Бас мәзір

Жедел жағдай

2018
Желтоқсан
MoTuWeThFrSaSu
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31      

 

Департаменттің сенім

телефоны

8(7132) 54-50-25

Өзіндік қауіпсіздік

тобының сенім телефоны

8(7132) 55-00-30

БІРЫҢҒАЙ

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
1402

Интерактивті сұрақ

Сіз біздің ұйым жұмысының нәтижелерін қалай бағалайсыз?
 

Авторизациялау



Есептегіш

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1372
mod_vvisit_counterКеше3495
mod_vvisit_counterБір аптада8285
mod_vvisit_counterБір айда38903
mod_vvisit_counterӨткен айда141339
mod_vvisit_counterБарлығы4718093

ban kaz

Жаңалықтарға жазылу

Сайт бойынша iздестiру

prezident
 
 
 
resizei
kyzmet
 

 

 

 

 

 

 

kabildau

   

Негізгі бет
Бала біздің болашағымыз! PDF Басып шығару E-mail
ДЧС - На главной
Автор: dchs_aktobe   
04.06.2018

04.06.2018

Дети – наше будущее!Бала біздің болашағымыз!

Балалар... Осы сөзге біз барымызды саламыз. Балалар біздің тірегіміз, біздің болашағымыз. Олар біздің өміріміздің ең басты, ең маңызды жетістігі. Әрбір бала, кішісі де, үлкені де ата-аналары мен жақындары үшін өте қымбат.
1 маусымда біз Дүниежүзілік балалар күнін атап өтеміз. Бұл күні бар назарымыз үлкен елдің кішкентай азаматтарына бөлінеді. Бұл күні ешқандай бала жалғыз болмауы керек.
Осылайша, кадр жұмысы бөлімі мен психологтардың ұйымдастыруымен, Балалар күніне орай, Ақтөбе облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ қызметкерлерінің балаларына арналған мерекелік шара өтті. Мерекелік бағдарламаның негізгі бөлігі отбасылық қарым-қатынасты нығайтуға, отбасылық шығармашылықты дамытуға, тәлім тәрбиені нығайтуға, қызметкерлердің өз балаларының ішкі әлеміне қызығушылығын арттыруға бағытталған «Біз біргеміз!» атты тренинг болды.
Бүлдіршіндермен көңілді, қызықты ойындар, би флэш-мобы өткізілді. «Анам, әкем, мен!» суреттер конкурсы қызықты болды. Балалар өз суреттерінде өздерінің отбасыларын, және олардың не туралы армандайтынын өз қиялында елестетіп, суретке түсірді.
Мерекелік шара барысында балақайларға ұйымдастырушылар ойын түрінде өрт қауіпсіздігі туралы да еске сала кетті. Неліктен балаларға сіріңкемен, оттықтармен ойнауға болмайды? Ал егер өрт бола қалған жағдайда қандай іс әрекеттерді істеу керек: қандай нөмірге хабарласу, қандай жағдайда өзің сөндіруге тырысу керек?
Балаларды қорғау күні шомылу маусымының басталуымен тұспа тұс келеді, сондықтан балақайлар суда жүзу ережелерін: ересектерсіз суға жақындамауды, тек қана жағалауға баруды, алысқа жүзбеуді, жүзу алдында төменгі жақты барлық талаптарға сай келуін тексеріп, қауіпсіздік талаптары сақталған жерлерде жүзу керектігін тыңдап, еске сақтады.
Әр бала өз бетінше жеке бір адам, бірақ мерекелік шара барысында психологтар әр баланың көңілін тауып, олардың ойынға толықтай қатысыуын қадағалап отырды. Меркелік шара соңында балақайларға тәтті сыйлықтар мен естелік сыйлықтар таратылды.Ұйымдастырушылар да ата-аналар да, көптеген жағымды эмоцияларға байып, барлығы жадыраңқы көңіл күйде болды.
Балалар – біздің болашағымыз екенін, гүлденіп келе жатқан еліміздің болашақ иелері екенін ұмытпайық. Оларды қанатымыздың астына алып, бар жақсыны беруге тырысайық.

LAST_UPDATED2
Көбірек ақпарат...
 
Балақайларды қуантты PDF Басып шығару E-mail
ДЧС - На главной
Автор: dchs_aktobe   
04.06.2018

04.06.2018

Порадовали детворуБалақайларды қуантты

Темір ауданының ТЖБ мен 13-ӨСБ қызметшілері Балаларды қорғау күніне орай қызметкерлердің балаларына арнап ойын-сауықтық шара ұйымдастырды. 4-9 жастағы балақайлар өздеріне арналған салтанатты құттықтаудан кейін зор қуанышпен «Асфалтьттағы суреттер» конкурсына қатысты. Және балалардың шығармашылық сайысына қатысушылардың барлығы алғыс хаттар мен фломастер, бояу, балалар конструкторы сынды сыйлықтар алды.
Шомылу маусымының басталуына байланысты өрт сөндірушілер балаларды шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен және жүзу құралдарымен таныстырды.

LAST_UPDATED2
Көбірек ақпарат...