жатқанын көрсетті. Сондықтан, бұл құбылысқа, барлық қоғамның және де әр тұлғаның тарапынан төзімсіздік қажет болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің тиімділігін арттыру мақсатында, «ӨС және АҚЖҚ» ММ қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың қаупін азайту және алдын алу жұмыстарын жетілдіру үшін дәріс оқу, сабақтар жүргізу, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізу ұйымдастырылды. Жеке құрамға еңбек заңнамасын, соның ішінде ҚР «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы туралы» Заңдарын түсіндіру бойынша «Нұр Отан» партиясы, салық органы және Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақтөбе облыстық департаменті өкілдерін шақыртып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ ағымдағы жылдың І тоқсанында өткізілген дөңгелек үстел үстіндегі талқылау барысында Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақтөбе облыстық департаменті бас маманы Нұртөре Қалдыбаевтың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет туралы» жаңа заңында қарастырылған сыбайлас жемқорлық саясатын жетілдіруге бағытталып қабылданған жүйелі шаралар туралы баяндамасын тыңдады. Сыбайлас жемқорлық – жүйелі құбылыс, онымен тиісті жүйелік шаралар қолдана отырып күресі керек.
Сондай-ақ, біздің қызметкерлердің басым көпшілігі сыбайлас жемқорлықты пара алумен байланыстырады. Олар сыбайлас жемқорлық қылмыстың, тіпті құқықбұзушылықтың ақшаның қатысынсыз-ақ орын алуы мүмкін екенін біле бермейді. Белгіленген тәртіптен айналып өтіп, «телефондық құқық», таныстық арқылы жұмысқа қабылдау немесе оқу орнына түсіру де сыбайлас жемқорлықтың бір түрі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықтың адам құқығына, тепе-тендік пен әлеуметтік әділеттілікке, еліміздің экономикалық дамуы мен демократиясына айтарлықтай қауіп төндіретінін ұмытпауымыз қажет. Ол тұрақты жолдан тайдыратын вирусқа тепе тең. Дегенмен, сыбайлас жемқорлықты азайтуда маңызды жетістіктерге жеткен Сингапур, Португалия және Швеция сияқты елдер де бар. Осыны «сауда саттықты» жеңудің тікелей дәлелі деп санауға болады. Табыс кепілі әр азаматтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенділігін арттыруы болып табылады.

"Өрт сөндіру және авариялық құтқару" бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Дархан Халмуратов

17.03.2016

Жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша ақпарат

Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі №793 «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Жарлығын орындау мақсатында, Департаменттің және оған бағынысты мемлекеттік мекемелердің жеке құрамымен жемқорлыққа қарсы заңдарды сақтау бойынша нақты жұмыстар жүргізіліп отырады. ҚР Президентімен 2014 жылы 26 желтоқсанда №986 бұйрығымен бекітілген 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы жоспарын орындау бойынша 2015 – 2017 жылдардың іс-шаралар бағдарламасын орындау мақсатында Департаментпен жемқорлыққа қарсы заңдардың талаптарын сақтау және тәртіпті нығайту мақсатында бағдарлама бекітілген.
Департаментте 2015 жылы құқық қорғау органдары мен «Нұр Отан» өкілдерінің қатысуымен 11 «дөңгелек үстел», 39 лекция өткізілді, БАҚ-да 6 мақала жазылды, жемқорлық туралы 2 фильм көрсетілді.
Жеке құраммен кездесулер ұйымдастырылып, жемқорлыққа қарсы заңдардың талаптары түсіндіріледі, жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмау, бопсалаушылық, басшы мен бағынысты қызметкерлер арасында заңсыз қарым-қатынастар фактілерін жою, құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын себептерді азайту бойынша жеке тәртіп және профилактикалық жұмыстарды арттыру туралы мәселелер талқыланады.
Қызметке қабылдау кезінде кандидаттармен жеке сұхбатасу өткізіледі, Ақтөбе облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментіне кандидаттарға және олардың туысқандарына әшкерлейтін материалдар туралы сұраныстар жіберіледі.
Кандидаттар заңмен бекітілген тәртіпте өзіне қызмет бойынша шектеулер қабылдайды, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы», «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарына сәйкес, Салық комитетінен табыстар туралы мағлұмдама тапсырғаны жөнінде анықтамалар тапсырады.
Жемқорлыққа қарсы күрес тиімділігін арттыру және арыз берушінің Департамент қызметкерлері жағынан жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылыққа алғышарт жасайтын орындаушымен байланысын жою мақсатында, 2008 жылғы 15 қарашадан бастап құжаттардың қабылдануы мен берілуі «бір терезе» қағидасы бойынша ұйымдастырылған.
Заң мен тәртіпті қамтамасыз ету шеңберінде 2014 жылдың басынан Ақтөбе облысының ТЖД-не келіп түскен арыздар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен әзірленген мемлекеттік қызметкерлердің арыздарды қарастыру шараларының айқындығын көздеген «Айқын» ақпараттық жүйесі арқылы өтеді.
Дұрыс жұмысты қамтамасыз ету үшін Департаментте және оның бағынысты бөлімшелерінде сенім телефондары (ТЖД-54-50-25, «ӨС және АҚЖҚ» ММ-51-86-07, «ЖҚЖ» ММ-90-83-22, «СҚҚ» ММ-40-03-36), азаматтардың қол жетімді жерлерде сенім телефондардың нөмірлері жазылған стендтер орнатылды. Аталған нөмірге түскен барлық қоңыраулар кезекші және өрт сөндіру бөлімдерінде арнайы басталған журнал ішінде жазылып отырады.
Департаменттің, оның бағынысты ұйымдардың және мемлекеттік мекемелердің басшылары бекітілген кестеге сәйкес, жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдап отырады. Департамент ғимаратының фойесінде Департамент жұмысы бойынша арыздар мен ұсынымдарды қабылдау үшін жәшік орнатылған.
Бұған қоса, Департаментте халыққа қол жетімді жерінде Мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этикасы ережелері және Азаматтардың шағымдану ережелері бар стенд орнатылған.
2015 жыл ішінде Департаменттің және оның бағынысты бөлімшелерінің қызметкерлері үстіне азаматтардың арыздары мен шағымдары түскен жоқ.
Министрліктің «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралары туралы» нұсқауын орындау мақсатында, әр апта сайын Департамент бастығының қатысуымен аппараттық жиналыс үстінде орта буынды басшыларының жемқорлыққа қарсы заңдардың сақталуы бойынша өткізілген жұмыстары туралы баяндамалары тыңдалады.
Тауар-материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды, мүлік және т.б. сатып алуға арналған қаражатты тиімді және үнемді шығындау мақсатында, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы» қаулысын қатаң басшылыққа алып отырамыз.
Жемқорлыққа қарсы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жасалуын алдын-алу және болдырмау үшін барлық бөлімшелерде қызметкерлермен жемқорлыққа қарсы заңдардың талаптары мен нормаларын оқып зерттеу бойынша тақырыптық және тәжірибелік жұмыстар жүргізіліп отырады. Департаменттің бағынысты және құрылымдық бөлімшелерде жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жадынамалар бар.
Осыдан басқа, Департамент басқармалары мен бөлімдерінің бастықтары Департаменттің жеке құрамымен жемқорлыққа қарсы заңдарды сақтау бойынша нұсқаулықтарды күнде жүргізіп отырады.
Ақпараттық есептік құжаттардың уақытылы ұсынылу есебі мен бақылаудың толықтығын қамтамасыз ету мақсатында, Ақтөбе облысының Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармасымен тоқсан сайын жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар бойынша салыстырулар жүргізіліп отырады.

КЖБ бастығы
өртке қарсы қызмет майоры Е. Адильбеков

 

26.10.2015

Құқық бұзушылықтардың алдын алу – басты назарда

Тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік – кішігірім заңбұзушылықтардың өзіне мойынсұнбаушылық. Бұл позицияның алға қойылуы да түсінікті: бассыздықтық және тәртіпсіздік сезімдері бұдан бетер ауыр қылмыстарды жасауға себеп болуы мүмкін. Кішігірім құқық бұзушылықтарға мойынсұнбаушылық ахуалы – қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мен қылмыскерлікпен күресте маңызды қадам.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қоғамда құқық бұзушылықтарға мүлде төзбеушілікті құруды міндеттеді. Қазіргі уақытта бұл тезис құқық қорғау органдары жұмысының негізіне қойылған. Қылмыстық істі айтпағанда, кез келген құқық бұзушылық үшін жаза қолданылуына және оның әділ шешілуін ешкімнің күмәні болмауы керек. Бұл жерде бірінші кезекте азаматтылық ынтымақтастық гаранты ретінде қоғам басты рөльге ие.

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің азаматтық ұстанымды күшейтуде маңызы зор. Сыбайлас жемқорлық заңдардың ықпалдылығын төмендетіп, қоғамдылық игіліктің санаулы топ өкілдерінің пайдасына берілуі салдарынан қоғамның жіктелуін әкеледі, халықтың үкіметке деген сенімін төмендетеді, бар құндылықтар арасында алшақтылықты туғыза отырып халық арасында екі жүзді қағидаларды құрады.
ТЖ Департаменті қылмыстық қудалау органына жатпайды: мұндай өкілеттілік берілмеген. Оның басты мақсаты – өрт қауіпсіздігін сақтамауға қатысты тек қызметкерлердің емес, сонымен қатар азаматтар мен заңды тұлғалардың кез келген санаттағы заңбұзушылықтарды жасауына мүмкіндік туғызатын жағдайларды болдырмау. Оны орындау үшін жеке құраммен асығыстық пен алаңғасарлықтан теріс қылық жасауға жол бермеу мақсатында жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Алдын алу іс-шараларының мақсаты – құқықы бұзушылық себептері мен оларды жасауға мүмкіндік туғызатын шарттарды айқындау мен жою, сонымен қатар құқыққа қайшы мінез-құлыққа бейім тұлғаларға ескерту жасау құралдарын қолдану.

Ақтөбе облысының ТЖ департаменті өз алдына сыбайлас жемқорлық және басқа да санаттағы құқық бұзушылықтарды тек айқындау ғана емес, сонымен қатар оның негізін түбірімен жою міндетін қойды. Осы жерде «тәртіпсіздікке мүлде төзбеушілік» түсінігі ерекше мәнге ие. Себебі қоғамда сыбайлас жемқорлық мінез-құлыққа мүлде төзбеушілікті қалыптастыру нәтижесінде ғана оның сенімді түрде төмендеуін қамтамасыз етуге болады. Осы мақсатта Департаментте тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәселелерін талқылау үшін қоғамдық ұйымдар мен кәсіпкерлердің қатысуымен көпшілік ақпараттық іс-шаралар өтіп тұрады. Сенім телефондары орнатылған, Азаматтар таныса алатын жерлерде сенім телефондары көрсетілген стендтер орналастырылған. Департамент қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына алғышарт болатын өтініш беруші мен орындаушының байланысын шектеу мақсатында «бір терезе» қағидаты бойынша құжаттардың қабылдануы мен берілуі ұйымдастырылған. Заңбұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қолданылады. Шара жасалған заңбұзушылықтың ауқымына қарай байланысты болады, себебі заңға бағыну мәдениеті болмашы нәрседен басталады.
2015 жылдың басынан бастап Ақтөбе гарнизонының 89 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде екеуі – жол көлік ережесін, 15 – орындаушылық тәртіпті бұзғаны үшін. Үш қызметкер қызметтік-әскери тәртіпті бұзған. 67 қызметкерге қызметтік міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін тәртіптік жаза қолданылды. Қызметкерлердің көлікті алкогольдік немесе есірткілік масаңдық жағдайында басқаруы орын алды. Бұл қызметкерлер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей моральдық-этикалық нормаларды сақтамағаны үшін мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарынан жұмыстан босатылды.

Ақтөбе облысының ТЖД бастығы
өртке қарсы қызмет подполковнигі
Бауыржан Сыздықов

15.06.2015

Жемқорлықсыз болашақ

2014 жылы және 2015 жылдың төрт айында азаматтардан Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен оның ведомстволық бағынысты бөлімшелері қызметкерлеріне қатысты шағымдар мен арыздар түскен жоқ.
Бұл көрсеткіш Департаменттің Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы заңнамалары талаптарының мүліксіз сақталуы бойынша атқарып жатқан жұмыстарының нәтижесі.
Департамент және оның құрылымдық бөлімшелеріндежемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша құқық қорғау органдарының, «Нұр Отан» партиясының, қоғамдық кеңес өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстелдер» өткізіледі,жеке құрамға тақырыптық дәрістер оқылады, жемқорлық қылмыстардың ашылуы жөніндегі деректі фильмдер көрсетіледі. Ағымдағы жылдың басынан бастап 10 жуық «дөңгелек үстел» өткізіліп, 30 астам дәрістер оқылды.
Бәленің басы жемқорлықтан басталады. Тәртіпті нығайту мақсатында жеке құраммен кездесу кезінде жемқорлыққа қарсы заңнамалар талаптары түсіндіріліп, жемқорлық құқықбұзушылықтар салдары талқыланады. Бопсалау фактілерінің тамыр жаюуына жол бермеу, қылмыстар жасауға ықпал етуші себептерді азайту бойынша алдын алу жұмыстарының жүргізілуіне басты назар аударылады. Жеке құрамға, әсіресе қызметке жаңадан қабылданған офицерлерге, мемлекеттік қызметшілерге жүргізілген жеке тәрбиелеу жұмыстары оң нәтиже көрсетуде.
Бекітілген тәртіпке сәйкес қызметке қабылдау кезінде үміткерлермен жеке сұхбаттасу жұмыстары жүргізіледі, үміткер мен оның жақын туыстарының жағымсыз қылықтарын әшкерелейтін материалдардың болуына қатысты ҰҚКДсұраныстар жіберіледі. Үміткер Қазақстан Республикасының «ҚР мемлекеттік қызмет туралы», «Жемқорлықпен күрес туралы» Заңдарына сәйкес қызметке қатысты шектеулерді қабылдайды, жеке кірістері жөніндегі декларация тапсырғандығы туралы Салық комитетінен анықтама әкеледі.
Арыз беруші мен орындаушы арасында байланыстың болуын болдырмау мақсатында Департамент пен оның құрылымдық бөлімшелерінде құжаттарды қабылдау мен беру «бір терезе» қағидасына сәйкес жүргізіледі. Сенім телефондары жұмыс істейді. Заңдылықтар мен тәртіпті қамтамасыз ету аясында мемлекеттік органдардың азаматтардың өтініштерін қарау процедураларының айқындығын қамтамасыз ету үшін 2014 жылдан бастап Департаментке келіп түскен барлық өтініштер ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетімен әзірленген «Айқын» ақпараттық жүйесі арқылы өтеді.
Жеке құрамға тәртіптік жауапкершілікке тартылуы жөніндегі бұйрықтар, Министрлік жүйесіндегі жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстардың жай-күйі жеткізіледі. Департамент психологтарымен Департамент қызметкерлері үшін жемқорлық жасауға жақын тәуекел топтарды анықтау бойынша сауалнама әзірленді.
Жемқорлық қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу және оны болдырмау мақсатында барлық бөлімшелерде жемқорлыққа қарсы заңнамалар нормалары мен талаптарын игеру бойынша тақырыптық және тәжірибелік жұмыстар жүргізілуде.

Ербол Әділбеков,
Ақтөбе облысының ТЖД
кадр жұмысы бөлімінің бастығы