Бас мәзір

Жедел жағдай

2018
Тамыз
MoTuWeThFrSaSu
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  

 

Департаменттің сенім

телефоны

8(7132) 54-50-25

Өзіндік қауіпсіздік

тобының сенім телефоны

8(7132) 55-00-30

БІРЫҢҒАЙ

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
1402

Интерактивті сұрақ

Сіз біздің ұйым жұмысының нәтижелерін қалай бағалайсыз?
 

Авторизациялау



Есептегіш

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін3716
mod_vvisit_counterКеше3760
mod_vvisit_counterБір аптада14330
mod_vvisit_counterБір айда58746
mod_vvisit_counterӨткен айда177344
mod_vvisit_counterБарлығы4169963

ban kaz

Жаңалықтарға жазылу

Сайт бойынша iздестiру

prezident
 
 
 
resizei
kyzmet
 

 

 

 

 

 

 

kabildau

   

Негізгі бет Ақпарат Жаңалықтар мұрағаты
На главной
«БЕРЕКЕ» ЖАЗҒЫ ЛАГЕРІНДЕ БАЛАЛАРДЫ СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ОҚЫТУ PDF Басып шығару E-mail

15.08.2018

«БЕРЕКЕ» ЖАЗҒЫ ЛАГЕРІНДЕ БАЛАЛАРДЫ СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ОҚЫТУ«БЕРЕКЕ» ЖАЗҒЫ ЛАГЕРІНДЕ БАЛАЛАРДЫ СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ОҚЫТУ» Все фото

«Жазғы демалыс орындарындағы қауіпсіздік» акциясы аясында «Береке» қала сырты лагерінде Ақтөбе қаласының ТЖ басқармасы, Жедел-құтқару жасағы қызметкерлерімен және «Қызыл ай» қоғамы өкілдерімен бірлесе отырып 2018 жылғы 13 тамызында қала сырты лагерінің демалушыларымен кездесу ұйымдастырды.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – балалардың судағы қауіпсіздік туралы білімдерін жетілдіру, төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіпті жағдайға тап болғанда дұрыс әрекет етуге және басқаларға көмек көрсетуге үйрету болып табылады.
Кездесу барысында қызметкерлер өз қызметінің ерекшеліктері жайлы айтып берді. Балаларға сүңгуір жабдықтарын көрсетіп, қандай жағдайға арналған және қолдану тәсілдерімен егжей – тегжейлі таныстырды. Акваланг құралыбалалардың ерекше назарына түсті. Оқушылар өздері қалаған жабдықтармен жақынырақ танысып, қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Сонымен қатар, «Қызыл ай» қоғамының өкілі балаларға алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді, сонымен бірге жасанды тынысты қалай дұрыс жасау керектігін түсіндіріп көрсетті. Лагерь бассейнде суға батып кеткен кездегі алғашқы көмек көрсетуді көрсетіп, балалар қызыға барлық қимылдарды қайталап жасап көрді.
Соңында балаларға қауіпсіздік ережелері туралы парақшалар мен жаднамалар таратылды.

Ақтөбе қ. ТЖБ

 
Аудандық ӨСБ жеке құрамымен психологиялық дайындық жұмыстарын жүргізу PDF Басып шығару E-mail

15.08.2018

Аудандық ӨСБ жеке құрамымен психологиялық дайындық жұмыстарын жүргізуАудандық ӨСБ жеке құрамымен психологиялық дайындық жұмыстарын жүргізу Все фото

Жеке құрам арасында күйзеліске тұрақтылығын дамыту және ұжымда жағымды моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған тренингтер жүргізу, қызметкерлердің қызметтің ұйымдастырылу деңгейіне қанағаттану дәрежесін және ұжымдағы моралдық-психологиялық климатты және жеке құрамның психоэмоционалдық күйін бағалау мақсатында 2018 жылғы 06-10 тамыз аралығында Байғанин ауданындағы №8 ӨСБ, Темір аудандық №13 ӨСБ, Темір қаласындағы өрт сөндіру постысы, Мұғалжар аудандық №12 ӨСБ және Ембі қаласындағы өрт сөндіру постысы жеке құрамына психологиялық дайындық сабақтары жүргізілді.
Сабақ барысында қызметкерлер арасында заң бұзушылықтың алдын алу және қызметтік-әскери тәртіпті сақтау, психобелсенді заттарды қолданудың алдын алу және күрделі өмірлік қиындықтар кезінде күйзелістік күйден шығудың амалдары мен экстремалды жағдайларда өзін-өзі басқара білу амалдарымен таныстыру бойынша дәрістер жүргізілді. Дәріс соңынан жеке құрам арасында ұжымдық ынтымақтастықты, командалық рухты қалыптастыруға және қызметкерлер арасында өзара сенімділікті дамытуға, күйзелістік жағдайларда қызметкердің психологиялық тұрақтылығын, өзін өзі басқара білу дағдысы мен төтенше жағдайларда өзіне сенімділігін және жағымды ұстанымын дамытуға бағытталған психологиялық тренингтер өткізілді.
Тренинг өзара тату атмосферада өтті, қызметкерлер ұсынылған барлық күрделі тапсырмаларды орындаудың түрлі шарттарын ақылдаса отырып, түрлі ұсыныстар мен жолдарын айтып, ортақ шешім қабылдай отырып, белсенді түрде орындады.Ойындар барысында қызметкерлер жағымды эмоциялар ала білді.
Сонымен қатар, қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларымен танысу, отбасындағы психологиялық ахуалды және отбасы мүшелерінің қызметкердің қызметіне деген қатынасын бағалау мақсатында жас мамандардың үйлеріне барылды. Жас мамандардың жанұя мүшелері қызметкерлердің жұмысына қоятын талабы мен арыз шағымдары жоқ екендігін, олардың қызметтеріне көңілдері толатындығын жеткізе отырып, осындай шаралардың жүргізілгеніне алғыстарын білдірді.

Ақтөбе облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ
КЖБ бас маман-психологы
азаматтық қорғау майоры Е. Абдигапбаров

 
Курсы PDF Басып шығару E-mail

15.08.2018

курсы 
повышения квалификацииАқтөбе облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Өңірлік оқыту орталығында МӨСБ (ӨСБ) бастықтарының орынбасарлары біліктікті арттыру курсынан өтті
повышения квалификации заместителей начальников СПЧ (ПЧ) Все фото

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының 2017 жылғы 30 желтоқсандағы №254 бұйрығымен бекітілген ҚР ІІМ ТЖК қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру және қайта даярлау курстарының 2018 жылға арналған жоспар-кестесіне сәйкес, Ақтөбе облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Өңірлік оқыту орталығында 2018 жылғы 30 маусым мен 10 тамыз аралығында Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қызылорда, Батыс-Қазақстан және Ақтөбе облыстары ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдері (өрт сөндіру бөлімдері) бастықтары орынбасарларының біліктілікті арттыру курстары өтті.
Сабақ өткізугеӨңірлік оқу орталығыныңоқытушылар құрамынан басқа заң тобының кеңесшісіУ.Б.Дюсенова қатысты.
Тындаушылар түрлі объектілердегіорын алған өрттерді сөндіруді ұйымдастыру мәселелері бойынша теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіре отырып, өртке қарсы қызметтің күштері мен құралдарын оңтайлы және тиімді пайдалану нысандарымен және әдістерімен;өрт сөндіру және авариялық-құтқару жабдықтарыныңтактикалық-техникалық сипаттамасы және пайдалану тәртібімен танысты.
Оқу барысында тыңдаушыларменжылу-түтін камерасында практикалық сабақтар, оқу-жаттығу мұнарасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жаттығулар өткізілді.
Сонымен қатар сабақтан тыс уақытта тыңдаушыларға экскурсия ұйымдастырылып,Ақтөбе қаласының көрнекті орындары менмұражайларыкөрсетілді.
Оқу аяқталғаннан соңтындаушыларға біліктілікті арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар табысталды.

Ақтөбе облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ
Өңірлік оқыту орталығы

 
Сақтық – судағы қауіпсіздік кепілі PDF Басып шығару E-mail

13.08.2018

Осторожность — залог безопасности на воде
Сақтық – судағы қауіпсіздік кепілі

Судағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Шалқар ауданы төтенше жағдайлар бөлімі мен №17 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Шалқар ауданы «Жастар ресурстық орталығы» құрған еріктілер тобымен бірселе отырып рейд шараларын өткізді.
Рейдтер барысында тұрғындарға жаднамалар таратылып, демалушыларды өздерінің өмірлерін сақтауға, сақ болуға шақыратын профилактикалық әңгімелесулер ұйымдастырылды.
Негізінен көп жағдайда судағы қайғылы жағдайлар азаматтардың өз кінәларынан болып жатады, олар - өзіне деген асқан сенімділік, өздерінің күшлері мен мүмкіндіктерін жоғары бағалау, судағы қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтамау.
Осы орайда, азаматтардың назарын алғашқы қауіпсіздік шараларына аударғысыз келеді:
• алкогольдік мас күйде суға түсуге;
• қайықтардан, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан су секіруге;
• тексерілмеген немесе жарақтандырылмаған жерлерде суға сүңгуге;
• жүзуге арналмаған құралдармен жүзуге;
• қоршаудан әрі асуға немесе судың екінші бетіне шығуға тырысуға;
• рұқсат етілмеген жерлерде суға түсуге;
• балаларды қараусыз қалдыруға;
• балалардың суға үлкендерсіз кіруіне болмайды.
Суға түсер алдында міндетті түрде орынды қарап алыңыз: таңдалған орынның құмды жағалауы болуы керек және суға түсу үшін ыңғайлы болуы керек. Сіз таңдаған орында су тұйықтары болмауына және судың тереңдігіне қарай шұңқырлар мен еңістердің болмауына мән беріңіз.
Ұзақ уақыт суға шомылу да денсаулық үшін қауіпті екенін атап өту қажет, суға түсу ұзақтығына ауа темпиратурасы, су және жел де әсер етеді.

Көбірек ақпарат...
 
ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ХАЛЫҚПЕН СӨЙЛЕСУ PDF Басып шығару E-mail

10.08.2018

БЕСЕДА С НАРОДОМ В ПРЯМОМ ЭФИРЕТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ХАЛЫҚПЕН СӨЙЛЕСУ

2018 жылғы 08 тамызда облыстық «Aqtobe» тереарнасының тікелей эфирде өтетін «Рейтинг» бағдарламасының қонағы болып Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Бауыржан Мәдіұлы Сыздықов қатысты.
Бағдарлама барысында су объектілеріндегі және орман мен дала аймақтарындағы өрт қауіпсіздігі сияқты маңызды сұрақтар, сонымен бірге тағы бір өте маңызды сұрақ тұрғын секторлары мен автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау бойынша әңгіме қозғалды.
Бауыржан Мәдіұлы 2018 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша есептік мәліметтерді жеткізді, оған сәйкес зардап шеккендар саны 116 болса, оның ішінде қайтыс болғандар саны – 75. Авариялық-құтқару жұмыстарына 1329 шығулар жүргізілді, 460-тан астам адамдар құтқарылды және 500-ден астам адамдар қауіпсіз аймаққа көшірілді, 79 зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Сонымен бірге, 2017 жылғы құтқару жұмыстары барысында 770 адам құтқарылып, 3700-ден астам адамдар қауіпсіз аймаққа көшірілгені туралы айтты.
Бұдан бөлек, қысқы және өрт қауіпті кезеңдердегі төтенше жағдайлардың алдын алу, сонымен бірге төтенше жағдайларды жоюға арналған күш пен құрылымдар жағдайы мен материалдық-техникалық қамтамасыздандырылу бойынша ақпараттар жеткізді. Барлық тереарна көрермендерін өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігін сақтауға және судағы іс-әрекет қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырды.
Ал, өрт сөндіруші және құтқарушы болуды армандағандар үшін Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау органдары үшін кәсіби кадрлар дайындайтын жалғыз институт – ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына түсуге кеңес берді.
Сонымен қатар, тікелей телефон желісі мен «WhatsApp Web» әлеуметтік желісі арқылы тұрғындар сауалдарын жолдап басшылық тарапынан нақты жауаптар берілді.

Көбірек ақпарат...
 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > соңғы >>

1 -парақ, барлығы 296