Бас мәзір

Жедел жағдай

2018
Қараша
MoTuWeThFrSaSu
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930  

 

Департаменттің сенім

телефоны

8(7132) 54-50-25

Өзіндік қауіпсіздік

тобының сенім телефоны

8(7132) 55-00-30

БІРЫҢҒАЙ

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
1402

Интерактивті сұрақ

Сіз біздің ұйым жұмысының нәтижелерін қалай бағалайсыз?
 

Авторизациялау



Есептегіш

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін958
mod_vvisit_counterКеше4253
mod_vvisit_counterБір аптада18217
mod_vvisit_counterБір айда71015
mod_vvisit_counterӨткен айда141948
mod_vvisit_counterБарлығы4608866

ban kaz

Жаңалықтарға жазылу

Сайт бойынша iздестiру

prezident
 
 
 
resizei
kyzmet
 

 

 

 

 

 

 

kabildau

   

Негізгі бет
Астананың 20-жылдығына арналған салтанатты жиын PDF Басып шығару E-mail
ДЧС - На главной
Автор: dchs_aktobe   
09.07.2018

09.07.2018

Торжественное собрание в честь 20-летия СтолициАстананың 20-жылдығына арналған салтанатты жиын

2018 жылғы 5 шілдеде Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан Республикасы Астанасының 20-жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.
Департамент бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Бауыржан Мәдіұлы Сыздықов жеке құрамды мерекемен құттықтап, Астана күні – қазақстан халқының жетістіктерін бейнелейтін қазақстандықтар үшін тарихи-мәдени маңызы зор мемлекеттік мейрам екенін, сондай-ақ жылдан жылға біздің еліміз даму барысында үлкен жетістіктерге жетіп келе жатқанын атап өтті.
Әрі қарай жиынға қатысушыларды Ақтөбе облысы азаматтық қорғау Ардагерлері кеңесінің төрағасы Бегіндік Таскентұлы Айтқұлов құттықтады.
Салтанатты жиналыс барысында Б. Сыздықов ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Е.С.Утегеновке «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» және «ЖҚЖ» ММ бас құтқарушысы С.Е.Бердіғалиевке II дәрежелі «Құтқарушы» ведомстволық медальдарын табыстады, қызметте айрықша көзге түскен Департамент қызметкерлерін Ішкі істер министрінің, ТЖК төрағасының және Департамент бастығының атынан алғыс хаттармен марапаттады.
Салтанатты жиналыс шеңберінде Астананың 20-жылдығына арналған деректі фильм көрсетілді.
Салтанатты жиын Департамент қызметкерлерінің қатысуымен ұйымдастырылған көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлаған концерттік бағдарламамен жалғасты. Мерекенің керемет шырайын ҚР ІІМ ТЖК КТИ курсанттары ұйымдастарған ән келтірді.

LAST_UPDATED2
Көбірек ақпарат...
 
Шомылу кезінде абай болыңыздар! PDF Басып шығару E-mail
ДЧС - На главной
Автор: dchs_aktobe   
09.07.2018

09.07.2018

Купайтесь осторожно !Шомылу кезінде абай болыңыздар!

Жаздың аптап ыстық күндері ересектер де, балалар да суда көбірек уақыт өткізеді. Егер шомылуға арналған арнайы жасақталған орындарды таңдаса жақсы. Ал ашық, терең су қоймалар, қатты ағысты өзендер демалушылар үшін үлкен қауіп төндіреді. Мұндай кезде балалар тағатсызданып, қауіп туралы ойланбастан, көбіне ересектердің бақылауынсыз суға түседі.
Осыған орай суда шомылу кезінде қайғылы оқиғаларға жол бермеу мақсатында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар алдын алу жұмыстары мен шомылу орындарында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың неге алып келетіндігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Өзендердің жағалауындағы демалушылармен, сонымен қатар, судағы әрбір минуттың қайғы алып келуі мүмкіндігі, сондықтан да ең бірінші қауіпсіздік шаралары туралы ұмытпау керек екеніндігі туралы әнгімелесу барысында әрдайым ескертуде. Шара барысында барлығы 300 адам, соның ішінде 100 бала қамтылды.
Түсіндірме жұмыстары және алдын алу шаралары шомылу маусымы аяқталғанға дейін жүргізілетін болады.

LAST_UPDATED2
Көбірек ақпарат...
 
Астана! Жастар! Болашақ! PDF Басып шығару E-mail
ДЧС - На главной
Автор: dchs_aktobe   
09.07.2018

05.07.2018

Астана! Жастар! Болашақ!Астана! Жастар! Болашақ!

2018 жылғы 3 және 4 шілде аралығында Ақтөбе облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Астана! Жастар! Болашақ!» Халықаралық жастар білім форумы өтті. «ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысының ТЖД Жедел-құтқару жасағының» құтқарушысы Әлішер Құтыбаев осы форумға қатысты. Форум барысында Ресей Федерациясы мен біздің облыс өкілдері үш бағыт бойынша тренингтерге қатысты:
1. «Қоғам мен саясат. Дамудың демократиялық принциптері»
2. «Менің жеңісім – менің елімнің жеңісі»
3. «Бизнесті нөлден бастау».
Екінші күнде қатысушылар үшін «Менің Астанам» спорттық-квесті ұйымдастырылды. Ресей Федерациясынан келген қонақтарға арнап қаланы аралау ұйымдастырылды.
Форум соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

LAST_UPDATED2
Көбірек ақпарат...
 
Ақтөбе облысының ТЖД басшылығы жұмыс сапарымен Мұғалжар және Алға аудандарында болды PDF Басып шығару E-mail
ДЧС - На главной
Автор: dchs_aktobe   
09.07.2018

05.07.2018

Рабочий визит руководства в Мугалжарский и Алгинский районыАқтөбе облысының ТЖД басшылығы жұмыс сапарымен
Мұғалжар және Алға аудандарында болды

Ағымдағы жылдың 20-21 маусымында Ақтөбе облысының ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Е. Өтегенов, Департаменттің «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі А. Кадыров, Департаменттің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Ш. Сартов, Департаменттің кадр жұмысы бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау майоры А. Күндолова және Департаменттің «ӨС және АҚЖҚ» ММ кадр жұмысы бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау капитаны А.Жақсылық Байғанин және Темір аудандарында іссапарда болды. Іссапардың басты мақсаты – бөлімшелердің өрт қауіпті кезеңге дайындығын тексеру және тәрбиелік іс-шаралар өткізу.
Азаматтық қорғау полковнигі Е. Утегенов Мұғалжар ауданы, Ембі қаласының әкімімен кездесу барысында ерікті өрт сөндіру құрамаларының дайындығына кезектен тыс тексеру жасап, өз бағасын берді. Сонымен қатар Ембі қаласы маңындағы Жем өзенінің жағалауында орналасқан коммуналдық жағажайдың жай-күйін тексерді.
Ембі қаласындағы өрт сөндіру постының жеке құрамымен тәртіп сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша заңдылықтарды орындау барысында сұхбат жүргізді. Лаңкестік ұйымдар мен дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегіне еруден сақтау мақсатында, жеке құрамға «Адсана» кинотеатрында «Қара жол» атты фильм көрсетілді. Сонымен қатар зейнеткер Д.М.Әбішевпен кездесу ұйымдастырылып, онда зейнеткер өз өмірі мен қызмет жолы туралы баяндап, жас мамандарға ақыл-кеңестерін айтты.
Күннің екінші жартысында жұмыс тобы Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласында болды. Іссапар шеңберінде гарнизонның жауынгерлік дайындығы қаралып, материалдық-техникалық жарақтандырылуы, тұрмыстық жағдайлары таныстырылды. Аудан әкімі Е.Данагуловпен кездесу ұйымдастырылып, онда өрт қауіпті кезеңге дайындық, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру посттарын ұйымдастыру, ерікті өрт сөндіру құрамаларының дайындығы, сонымен қатар ТЖБ мен ӨСБ материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың көрсететін көмектері туралы мәселелер талқыланды.
Сонан соң гарнизонның жеке құрамымен тәртіп мәселесі бойынша жиналыс өткізіліп, жемқорлықтың алдын алу бойынша бейнероликтер көрсетілді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: Руханижаңғыру» бағдарламасы аясында әр түрлі тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды: қызметкерлер партиоттық тақырыпта ән салып, ойындар өткізді, өрт қауіпсіздігі тақырыбында викториналар, конкурстар бойынша сынға түсті. Ертеңіне Мұғаллжар ауданының №12 ӨСБ аумағында «Кросфит» спроттық жарысы өтті.
Іссапар жұмысы Алға ауданында жалғасын тауып, онда аудан әкімінің орынбасары С.Бисеновпен өрт қауіпті кезеңге дайындық бойынша кездесу өтті. Тамды ауылдық округінде ерікті өрт сөндіру құрамаларының дайындығын, олардың далалық өрт салдарынан болған төтенше жағдайларды жоюдағы іс-қимылдарын тексеру бойынша арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Алға ауданы әкімінің орынбасары С. Бисенов пен әкім аппаратының ТЖ бойынша бас маманы Н.Құрманалиннің қатысуымен №6 ӨСБ аумағында «психологиялық кедергілер алабының» ашылу салтанаты өтті. Онда кезекші қарауылдың жеке құрамы от пен түтінді нақты қолдана отырып, көрініс көрсетті.
Азаматтық қорғау полковнигі Е.Утегеновтің төрағалығымен гарнизонның жеке құрамымен жиналыс жасалып, оған Алға ауданының дін және қоғаммен байланыс орталығының басшысы Н. Разаков қатысты. Ол өз кезегінде діннің басты бағыттарына тоқталды, сонымен қатар жеке құрамға осы тақырыпта бейнеролик көрсетілді.

LAST_UPDATED2
Көбірек ақпарат...