Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы жеке құрам арасында кеңінен талқыланды PDF Басып шығару E-mail

21.01.2020

Среди личного состава было широкое обсуждение послания Президента Республики КазахстанҚазақстан Республикасы Президентінің жолдауы жеке құрам арасында кеңінен талқыланды

2020 жылғы 21 қаңтарда Темір ауданының «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресуге қатысты Темір ауданының ТЖ бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры А. Утегеновтің төрағалығымен бөлімнің және №16 Өрт сөндіру бекетінің қызметкерлерінің қатысуымен жиын өткізілді.
Жиын барысында «Нұр Отан» партиясы Темір филиалы төрағасының бірінші орынбасары А. Нұрғалиевке сөз беріліп, ол өз сөзінде сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғы шарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет екендігін айтты. Жиналыста жолдаудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған мәселелері таныстырылып, талқыланды.
Жиын қорытындысы бойынша бөліммен хаттама толтырылып, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында жеке құрам қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берілді.

 
Жолдастық кездесу PDF Басып шығару E-mail

21.01.2020

Товарищеская встречаЖолдастық кездесу

2020 жылдың 17 қаңтар күні Жеңістің 75 жылдығына орай шайбалы хоккейден Әйтеке би ауданының құрама командасы мен Ақтөбе ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ құрама командасы арасында жолдастық кездесу өтті. Шайбалы хоккей шеберлері айдынға шығып, тартысқа толы дода көрсете білді.
Тартысты ойынның қорытындысы бойынша жеңіске Ақтөбе ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ құрама командасы 8-3 есебімен жеңіске жетті. Ойын соңында аудан әкімінің орынбасары Н.Нажмадинов спортшыларға өз алғысын білдіріп, аудан әкімінің алғыс хатымен және сыйлықтамен марапаттады.

 
«Парамедик» бағдарламасы бойынша оқыту PDF Басып шығару E-mail

21.01.2020

Обучение по программе «Парамедик»«Парамедик» бағдарламасы бойынша оқыту

Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 173 "Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша медициналық білімі жоқ адамды (парамедик) дайындау ережесін бекіту туралы" бұйрығын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ филиалдың 2020 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ҚР ІІМ ТЖК "АМО" Ақтөбе облысы бойынша филиалының қызметкерлері ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ құтқарушыларымен үш күндік оқыту сабақтарын өткізді.
Сабақ барысында 44 құтқарушы қатысты, сонымен қатар барлығында парамедиктердің сертификаттары бар. Сабақ барысында өкізілген тақырыптар: "Клиникалық өлім белгілерін анықтау", "Базалық жүрек-өкпе реанимациясы (ЖӨР)", " Күйік және үсік. Алғашқы медициналық көмек көрсету", "Жарақаттар. Қан кету. Алғашқы медициналық көмек көрсету".
Сабақ алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын бекіту және қолдау мақсатында өткізілді. Құтқарушылар «Максим» манекені арқылы зардап шегушінің санасын бағалау және шұғыл белгілерді анықтау, ЖӨР өткізу техникасы, сынықтар кезінде иммобилизациялық шиналарды салу, қан кетуді тоқтату әдістері бойынша практикалық дағдыларын пысықтады. Оқыту курсын аяқтағаннан кейін өткен тақырыптар бойынша оқытылған қызметкерлерді аттестаттау жүргізілді.
Парамедиктер пысықталған дағдыларды жақсы біліп, көмек көрсету кезінде қауіпсіздік, шұғыл және барынша оң нәтижеге қол жеткізу ережелерін сақтайды.

 
Ақтөбе облысы аумағында «Крещенские купания» мерекесі оқиғасыз өтті PDF Басып шығару E-mail

20.12.2020

Крещенские купания на территории Актюбинской области прошли  без происшествийАқтөбе облысы аумағында «Крещенские купания» мерекесі
оқиғасыз өтті

19 қаңтарға қараған түні православие христиандары үлкен мейрамдардың бірі - Крещение Господне атап өтті. 988 жылы христиан дінінің қабылдануымен Ресейде таралған ежелгі дәстүр бойынша, көптеген сенушілер аязға қарамай, мұзды суға шомылды.
Ақтөбе қаласында Илек өзенінің жағасынын 3 жерінде атап айтқанда: «Болашак», «Под мостом» және «Жағажай» суға шомылу жағажайлар орындары ашылды. Көптеген қала тұрғындары мен қонақтары жағажайларға шомылуға қатысу үшін келді. Ақтөбе қаласының маңында бұл барлық қауіпсіздік талаптарына сай ресми шомылу орындары. Түнде бұл жерлерде Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ өрт сөндіру-құтқарушылары, жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен дәрігерлер кезекшілікте болды. Осындай іс-шаралар Ақтөбе облысының барлық аудан орталықтарында да өтті. Өрт сөндірушілер барлық ресми орындарда таңертеңгілікке дейін кезекшіліктерін атқарды. Жаппай шомылу орындарындағы кезекшіліктің басты мақсаты - әртүрлі төтенше жағдайларға жедел ден қою және күтпеген жағдайлар туындаған кезде дер кезінде және сапалы көмек көрсету. «Крещенские купания» шомылу кезені оқиғасыз өтті.

 
Осылай жұлдыз атанады PDF Басып шығару E-mail

17.01.2020

Осылай жұлдыз атанады

Так становятся звездамиАқтөбелік «Zello Poisk» еріктілер тобының белсенді қызметінің арқасында олардың қызметі туралы ақпарат облыстан тыс жерлерде де танымал болуда.
Осыған байланысты, Ақтөбе қаласына Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешенінен түсірілім тобы келіп, олар еріктілеріміздің жыл бойы ақпараттық саладағы барлық табыстары мен жетістіктерін халыққа жеткізу үшін біздің жас волонтерлік ұйымдарымызбен ынтымақтасуды жалғастыратын болады.
Ақтөбе облысының ТЖД базасында жүрек-өкпе реанимациясы бойынша еріктілерді дайындау, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде жаңа сандық технологияларды пайдалану және құтқару жабдықтарын қолдану арқылы адамдарға көмек көрсету туралы сюжеттер түсірілді, сондай-ақ жеке ізденушілерден жеке өмірі мен волонтерлік стезге айналуы туралы сұхбат алынды.

 
Жаттығуда қиын болғанмен... PDF Басып шығару E-mail

17.01.2020

Тяжело в учении…Жаттығуда қиын болғанмен...

Барлық назарды аударған көзқарас, шебер қимылдар және аздаған қобалжулар Департамент қызметкерлерінің «Қызыл Ай Қоғамы» ҚБ Ақтөбе облыстық филиалының және Ақтөбе облысының еріктілерімен Өзара ынтымақтастық туралы жасаған келісіміне сәйкес бірлесіп өткізілген жүрек-өкпе реанимациясы сабағында көрініс тапты.
Сонымен қатар, 2020 жылғы 15 қаңтарда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде жаңа сандық технологияларды пайдалану және құтқару құрал-жабдықтарының көмегімен адамдарға көмек көрсету сабақтары өткізілді.
Волонтер Екатерина Галотина атап өткендей: «Ерікті – экстремалды мамандық және ең алдымен осы қиын еңбек үшін қолға алған адамның өзінен саналы және жинақылықты талап етеді». Ал Департамент қызметкерлері өз кезегінде қыстың және алдағы су тасқынының қиын жағдайларында өмір сүру дағдыларын үйрету үшін барлығын жасайтын болады.

 
Ақтөбе облысында «Шоқыну» кезінде 160-тан астам жедел қызмет қызметкері кезекшілік етеді PDF Басып шығару E-mail

17.01.2020

Более 160 сотрудников экстренных служб будут дежурить на «Крещение» в Актюбинской областиАқтөбе облысында «Шоқыну» кезінде 160-тан астам жедел қызмет қызметкері кезекшілік етеді

«Крещение Господне» православиелік мейрамы кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе облысы гарнизонының жеке құрамы ағымдағы жылғы 18 қаңтарда сағат 21:00-ден бастап 20 қаңтарда сағат 9:00-ге дейін қызмет атқарудың күшейтілген түріне ауыстырылды.
Біздің азаматтарымыздың шомылуы қауіпсіз өтуі үшін 2020 жылдың 17 қаңтарында Ақтөбе облысының ТЖД қызметкерлері Әкімдіктердің өкілдерімен бірлесіп, жаппай шомылу орындарын анықтау бойынша рейдтер өткізді. Құтқарушылар мұздың қалыңдығына бақылау өлшеулерін жүргізіп, облыстың барлық су айдындарында мұздың беріктігін тексерді. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылдырылған құтқарушылардың жалпы саны 166 адамды және 46 бірлік техниканы құрайды.
Облыс бойынша мұндай 16 орын бар, оның ішінде 3-і – Ақтөбе қаласының шегінде, олар – «Болашақ», «Көпір астында», «Жағажай» жағажайлары. Барлық орындар Елек өзенінде орналасқан,бұл тұрғындар үшін өте ыңғайлы.
18-20 қаңтар аралығында құтқарушылар, өрт сөндірушілер, медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдары өкілдерінің тұрақты кезекшілігі жүргізіледі, азаматтарды жылыту және қайта киіну пункттері қойылады, аумақты жарықтандыру ұйымдастырылады. Сақтық шаралары күшейтілді.
«Грин Лэнд», «Халва» жеке жағажайларында ойықта ақылы негізде шомылу ұйымдастырылады, онда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жағажайдың құтқарушы-жасақтары мен медицина қызметкерлері тартылады.
Облыс аудандарында шомылуға арналған орындарды жергілікті атқарушы органдар белгілейді және онда құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылады.
Облыстың ТЖД қойылатын бірқатар талаптарды ескеруге шақырады:
- арнайы жабдықталған орындарда ғана шомылу керек;
- суға түсер алдында сақтық шараларын сақтау қажет. Арнайы дайындықсыз және дене шыңдалмай мұз суға түсу әр түрлі аурулардың асқынуына әкелуі мүмкін. Суға сүңгу алдында қысымды өлшеуге кеңес береміз. Жоғары артериялық қысым кезінде қан тамырларының қысылу қаупі артады, сондай-ақ микроинсульт болуы мүмкін, ал егер қысым төмен болса, құрысулар, суда талу қаупі жоғары;
- суға сүңгу алдында спирттік ішімдіктерді қолдануға болмайды, өйткені алкоголь дереу жүрекке артық жүктеме әкеледі;
- денені біртіндеп салқындату керек: алдымен сыртқы киімді, бірнеше минуттан кейін аяқ киімді шешу керек, содан кейін белдікке дейін шешініп, суға бірқалыпты кіру керек.;
- суда екі минуттан артық тұруға болмайды;
- содан кейін сүлгімен сүртіңіз және жылы бөлмеге қарай асығыңыз.
Мұз үстінде сақтық шараларын сақтаңыз. Мұзға үлкен топпен шығу қауіпті, мұздың қалыңдығы әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан мұзда аса сақтықпен болу керек.

 
Алға ауданында өрт –тактикалық сабақ өткізілді PDF Басып шығару E-mail

17.01.2020

Пожарно-тактические занятия прошли в Алгинском районеАлға ауданында өрт –тактикалық сабақ өткізілді

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты жұмыстарда практикалық іс-шаралардың көбірек болуы қажет. Бұл орайда өрт-тактикалық сабақ өткізу ұйымдардың қызметкерлеріне де, сонымен қатар, өрт сөндіруші мамандарға да өрт орын алған кезде іс-қимыл жоспарын пысықтауға мүмкіндік береді.
2020 жылғы 15 қаңтарда Ақтөбе облысының ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ Алға ауданы №6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімшесі "Алға аудандық білім бөлімі" ММ "№ 1 Алға мектеп-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде шартты өртті жою бойынша өрт-тактикалық сабақ өткізілді. Оқу-жаттығуға Алға ауданы 6-ӨСБ 3 өрт сөндіру бірлігі мен 13 адам жұмылдырылды. "Өрт" сценарийі бойынша 2 қабатта орналасқан акт залында орын алды. Іс-шара барысында объект қызметкерлерінің балалар мен қызметкерлерді (155 адам) қауіпсіз эвакуациялауды ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттері, өрт сөндіру бөлімшелерін шақыру, өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен шартты өртті сөндіруді ұйымдастыру пысықталды. Іс-шараның қорытындысы 155 адам эвакуацияланды, 1 адам құтқарылды.
Өрт-тактикалық сабақ соңында өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысына және нысанның қызметкерлерінің іс-қимылына баға беріліп, бірлесіп өткізілген іс-шараға қорытынды жасалынды

 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > соңғы >>

1 -парақ, барлығы 271