Ақтөбе облысында «Шоқыну» кезінде 160-тан астам жедел қызмет қызметкері кезекшілік етеді Басып шығару

17.01.2020

Более 160 сотрудников экстренных служб будут дежурить на «Крещение» в Актюбинской областиАқтөбе облысында «Шоқыну» кезінде 160-тан астам жедел қызмет қызметкері кезекшілік етеді

«Крещение Господне» православиелік мейрамы кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе облысы гарнизонының жеке құрамы ағымдағы жылғы 18 қаңтарда сағат 21:00-ден бастап 20 қаңтарда сағат 9:00-ге дейін қызмет атқарудың күшейтілген түріне ауыстырылды.
Біздің азаматтарымыздың шомылуы қауіпсіз өтуі үшін 2020 жылдың 17 қаңтарында Ақтөбе облысының ТЖД қызметкерлері Әкімдіктердің өкілдерімен бірлесіп, жаппай шомылу орындарын анықтау бойынша рейдтер өткізді. Құтқарушылар мұздың қалыңдығына бақылау өлшеулерін жүргізіп, облыстың барлық су айдындарында мұздың беріктігін тексерді. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылдырылған құтқарушылардың жалпы саны 166 адамды және 46 бірлік техниканы құрайды.
Облыс бойынша мұндай 16 орын бар, оның ішінде 3-і – Ақтөбе қаласының шегінде, олар – «Болашақ», «Көпір астында», «Жағажай» жағажайлары. Барлық орындар Елек өзенінде орналасқан,бұл тұрғындар үшін өте ыңғайлы.
18-20 қаңтар аралығында құтқарушылар, өрт сөндірушілер, медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдары өкілдерінің тұрақты кезекшілігі жүргізіледі, азаматтарды жылыту және қайта киіну пункттері қойылады, аумақты жарықтандыру ұйымдастырылады. Сақтық шаралары күшейтілді.
«Грин Лэнд», «Халва» жеке жағажайларында ойықта ақылы негізде шомылу ұйымдастырылады, онда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жағажайдың құтқарушы-жасақтары мен медицина қызметкерлері тартылады.
Облыс аудандарында шомылуға арналған орындарды жергілікті атқарушы органдар белгілейді және онда құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылады.
Облыстың ТЖД қойылатын бірқатар талаптарды ескеруге шақырады:
- арнайы жабдықталған орындарда ғана шомылу керек;
- суға түсер алдында сақтық шараларын сақтау қажет. Арнайы дайындықсыз және дене шыңдалмай мұз суға түсу әр түрлі аурулардың асқынуына әкелуі мүмкін. Суға сүңгу алдында қысымды өлшеуге кеңес береміз. Жоғары артериялық қысым кезінде қан тамырларының қысылу қаупі артады, сондай-ақ микроинсульт болуы мүмкін, ал егер қысым төмен болса, құрысулар, суда талу қаупі жоғары;
- суға сүңгу алдында спирттік ішімдіктерді қолдануға болмайды, өйткені алкоголь дереу жүрекке артық жүктеме әкеледі;
- денені біртіндеп салқындату керек: алдымен сыртқы киімді, бірнеше минуттан кейін аяқ киімді шешу керек, содан кейін белдікке дейін шешініп, суға бірқалыпты кіру керек.;
- суда екі минуттан артық тұруға болмайды;
- содан кейін сүлгімен сүртіңіз және жылы бөлмеге қарай асығыңыз.
Мұз үстінде сақтық шараларын сақтаңыз. Мұзға үлкен топпен шығу қауіпті, мұздың қалыңдығы әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан мұзда аса сақтықпен болу керек.

Более 160 сотрудников экстренных служб будут дежурить на «Крещение» в Актюбинской областиБолее 160 сотрудников экстренных служб будут дежурить на «Крещение» в Актюбинской областиБолее 160 сотрудников экстренных служб будут дежурить на «Крещение» в Актюбинской областиБолее 160 сотрудников экстренных служб будут дежурить на «Крещение» в Актюбинской областиБолее 160 сотрудников экстренных служб будут дежурить на «Крещение» в Актюбинской области

Ақтөбе облысының ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы