Бас мәзір

Жедел жағдай

2020
Шілде
MoTuWeThFrSaSu
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  

 

Департаменттің сенім

телефоны

8(7132) 54-50-25

Өзіндік қауіпсіздік

тобының сенім телефоны

8(7132) 55-00-30

БІРЫҢҒАЙ

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
1402

Интерактивті сұрақ

Сіз біздің ұйым жұмысының нәтижелерін қалай бағалайсыз?
 

Авторизациялау



Есептегіш

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін658
mod_vvisit_counterКеше4774
mod_vvisit_counterБір аптада19260
mod_vvisit_counterБір айда49379
mod_vvisit_counterӨткен айда297007
mod_vvisit_counterБарлығы8927503

ban kaz

Телефон доверия

phonedovKZ

Жаңалықтарға жазылу

Сайт бойынша iздестiру

prezident
 Президент Жолдауы
forum
 
 
resizei
kyzmet
 

 

 

 

 

 

 

kabildau

   

airkz

 

Негізгі бет
Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі PDF Басып шығару E-mail
ДЧС - На главной
Автор: dchs_aktobe   
17.09.2019

17.09.2019

Пожарная безопасность в жилом сектореТұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі

Мұғалжар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және №8 өрт сөндіру бөлімі , сондай-ақ Ембі қаласының №14 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері Қандыағаш, Ембі қалаларының тұрғын үй секторлары тұрғындарымен тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы нұсқаулық пен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі шаралары туралы жадынамалар таратты.
Осындай профилактикалық іс-шараларды өткізудегі негізгі міндет әрбір тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өз қауіпсіздігіне немқұрайлы қарау салдарының алдын алу болып табылады.
Өткізілген әңгіме барысында пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға ерекше көңіл бөлінді.
Тұрғын үй секторының тұрғындарына: егер тұрғын үйде пеш жағатын болса, онда жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға немесе кәмелетке толмағандарға қарауға тапсыруға қатаң тыйым салынатындығы, отын немесе басқа да жанғыш, қағаз сияқты тез тұтанатын заттарды пештің жанында қалдыруға қалдыруға болмайтындығы, пештерді жағу үшін бензинді, керосинді және отынның өзге де түрлерін және тез тұтанатын заттарды пайдалануға қатаң тыйым салынатындығы, сондай-ақ пештерде заттарды кептіруге тыйым салынатындығы ескертілді. Пешпен жылытылатын үйлердің иелері жиһазды ыстық пештерден алыс қашықтықта болуын қадағалауы қажет: бұл қашықтық кемінде бір жарым метр болуы тиіс.

LAST_UPDATED2
Көбірек ақпарат...
 
Өрт сөндіру қызметкерлері арасындағы сайыстар PDF Басып шығару E-mail
ДЧС - На главной
Автор: dchs_aktobe   
17.09.2019

17.09.2019

Конкурсы среди сотрудников Службы пожаротушенияӨрт сөндіру қызметкерлері арасындағы сайыстар

Өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамының жауынгерлік дайындығы мен кәсіби шеберлігін және өрт сөндірушілердің практикалық дағдыларын арттыру мақсатында Ақтөбе қаласының №2 МӨСБ, Ақтөбе қаласындағы Көкшетау техникалық институтының оқыту орталығы және № 30 мектеп аумағында «Үздік өрт сөндіруші» және «Үздік бөлімше командирі», «Үздік газ түтінінен қорғау қызметінің буыны», «Үздік газ түтінінен қорғаушы», «Үздік қауіпсіздік бекетінің күзетшісі» байқаулары өтті.
Үздік өрт сөндіруші мен бөлім командирін анықтау конкурсы екі кезеңде өтті. Іс-шара бағдарламасы өрт-құтқару және дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсырудан құралды.
Бірінші кезеңде өрт сөндірушілер шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 4-ші қабатына көтерілді, белгіленген уақыт ішінде өрт сөндірушінің жауынгерлік киімдері мен жабдықтары бойынша киюден сынға түсті, құтқарушыға байлай отырып қос құтқару ілмегін тоқудан жарысты.
Екінші кезеңде турникке тартылып, 100м және 1000м қашықтықты бағындырды.
«Үздік өрт сөндіруші» байқауының жеңімпазы болып Байғанин ауданындағы №11-ӨСБ өрт сөндірушісі Т. Кесіков танылды. 2-ші орынды Хромтау ауданындағы №20-ӨСБ өрт сөндірушісі С. Муратов, 3-ші орынды Ақтөбе қ. №2 МӨСБ өрт сөндірушісі Д. Савбетов иеленді.
2-МӨСБ бөлімше командирі Қ. Досказин "Үздік бөлімше командирі" байқауының жеңімпазы болды. 2-ші орынды 5-ӨСБ бөлімше командирі Е.Айткулов, 3-ші орынды Мұғалжар ауданындағы 8-ӨСБ бөлімше командирі С.Өтеміс иеленді.
«Үздік газ түтінінен қорғау қызметінің буыны» сайысына Ақтөбе облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ өрт сөндіру бөлімдерінен 16 команда, 64 газтүтінінен қорғаушы қатысты.
Сайыстың нәтижесі бойынша жалпы командалық 1-ші орынды Ақтөбе облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Хромтау ауданындағы №20 ӨСБ, 2-ші орынды Ақтөбе қаласы №3 ӨСБ, 3-ші орынды Мұғалжар ауданындағы №8 ӨСБ иеленді.
Сонымен қатар «Үздік қауіпсіздік бекетінің күзетшісі» болып Ақтөбе қаласы №2 МӨСБ өрт сөндірушісі азаматтық қорғау кіші сержанты Н.Табай және Үздік газ түтінінен қорғаушы болып №3 ӨСБ өрт сөндірушісі азаматтық қорғау кіші сержанты Б.Өтеген анықталды.

LAST_UPDATED2
Көбірек ақпарат...
 
Ірі жем-шөптерді жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі! PDF Басып шығару E-mail
ДЧС - На главной
Автор: dchs_aktobe   
17.09.2019

17.09.2019

Пожарная безопасность при заготовке грубых кормовІрі жем-шөптерді жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі!

Ойыл ауданы аумағында астық жинау және ірі жем-шөптерді жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Жұмыстарды жүргізу кезеңіндегі ыстық, құрғақ және желді ауа-райы, ауылшаруашылық техника санының, жанар-жағармайдың көптігі өрт қауіпті жағдайды тудырады. Ірі жем-шөп дайындау кезеңінде, барлық жасалған еңбекті от бір мезетте жоюы әбден мүмкін.
Өрт жем-шөп жинау техникаларына, тракторларға, автокөліктерге және өздігінен жүретін шассиларға отын құюға белгіленген ережелерді бұзушылықтан шығуы мүмкін. Төгілген май, бензин, керосин және басқа да тез тұтанатын жанғыш сұйықтықтар аса қауіп төндіреді. Оталдыру жүйесіндегі ұшқын, оларда ұшқынды сөндіргіштердің жарамсыз жағдайда болуы, агрегаттар торабында жиналған сабандардың үйкелісі далалықтағы және жем-шөп сақтау орындарындағы өрттерге себеп болуы ықтимал.
Осыған байланысты Ойыл ауданының ТЖ бөлімі аудандық №18 ӨСБ бірлесіп ауыл шаруашылық ұйымдары және шаруа қожалықтарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, рейдтер ұйымдастыруда. Атап айтсақ, 2019 жылдың өрт қауіпті кезеңі басталысымен 179 түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 1726 тұрғын қамтылды. Түсіндірме жұмыстары барысында жұмылдырылатын техникаларды, жарақты өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуіне, тракторлар мен көліктердің ұшқын сөндіргіштермен және өрт сөндіргіштермен жабдықталуына баса назар аударылды.
Сонымен қатар, Ойыл ауданы орталығында апта сайын өтетін ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде ірi жем-шөптерді тасымалдайтын көлiк жүргізушілеріменде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 84 көлік жүргізушісіне ескертпе парақшалары таратылды.
Жоғарыда аталған жұмыстар өрт қауіпті кезеңі соңына дейін жалғасын табатын болады.

LAST_UPDATED2
Көбірек ақпарат...
 
Қызметкерлерді марапаттау PDF Басып шығару E-mail
ДЧС - На главной
Автор: dchs_aktobe   
17.09.2019

17.09.2019

Награждение сотрудниковҚызметкерлерді марапаттау

2019 жылғы 09 қыркүйек күні «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында Ойыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен, «Нұр Отан» партиясының Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы А.Мусиннің және Ойыл гарнизоны жеке құрамының қатысуымен салтанатты жиын өткізілді.
Шара барысында гарнизон қызметкерлерінің арасында бөлімнің имиджін және жауынгерлік рухын көтеру мақсатында Ойыл ауданының №18 өрт сөндіру постының қызметкерлеріне, атап айтқанда азаматтық қорғау старшинасы А.Иманғалиев, азаматтық қорғау аға сержанты Б.Базаровқа, азаматтық қорғау сержанты М.Нугмановка, азаматтық қорғау кіші сержанты А.Кенебаевқа «Мінсіз қызметі үшін 15 жыл» медальдары және азаматтық қорғау аға сержанты Т.Жүсібалиевке «Мінсіз қызметі үшін 10 жыл» медальін Төтенше жағдайлар бөлімі бастығы азаматтық қорғау майоры Т.Бактигереев ресми түрде табыстады.
«Нұр Отан» партиясының Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары міндетін атқарушы А.Мусин өз сөзінде барлық қызметкерлерге алғысын білдіріп, алдағы қызметте сәттілік және халықтың игілігіне мінсіз қызмет етуді тіледі.

LAST_UPDATED2
Көбірек ақпарат...
 
Жолдау аясында! PDF Басып шығару E-mail
ДЧС - На главной
Автор: dchs_aktobe   
17.09.2019

17.09.2019

В рамках Послания!Жолдау аясында!

2019 жылғы қыркүйек айының 10-11 күндері Ойыл ауданы әкімі орынбасарының төрағалығымен, мекеме басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына жолдауын насихаттап, түсіндіріп жеткізу мақсатында Саралжын, Қараой, Сарбие, Қайыңды ауылдық округтерінде тұрғындармен ұйымдастырылған кездесу жиындарына ТЖБ қызметкерлері қатынасып, жылу беру маусымы кезеңінде адамдардың қаза болуы мен жарақаттануына жол бермеу мақсатында және күзгі науқан мал азығын (шөп) дайындау, тасымалдау кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын сақтау жөнінде сөз сөйленіп түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Барлығы 200 адам қамтылып, 3 тақырыпта 600 дана жадынамалар таратылды.

LAST_UPDATED2
Көбірек ақпарат...