Бас мәзір

Жедел жағдай

2020
Шілде
MoTuWeThFrSaSu
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  

 

Департаменттің сенім

телефоны

8(7132) 54-50-25

Өзіндік қауіпсіздік

тобының сенім телефоны

8(7132) 55-00-30

БІРЫҢҒАЙ

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
1402

Интерактивті сұрақ

Сіз біздің ұйым жұмысының нәтижелерін қалай бағалайсыз?
 

Авторизациялау



Есептегіш

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін6498
mod_vvisit_counterКеше4005
mod_vvisit_counterБір аптада36509
mod_vvisit_counterБір айда23899
mod_vvisit_counterӨткен айда297007
mod_vvisit_counterБарлығы8902023

ban kaz

Телефон доверия

phonedovKZ

Жаңалықтарға жазылу

Сайт бойынша iздестiру

prezident
 Президент Жолдауы
forum
 
 
resizei
kyzmet
 

 

 

 

 

 

 

kabildau

   

airkz

 

Негізгі бет
Ақтөбе облысы ТЖД басшылығының Хромтау ауданына жұмыс сапары PDF Басып шығару E-mail

12.06.2020

Ақтөбе облысы ТЖД басшылығының Хромтау ауданына жұмыс сапарыАқтөбе облысы ТЖД басшылығының Хромтау ауданына жұмыс сапары

12 маусымда Ақтөбе облысының ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі М. Аманбаев, «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Д. Ермағамбетов және Департаменттің Кадр саясаты бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі М. Дәмен аудандық бөлімшелерге жоспарлы шығу шеңберінде Хромтау ауданға жұмыс сапарымен барды.
Аудандық бөлімшелерге жұмыс сапары аясында ТЖД бастығы жеке құрамның жауынгерлік даярлық жағдайымен, материалдық-техникалық жабдықталуымен және қызмет атқарудың тұрмыстық жағдайларымен танысты, гарнизонның аға басшы құрамымен әңгіме жүргізді, ТЖ бөлімі мен Өрт сөндіру бекетінің басшылығына істердің жағдайын жақсарту бойынша нақты тапсырмалар берді.
Аудан әкімдерімен кездесу барысында өрт қауіпті кезеңге дайындық, ерікті өртке қарсы құрылымдардың дайындығы және жергілікті атқарушы органдардың Төтенше жағдайлар бөлімі мен Өрт сөндіру бекетін материалдық-техникалық жабдықтау бойынша көмек көрсету мәселелері талқыланды.Ақтөбе облысы ТЖД Кадр саясаты бөлімі

 
Судан құтқару мамандарының жұмысы PDF Басып шығару E-mail

12.06.2020

Судан құтқару  мамандарының жұмысыСудан құтқару мамандарының жұмысы

Шомылу маусымы басталуының аясында Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің жедел-құтқару жасағының мамандары, Ақтөбе қаласының №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің базасында саяхаттардың құтқарушыларымен тәжірибелік курстар өткіздi. Мұндай шаралар шомылу маусымы кезінде төтенше жағдайлар мен оқыс оқиғалардың алдын алу үшін жасалынды.
Сабақ кезінде алғашқы медициналық көмек техникасын, адам есін жоғалтқан жағдайда қалай көмек беру керек, қан кетудi қалай тоқтатуға болады және адам денесінің қатты ыстығы көтерілсе немесе салқындаса не істеу керек екендігі көрсетiп түсіндірiлдi. Әр түрлі жағдайларда қалай дұрыс әрекет ету керектігін қарастырды. Оқытылғандар адамды судан құтқару және оған алғашқы медициналық көмек көрсету алгоритімдерің манекенде пысықтады.
2020 жылдың 11 маусымында оқу курсы аяқталып құтқарушы жауынгерлерге арнайы сертификаттар тапсырылды.
Ақтөбе гарнизонының құтқарушылары азаматтарға жыл сайынғы Ақтөбе қаласыңдағы ең қауіпті болып саналатын жерлерді естеріне салады: Өрлеу ауылына силикат зауытының жанындағы көпір, Жилгород жағажайының жанында, Ескі және жаңа земснаряд аудандары, Қарғалы ауылына және Ақтөбе су қоймасына арналған көпір.
Жазатайым оқиғаларды болдырмас үшін суда үнемі қарапайым бірнеше ережелерді сақтау керек:
- мас болған кезде шомылмаңыз. Маскүнемдіктің әсерінен адамдар көбінесе өз күштерін асыра бағаламайды, сонымен қатар басқаларға қатысты ұқыпсыз әрекеттер жасайды, бұл көбінесе қайғылы салдарға әкеледі;
- қауіпті, тыйым салынған жерлерде шомылмаңыз;
- бейтаныс жерлерде суға секіруге, суға түсуге байланысты ойындар өткізуге, шұңқырлар мен қоршауларға шомылуға тыйым салынады;
- белгісіз тереңдікте шомылу қауіпті, өйткені сіз басыңызды құмға, сазға тигізіп, мойын омыртқаңызды сындырып алуыңыз мүмкін
- балаларды жүзуге және алғашқы көмек көрсете алатын ересектердің бақылауынсыз су қоймасының жағасына қалдырмаңыз;
- балалардың өз еріктерімен тоғандарға барып, жүзуіне жол бермеңіз;
- егер сіз шомылу кезінде аяғыңыз үйып қалса, суға бір минутқа батырыңыз да, аяғыңызды түзетіп, аяғыңызды бас бармағыңыздан өзіңізге қарай тартыңыз.
Осы ережелерді сақтау сізге жазғы демалысты тоғандарда қауіпсіз өткізуге мүмкіндік береді.

Ақтөбе облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

 
Ақтөбе облысының әкімдігінде есептік кездесу өтті PDF Басып шығару E-mail

09.06.2020

Ақтөбе облысының әкімдігінде есептік кездесу өттіАқтөбе облысының әкімдігінде есептік кездесу өтті

2020 жылғы 9 маусымында Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы М. Аманбаев облыс әкімі О. Уразалиннің төрағалығымен өткен кеңеске қатысты.
ТЖ департаментінің бастығы суға шомылу маусымында су айдындарындағы жағдайы және орман-дала өрттерінің алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Осылайша, Департамент 2020 жылдың өткен кезеңінде шомылуға тыйым салынған 260-тан астам орынды анықтады, онда 163 тыйым салу белгісі орнатылды.
Сонымен қатар, жыл басынан бері тыйым салынған жерлерде шомылудан және қауіпсіздік шараларын сақтамаудан 6 адам қаза тауып, 1 бала құтқарылды.
2020 жылдың өткен кезеңінде облыс аумағында 196 өрт тіркеліп, 84 млн.теңгеден астам шығын келтірген, қауіпті факторлардан 3 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алған. 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда олардың саны 38,9% - ға азайғаны байқалады.
Департамент қызметкерлері тұрақты негізде су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары және орман – дала өрттерінің алдын алу туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді.
Облыс әкімі балаларды жүзуге үйрету мақсатында жағажайларға қаңқалы-модульдік стационарлық бассейндер орнату, рейдтер жүргізу үшін жұмыспен қамту орталықтарынан адамдарды тарту жұмыстарын жалғастыру сынды ұсыныстарына қолдау білдіріп, азаматтардың өмір қауіпсіздігін сақтау туралы ақпараттарды барынша күшейтуді тапсырды,сонымен қатар өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

 
Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі PDF Басып шығару E-mail

09.06.2020

Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі

Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі

Өткенаптада Мұғалжар ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері автокөлікте өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында Қандыағаш қаласының автожанармай құю станцияларында, автокөлік құралдары жиналып қалған жерлерде "автокөліктегі өрт қауіпсіздігі"жадынамаларын табыс ету мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Рейд барысында автокөлік құралдарының өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкес келуіне, техникалық жағдайына, алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуына ерекше назар аударылды. Автокөлік жолдарының жүргізушілерімен жанған жағдайда әрекет ету және өрт қауіпсіздігі шаралары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мұғалжар ауданының төтенше жағдайлар бөлімі жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін үнемі техникалық байқаудан және көлік құралдарына қызмет көрсету қажет екендігін ескертеді, себебі көлікте жанудың себебі ақаулы электр сымы мен отын жүйесі болып табылады.

Мұғалжар ауданының ТЖБ

 
Аудандық ауруханадағы өрт PDF Басып шығару E-mail

09.06.2020

Аудандық ауруханадағы өрт

Аудандық ауруханадағы өрт

2020 жылғы 9 маусымда сағат 22:00 - де Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру қызметінің Темір ауданының №16 өрт сөндіру бекетінің өрт байланыс пунктіне Шұбарқұдық ауылындағы Орталық аудандық аурухананың шатыры өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі екі минутта жетті. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімі келгенде Орталық аудандық ауруханасы орналасқан екі қабатты ғимараттың шатыры өртеніп жатқаны аңықталды. Өртке жоғарғы дәрежелі рангі жарияланды.
Өртті сөндіруге Шұбарқұдық, Темір өрт сөндіру бекеттерінің, Қандыағаш қаласының өрт сөндіру бөлімінің және «Сайгак Қазақстан» МӨҚҚ өрт сөндіру автокөліктері жұмылдырылды. Төменгі қабаттар мен көрші бөлмелерді қорғау үшін оқпандар тез арада берілді, бұл өрттің одан әрі дамуына жол бермеді. Өрттің жалпы ауданы 530 шаршы метрді құрады.
Ауруханадан 32 адам дер кезінде эвакуацияланды, оның ішінде 2 бала, 8 медициналық қызметкер.
Өрт сағат 23.12-де шектеліп, 23.41-де толығымен жойылды. Өртті сөндіруге барлығы 40-тан аса жеке құрам мен 5 бірлік өрт сөндіру техникасы, оның ішінде 1 көтергіш механизм тартылды.
Өрттің шығу себебі анықталуда. Өрт зерттеу зертханасы тағайындалды.

Ақтөбе облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ
Iшкi және сыртқы коммуникациялар тобы

 
Ақтөбе облысы ТЖД басшылығының Қобда және Ойыл аудандарына жұмыс сапары PDF Басып шығару E-mail

05.06.2020

Ақтөбе облысы ТЖД басшылығының Қобда және Ойыл аудандарына жұмыс сапарыАқтөбе облысы ТЖД басшылығының Қобда және Ойыл аудандарына жұмыс сапары

5 маусымда Ақтөбе облысының ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі М. Аманбаев, «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Д. Ермағамбетов және Департаменттің Кадр саясаты бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі М. Дәмен аудандық бөлімшелерге жоспарлы шығу шеңберінде Қобда және Ойыл аудандарына жұмыс сапарымен барды.
Аудандық бөлімшелерге жұмыс сапары аясында ТЖД бастығы жеке құрамның жауынгерлік даярлық жағдайымен, материалдық-техникалық жабдықталуымен және қызмет атқарудың тұрмыстық жағдайларымен танысты, гарнизонның аға басшы құрамымен әңгіме жүргізді, ТЖ бөлімі мен Өрт сөндіру бекетінің басшылығына істердің жағдайын жақсарту бойынша нақты тапсырмалар берді.
Аудан әкімдерімен кездесу барысында өрт қауіпті кезеңге дайындық, ерікті өртке қарсы құрылымдардың дайындығы және жергілікті атқарушы органдардың Төтенше жағдайлар бөлімі мен Өрт сөндіру бекетін материалдық-техникалық жабдықтау бойынша көмек көрсету мәселелері талқыланды.

Ақтөбе облысы ТЖД Кадр саясаты бөлімі

 
Ақтөбе облысында 2 адам суға батып кетті PDF Басып шығару E-mail

05.06.2020

Ақтөбе облысында 2 адам суға батып кеттіАқтөбе облысында 2 адам суға батып кетті

Күн көзі жылынғалы бері облыс су айдындарында тыйым салынған орындарда шомылған 4 адам суға батып кеткен болатын. Өткен тәулікте тағы 2 адам суға батып кетті, оның бірі жасөспірім. (Ақтөбе қ. – 4, Қарғалы ауданында – 2). Айта кету керек, 2 адам мас күйінде болған.
Жазғы кезеңде облыс су айдындарында қауіпсіздікті ұйымдастыру үшін ТЖД, ЖПҚ, Ақтөбе заң институты жалпы саны 340-тан астам қызметкер, ювеналды полиция балалар инспекторлары және волонтерлер жұмылдырылған. Патрульдеу күнделікті жүргізілуде.
Тыйым салынған жерлерде шомылып, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішкені үшін 50 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды (5 АЕК немесе 13 мың теңгеден астам).
ТЖД соңғы 8 жылда әкімдіктер коммуналдық жағажайлардағы кезекшілікке тарта алатын 712 жасақшы-құтқарушы оқытылды. Берілген өтінімдерге сәйкес, дүйсенбіден бастап тағы 77 жасақшы-құтқарушы оқытылады.
1 маусымнан бастап суға шомылу маусымы ресми түрде басталды. Жалпы 51 жағажай ашу жоспарлануда (Ақтөбе қ. - 9, аудандарда - 42), оның 11 коммерциялық және 40 коммуналдық.
ТЖД сүңгуірлері су айдындарының түбін тексеру және тазарту жұмыстарын жүргізді. Жағажайдың инфрақұрылымына және оның жабдықталуына, оның ішінде құтқарушы-жасақшалармен иелерінің өздері жауап береді.
Жағажайларды тазалау нәтижелері, су айдынында өткен жылы болмаған қауіптің барын көрсетті: жартылай шіріген балық аулау желілері, үшкір металл және шыны бұйымдар, тастар, ұзын шаштар ілініп қалуы мүмкін ағаш бұтақтары. Сондай-ақ, көпірлердің астында табиғи су ағындары да кездеседі.
Сондықтан халыққа тек жағажайларда шомылуға кеңес беріледі, яғни сүңгуірлік тексеру жүргізілген жерде құтқарушылар мен дәрігерлер бар, бір сөзбен айтқанда қауіпсіздік қамтамасыз етілген. Мас күйінде суға шомылудың қажеті жоқ, әсіресе ауа ыстық, су әлі қызып үлгермеген уақытта.
Сондай-ақ балалар қауіпсіздігін де ұмытпай, оларды көзден таса етпеу қажет.

Ақтөбе облысы ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

 
Өзекті мәселе... PDF Басып шығару E-mail

05.06.2020

Өзекті мәселе...Өзекті мәселе...

Бүгін ТЖД қызметкерлерінің бастамасымен алғаш рет мектепке дейінгі жастағы балалары бар көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарының терезелері үшін бұғаттаулар, ілгектер орнату бойынша қайтарымсыз акция өткізілуде. Бұл акцияның мақсаты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ересектердің балалар алдындағы жауапкершілігін ояту. Осындай бұғаттауларды 10-12 отбасына дейін орнату жоспарланып отыр.
Ағымдағы жылы, өкінішке орай, 2015 ж.т. және 2017 ж.т. балалардың 5 қабатты үйдің терезесінен құлауы бойынша 2 жағдай орын алып, орташа дәрежедегі жағдаймен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Ата-аналарға ұсыныс:
Ешқашан москит торына сенімді болмаңыз. Олар балаларды құлаудан қорғауға арналмаған. Керісінше, москит торына баланың өзін қауіпсіз сезінуі мен терезеге де, оған да сүйенуі қайғылы жағдайға ықпал етеді.
Мүмкіндігінше, терезелерді төменнен емес, жоғарыдан ашыңыз.
Егер сіз балаға терезеден бірдеңе көрсетсеңіз, оны терезе асты тақтайларына тұрғызбаңыз, қолыңызда ұстаңыз. Баланың шапшаң қимылдарына дайын болыңыз, алақандар құрғақ болуы керек.
Қылтимаға үлкендердің еріп жүруінсіз шығуға рұқсат бермеңіз, егер қылтима әйнектелмесе, баланы ұстаңыз. Ешқашан ұйықтап жатқан баланы пәтерде жалғыз қалдырмаңыз, себебі бала оянып, ашық терезеге баруы мүмкін. Барлық жиһазды, кереуеттерді қоса алғанда, терезеден алшақ қойыңыз
Ешқашан ұйықтайтын баланы пәтерде жалғыз қалдырмаңыз, себебі бала оянып, ашық терезеге пайдалы болуы мүмкін. Барлық жиһазды, кереуеттерді қоса алғанда, терезеден бұраңыз.
Баланы терезеден немесе қылтимадан сыртты көру үшін аяқ астына орындықты немесе өзге де құрылғыларды қоюға үйретпеңіз. Кейіннен, осындай жолмен әрекет ете отырып, ол тым қатты сыртқа шығып, құлап кетуі мүмкін.

Ақтөбе облысы ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > соңғы >>

2 -парақ, барлығы 298